- Негізгі бет
- Психология
- ... Ғалам қаншалықты...
... Ғалам қаншалықты үлкен
Бұрын адамдардың денесінде, бір-біріне қандай сезім бар екенін және сол қарым-қатынас немен бітетінін анықтап беретін құрал болса деп ойлайтынмын. Біреуді кездестіресің, аяғы немен бітетін білесің, теріс айналып жүре бересің, басың да ауырмайды, жүрегің де…
Бірақ онда өмір қызық емес болатын шығар, иә?
«Санамен ойнау» («Игры разума») фильмінде мынадай диалог бар:
– Филиция, біздің қарым-қатынасымыз қаншалықты ұзаққа барады? Маған қандайда бір дәлел, не анық деректер керек…
– … Кешір, бірақ саған мынаны айтайын. Әрине, әрбір қыз романтикалық қарым-қатынасты қалайды. Бірақ дәлел немесе анық деректер керек дейсің бе… Жарайды… Мынаны айтшы, мына ғалам қаншалықты үлкен?
– Ол шексіз.
– Оны қайдан білесің?
– Барлық деректер соны айтады.
– Бірақ бұл әлі дәлелденбеген ғой?
– Жоқ.
– Өзің де көрген емессің?
– Жоқ.
– Онда неге оған сенімдісің?
– Мен анық сенімді емеспін, жай сенемін…
– Махаббатта да сондай.
Бұл диалогты былай жалғастырар едім, әркім зор бақытқа кенелгісі келеді. Бірақ ешкім де дәл сол адам, оның не бағы, не соры екенін білмейді. Оларды алда не күтіп тұр, бірге қартаю немесе жарты жыл ғана бірлесіп өмір сүру ме… Алайда, «қасқырдан қорқып, орманға бармау» немесе тәуекел етіп бару – әркімнің өз қолында.
@. @assel_assanova