Адамдармен жұмыс істеу өте қиын. Ересектердің басым бөлігі тәулігіне 8-9 сағат жұмыста өткізеді. Бұл дегеніміз өміріміздің жартысы кеңседе, әріптестердің ортасында өтетінін көрсетеді. Әріптеспен, әсіресе бастықпен арада сыйластық болмаса, оның салдары біздің барлық өмірімізге әсер етеді. Нәтижесінде өзіміз жақсы көрмейтін жұмысқа баруға мәжбүр боламыз.
Үздіксіз бақылау
Қызметкерлеріне жұмыс тапсырып, бірақ оны әр секунд сайын тексере беретін басшылар болады. Әсіресе, айдан анық нәрсені кеңес ретінде айтып, кейде жұмыстың нәтижесіне әсер етпесе де тек белгілі бір жолмен ғана істеу талап етіп жұмысшыларды әбден шаршатады.
Егер жұмысшы қателік жіберсе, ашуланып жұмысты өзі істеуі де мүмкін. Әрине, бұнда тұрған не бар деуіңіз мүмкін. Бірақ, бұл дамуға кедергі келтіреді. Жұмыс беруші жұмысшыға өсіп келе жатқан бала сияқты қарап, қашан қателік жібереді екен деп күтумен жүрсе, уақыт өте бұл бәрін шаршатады. Жұмысшы да тек айтқанды, яғни, белгілі бір мөлшерде әрі көрсетілген нұсқаулықпен жұмыс істейді. Бұл қызметкерді шыңдамайды, ешнәрсеге үйретпейді.
Елес
Бәрін бақылауда ұстайтын бастықтың керісінше түрі. Оның бар-жоғы білінбейді. Команда өз жұмысын бастықсыз да жақсы атқарады. Бұндай бастық әрине ешкімге кедергі келтірмейді, дегенмен көп адам оның неге керек екенін және бастық жалақысын неге алатынын түсінбейді.
Егер міндет пен жалақы жұмысшының қалауына сай болса, бұндай бастықтың ізіне түсу — шектен тыс әділеттікті қалау. Мұндай жағдайда ескеру керек нәрсе бар: жалақыны жұмысшы қалтасынан алмайды. Сол себепті артық уайымдаудың қажеті шамалы.
Эгоист
Не болса да өзінің жағдайын ойлайтын бастықтар да болады. Қызметкерді тұтынатын материал, ал олардың жұмысын жеке бонусқа қол жеткізетін құрал ретінде қарайды. Сол себепті бұндай бастық өзінен жоғары шенділерге қол астындағылар кез келген шаруаны атқарады деп уәде береді. Оны қалай іске асыратынын әдетте ақылдаспайды. Ал бірнәрсе дұрыс болмаса барлық кінә қызметкерлерге тағылады.
Өкінішке қарай, эгоистті жеңу қиын. Егер жұмыс маңызды болса, ең тиімді шешім — қолайлы адам болу.
Супержұлдыз
Бұндай бастық кеңседегі жалқыз жұлдыз өзі екеніне кршіксіз сенеді. Өзгенің жеңісін әдетте қабылдай алмайды. Идея командалық жұмысты сәтті аяқтауға көмектессе де, қиын тапсырмаларды шешсе де, бұл жерде маңыздысы — оның идея авторы болмауы.
Бұндай бастықпен жұмыс істеу үшін қаласаңыз да, қаламасаңыз дажағымпаз болу керек. Одан бөлек, жетістікке жеткен идеялардың авторы болсаңыз да, оны ешқашан айтпауға тура келеді. Өйткені, ол идея сіздікі емес, "бастықтыкі".
Дөрекі
Кейде сөзбен, іспен, кейде өзінің ойындағы "әзілмен" жұмысшыны қорлайтын бастықтар болады. Кез келген қателік үшін түрлі сөз естуіңіз мүмкін. Кейде боғауыз да айтуы мүмкін. Кешірім сұрайды деген үмітті де үзе берсеңіз болады.
Оның мақсаты — жұмысшыны қорлау емес. Ол бар болғаны сөйлеу мәнерінің сол түріне әбден үйреніп қалған. Бірақ бұл оған көз жұму керек дегенді білдірмейді. Әдетте оның қол астында жұмыс істейтіндер шаршап жүреді. Кейбірі психологиялық кедергілерге тап болады. Тіпті, өз-өзіне сенімділіктен айырады.