Адам – тіршілік иесі. Оның жануарлардан айырмашылығы ақыл мен есі. Осы екі дүниенің құбылмалы мехнизімі арқылы ол ортасына әсер ете алады. Әсер ету арқылы айналасындағы тіршілік көзіне әмірін де жүргізеді. Дегенмен адамды адам да басқара алады. Сіздерге психологиялық әсер арқылы адамды басқаруға болатын он әдісті ұсынып отырмыз.
1. Сұраңыз
Біреуден бірдеңе талап етіңіз немесе өтініш ретінде сұраңыз. Бұл әдісті кезінде Бенджамин Франклин пайдаланған. Кейіннен «Франклин әсері» деп те аталып кетті. Өз ортасында өзін сыйлы қылуға тырысқан Б.Франклин өзі ұнатпайтын бір досынан қолға түсе бермейін кітабын бере тұруын сұрайды. Ал ол бұл кітапты тауып берген кезде, оған шын жүректен үлкен алғысын жаудырған. Осыдан кейін өзін ұнатпақ түгілі, сөйлескісі келмейтін жағымсыз досы Б.Франклинді жақсы көріп кеткен әрі соңына дейін сыйлап өткен.
2. Жоғарыдан төменге
Өзіңізге керек дүниеден асыра сұраңыз. Кейін төменге түсіңіз. Бұл әдіс арқылы сіз қарсы бағыттағы адамнан бұл дүниенің қолынан келмейтінін анықтап аласыз. Ол іштей сіздің сұрағаныңызды орындай алмайтын деңгейге жеткен кезде барып жеңіл бір өтініш жасай салыңыз. Ол сізге сол сәтте көмекке дайын болады. Себебі қолы жетпейтін дүниені аңсап тұрғаныңызды сезіп тұрып, сіздің қайта сұраған жеңіл ұсынысыңызды міндетті түрде қабыл алады. Бұл әдісті ғалымдардың өзі нәтижелі әдіс деп баға берген.
3. Атын атаңыз
Сізге қажеттілік туындаған жағдайда өзіңізге керек адамды атымен шақырыңыз немесе атағымен атаңыз. Дейл Карнеги өзінің еңбектерінде адамның атын атап шақыру арқылы қарым-қатынасқа түсу, оның өзін керек адамдай сезінуіне жол ашады дейді. Адам өзінің атын естіген кезде сыртқа ортаға маңызды кейіпкер болып көрінгісі келеді. Бұл әдісті қандай жағдай болмасын пайдалануға болады.
4. Жағымпаздық
Алғаш естіген кезде жағымпаздану жаман естілгенімен, мұның да өзі пайдасы бар екенін ұмытпау керек. Дұрыс әрі саналы түрде жағу сізге үлкен пайдасын тигізеді. Ал керісінше бұл жағдай қарсы бағыттағы адамның табиғатына келмесе онда бұл әдісті пайдаланарда ойланыңыз. Өйткені жағымпаздық кейде үлкен қателікке де алып келуі мүмкін.
5. Өзгенің мінезін пайдалану
Екіжүзді болыңыз. Бірақ бұл екіжүзділік сатқындық пен адалдықтың арасы емес. Әдіс ретіндегі пайдаланушы құрал. Құбылмалы болыңыз. Әркіммен бірдей жағдайда емес, солардың мінезіне еніп, өз мінездеріне өзіне пайдаланыңыз. Сіздің бойыңыздан өзінің қабілетін байқаған адам сізді де өзі секілді көреді әрі мұны ол аңғармайды.
Жалғасы бар...