Жұмыс күніңіз кешкі сағат 6-да бітеді, ал ұйқыға сағат түнгі 12-де жатасыз. Осы 6 сағатты қалай өткізесіз? Ойланып көрдіңіз бе?
Есіңізде болсын! Сіздің кешкі 6 мен түнгі 12 арасында істеген істеріңіз аса маңызды!
Көп адамдар негізгі күш-қуатын күндізгі 8 сағат жұмыс уақытына жұмсайды. Яғни, басты мақсаты қызметінде деген пікірде. Сондықтан болашағын тек бастығы мен жұмыс орнымен байланыстырады. Бірақ, көп адамдардың қызметіндегі жетістіктер тек олардың өздеріне ғана байланысты. Кәсіби біліктілікке адамның өзіне ғана жете алады. Сондықтан өмірде алға жылжи алмай жатсаңыз, оған жұмысыңызды немесе бастығыңызды кінәлаудың қажеті жоқ.
Төмендегі 8 қарапайым ереже сізді алға жетелеуге көмектеседі. Бұл ережені ұсынған жігіттің есімі Алибаба Джек Ма, ол – әлемдегі ең бай қытай жігіті. Джек ма өзінің жетістікке жету жолындағы басты қағидаларымен бөлісті.
1. Күн сайын кешке немен айналысасыз? Бұл өте маңызды.
Мен колледжден «Маркетинг» мамандығын алып шықтым. Бірақ арманым дизайнер болу еді. Өз арманыма қол жеткізу үшін, мен күн-түн демей, жобалау ісіндегі қабілетімді дамыту үшін, қосымша жұмыс алып отырдым. Бұған, әрине, өте көп уақытым кетті. Бірақ кейін бастық болған соң, дизайнмен айналысуды қойып, қайтадан маркетинг саласына келдім.
Күнде кешке балаларым ұйықтаған кезде, мен білім алуға ден қойдым. Бұл менің көп уақытымды алғанымен, қазір соның жемісін көріп отырмын. Егер мен тек жұмыс уақытында ғана өзімді дамытсам, менен керемет директор мен өнім жөніндегі менеджер шықпас еді деп ойлаймын. Сондай-ақ қазіргі сияқты MBA студенттеріне маркетингтен сабақ та бермес едім.
Әрине, кешке ойын ойнап, фильм көрген жақсы. Бірақ мүлдем бас тартатын да істер бар. Мысалы, телехикаяларға телміріп, теледидар алдында бірнеше сағат уақытты өлтіру. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен телефонның өзі де – адам уақытының жаулары.
2. Көбірек кітеп оқи бастаңыз! Көресіз, жақында өзіңіздің өзгере бастағаныңызды байқайсыз!
Менің колледждегі ұстазым Алабама штатында африкандық кедей отбасында дүниеге келген. Ол Вест-Пойнттағы Әскери академияға қабылданып, өз отбасында колледжге түскен алғашқа адам болған. Гарвардта МВА алғанға дейін керемет офицер болған. Менімен кездескен кезде ол Колорадо-Спрингс қаласында табысты еңбек етіп жүрді. Мен одан басты жетістігі не екенін сұрадым. Ол кітап оқудан қол үзбеген өзі үшін ең басты жетістігі екенін айтты. Ол: «Білім – өмірдегі барлық жетістіктің кілті», - деді.
Оқу-ізденіс сізді жетілдіріп, қатарластарыңыздың алды етеді. Көп оқитын адамдар кез келген сала туралы хабардар болады. Сізбен әңгімелесу де қызықты болады. Осыған байланысты Энтони Роббинс былай деген екен: «Егер сіз күніне 1 сағат бір тақырыпқа қатысты білім алсаңыз, онда бір жылдан кейін сіз бұл туралы әлемнің 99,999% тұрғынынан көп білесіз».
Егер сіз күнде кешке кітап оқуға 30 минут қана бөлгеннің өзінде, бір аптада бір кітапты оңай бітіре аласыз. Содан кейін әріптестеріңізге қарағанда көбірек біліп қана қоймай, өз салаңызда сарапшы болып кетуіңіз де әбден мүмкін.
3. Әртүрлі жобаларға қатысыңыз.
Егер өз жұмыс орныңызда бар біліміңізді қолдануға мүмкіндік болмай жатса, онда ол мүмкіндікті өзіңізге өзіңіз тудырыңыз.
Басқа жобаларға қатыса отырып, тәжірибе жинайсыз. Ал кез келген тәжірибенің құны ақшадан қымбат екені сөзсіз.
4. Байланыс орната біліңіз.
Адамдармен қарым-қатынас қызметтің жоғарылауына ықпал етеді. Егер сіздің таныстарыңыз аз болса, сізге оларды табуға біраз уақыт бөлу артық етпейді.
Байланыс беретін мүмкіндіктер:
ақылды адамдармен араласып, олардың пікірін білу.
қажетті ақпарат пен керекті білімді алу.
компанияға тікелей серіктестер мен табыс табуға көмектесу.
Апта сайын сіз жаңа таныстарыңызбен тамақтануға немесе кофе ішуге бару керек. Олардың жетістіктерінің құпиясын біліп, көп нәрсені үйреніп алуға тырысқан жөн. Мүмкін олардың біреуі сізді жақсы қызметке де шақырып қалуы ғажап емес. Сондықтан жаңа таныстық пен достық қарым-қатынас орнатудың артықшылықтары көп.
Сіздің байланыстарыңыз – жұмысыңызға салған ең күшті инвестиция.
Теледидар көруге уақыт тапқан сияқты, қажет адамдармен көйлесуге де уақыт тапқаныңыз абзал!
5. Өмірдегі өзгерістерді бүгіннен бастау керек!
Кешкі сағат 6-дан түнгі 12-ге дейін! Өзіңіз де, миыңыз да шаршап тұрғанына қарамастап, сіз өз қалаған ісіңізбен айналыса аласыз. Сондықтан сіздің қалауыңыз – өмірді өзгертугедеген талпыныс.
Осы істерді бұлжытпай орындап жүрсеңіз, сіздің қызметіңіз де, өміріңіз де басқа арнаға түсетініне кәміл сенемін!
Ал сіз кешкі уақытыңызды қалай өткізесіз? Бізге айтып бере аласыз ба?
Дереккөз: anabol.kz