Қоршған ортамен қарым-қатынаста әрбір адамның қалыптасқан стилі бар. Адам оны өзі байқамауы мүмкін. Ал берілген тест сізге стиліңізді анықтап, өзіңізге тағы бір қадам жасауға көмектеседі. Берілген сұрақтардың үш нұсқалы жауабы бар. Арасынан өзіңізге сай келетінін белгілей отырыңыз. Егер бірде-бір жауап көңіліңізге қонбаса, келесі сұраққа көше берсеңіз болады.
I. Жұмыста біреумен дауласып қалсаңыз, соңынан достасудың амалын іздейтін әдетіңіз бар ма?
1. Әрдайым
2. Кейде
3. Ешқашан
II. Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?
1. Іштей ызаға булығып жүресіз
2. Сыр білдірмей, сабырлық танытасыз
3. Өз өзіңізді ұстай алмайсыз
III. Сіз жайлы әріптестеріңіздің пікірі қандай?
1. Көкірек, күншіл
2. Жылы шырайлы
3. Сабырлы, еркін
IV. Сізге жауапты қызмет ұсынылса, оған қалай қарайсыз?
1. Іштей күмәнмен ұсынысты қабыл аласыз
2. Ойланбастан келісесіз
3. Өз тыныштығыңыз үшін одан бас тартасыз
V. Әріптестеріңіздің бірі сіздің үстеліңізден рұқсатсыз парақ алса...
1. Жазалайсыз
2. Орнына қайтарғызасыз
3. Оған тағы бірдеңе керек пе, жоқ па, соны сұрайсыз
VI. Жұбайыңыз жұмыстан әдеттегі уақыттан кешірек келді. Сіз оны қалай қарсы аласыз?
1. Неліктен сонша кешіктің?
2. Осы уақытқа дейін қайда болдың?
3. Мен уайымдай бастап едім
VII. Көлік жүргізгенде, өзіңізді қалай ұстайсыз?
1. Алдыңызға түсіп кеткен көлікті басып озуға тырысасыз
2. Қаншама көлік алдыңығзға шығып кетті, ал сізге бәрібір
3. Ешкім сізден оза алмастай, бар жылмадықпен жүргізесіз
VIII. Өмірге деген көзқарасыңыз қандай?
1. Бірқалыпты
2. Жеңіл ойлы
3. Қатаң
IX. Бір нәрсе ойыңыздағыдай шықпай жатса, сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
1. Кінәні өзгеге артасыз
2. Көнесіз
3. Бұдан былай алдын алуға тырысасыз
X. Қазіргі жастардың бұзылғандығы туралы сыни мақаланы қалай қабылдайсыз?
1. Жастарға көңіл көтеруде шек қою керек
2. Демалыстарын мәдени ортада өткізуге мүмкіндік жасау керек
3. Оларға бас қатырып қайтеміз?
XI. Егер сіз қалаған қызмет өзгеге бұйырса, өзіңізді қалай сезінесіз?
1. Осыған бола неге жүйкемді жұқарттым?
2. Ол бастыққа жағымдырақ болғаны ғой
3. Мүмкін, келесі жолы жолым болып қалар?!
XII. Қорқынышты фильм көріп жатқанда, қандай сезімдерге бөленесіз?
1. Қорқыныш
2. Жалығу
3. Ләззат аласыз
XIII. Көлік кептелісінің кесірінен маңызды жиналысқа кешігіп келдіңіз...
1. Жиналыс үстінде ызаланып отырасыз
2. Серіктестеріңізді жұмсартуға тырысасыз
3. Қынжыласыз
XIV. Спорт саласындағы жетістіктеріңізге қалай қарайсыз?
1. Міндетті түрде жеңіске жетуге тырысасыз
2. Өзіңізді қайтадан жас сезіну мүмкіндігіне қуанасыз
3. Жеңіліп қалсаңыз, қатты ашуланасыз
XV. Мейрамханада сізге жөнді қызмет көрсетілмесе, қалай әрекет етесіз?
1. Жанжалдан қашып, үндемейсіз
2. Бас даяшыны шақырып, ескерту жасайсыз
3. Мейрамхананың қожайынына шағым түсіресіз
XVI. Балаңызды мектепте ренжітсе...
1. Мұғаліммен сөйлесесіз
2. Өзге ата-аналармен ұрысқа кірісесіз
3. Балаға есесін қайтаруға кеңес бересіз
XVII. Сіз қандай адамсыз?
1. Орташа.
2. Өзіне сенімді, көкіректеу
3. Өжет, жол тапқыш
XVIII. Кіре берісте қарамағыңыздағы қызметкермен соқтығысып қалсаңыз, оған не дейсіз?
1. Кешіріңіз, бұл менен болды
2. Ештеңе етпейді
3. Жан-жағыңызға қарап жүрмейсіз бе?
XIX. Газетте жарық көрген жастардың бұзықтығы жайлы мақаланы көрдіңіз.
1. Осыларды тиятын шаралар қашан қабылданар екен?
2. Қатаң жазаларды енгізу керек еді!
3. Барлық кінәні жастарға артуға болмайты, тәрбиешілер де жауапты
XX. Қандай жануарды ұнатасыз?
1. Жолбарыс
2. Үй мысығы
3. Аю
Нәтижесі:
Кестеге қарап, әр сұраққа берген жауабыңызға ұпай қойып шығыңыз. Жауап бермеген сұрағыңызға 0 ұпайын санаңыз.
Жауап нұсқалары Ұпайлар мен сұрақтар
I II III IV V
1 1 2 3 2 3
2 2 1 2 3 2
3 3 3 1 1 1
Жауап нұсқалары Ұпайлар мен сұрақтар
VI VII VIII IX X
1 2 2 2 3 3
2 3 1 1 2 1
3 1 3 3 1 2
Жауап нұсқалары Ұпайлар мен сұрақтар
XI XII XIII XIV XV
1 1 3 1 2 1
2 2 2 3 3 3
3 3 1 2 1 2
Жауап нұсқалары Ұпайлар мен сұрақтар
XVI XVII XVIII XIX XX
1 1 1 1 2 3
2 2 3 3 1 2
3 3 2 2 3 1
35-44. Шамалы агрессия бар. Аздап атаққұмарлық та бойыңызда кездеседі, сондықтан жетістіктерге жиі қол жеткізесіз. Жұмыс бабымен айтылған орынды сынға оң көзбен қарайсыз.
45 және одан жоғары. Тым агрессияшылсыз және қызбасыз. Өзгелерге жиі қаталдық танытасыз. Өз күшіңізбен басшылық орынға қол жеткізуді көздейсіз. Белгілі бір істе жетістікке жету үшін өзгелермен санаспауға барсыз. «Жоғарыдан» айтылған сынды көтересіз, ал «төменнен» айтылған сынға ашуланасыз. Тіпті оларды жазалауға барсыз.
34 және одан төмен. Тым бейбітшілсіз, сондықтан өзіңізге деген сеніміңіз аздау. Сізге батылырақ болу керек. «Төменнен» келген сынға оң көзбен қарайсыз, ал «жоғарының» сынынан аяқ тартасыз.
Дереккөз: anabol.kz