- Негізгі бет
- Проза
- Зейін Шашкин шығармашылығы...
Зейін Шашкин шығармашылығы
Зейін Шашкиннің қазақ әдебиетіндегі ұлттық дәстүрді дамытудағы жаңашылдығын сөз еткенде, алдымен оның әдебиеттегі жаңа жанрдың туып, қалыптасуының бастауында, үйрене жүріп, сол дәстүрді қазақ прозасының драматургиясының, әдеби сын, очерк, публицистика саласына да, әдебиеттану ғылымының өсіп-дамуына мол еңбек сіңіріп және дәрігерлік қызметті де атқарды.
Зейін Шашкин Мәскеу тарих, философия және әдебиет институтында оқып жүрген кезден бастап әдебиетпен әуестенді. Алғашқы шығармалары отызыншы жылдары "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан" газеттерінде "Әдебиет майданы" журналында жарияланады. Өлеңдері, сын зерттеу мақалалары, бірлі-жарым әңгімелері жарық көреді. Газет, баспа орындарында қызмет істеді, институтта сабақ берді. Бұл кезеңдегі әдеби еңбектердің ішінде Абай поэзиясының тілі, Асқар Тоқмағамбетовтің шығармашылығы жайлы мақалалары назар аударарлық. Нақ осы жылдары ол Есмағамбет Ысмайыловпен бірлесіп "Әдебиет теориясы" оқулығын жазып бастырды.
Классик жазушы Мұхтар Әуезов Зейіннің шығармаларын "Зейін Шашкин оқиға құруға шебер, бос лағуы жоқ, тап-тұйнақтай етіп жазады" деп жоғары бағалаған. Енді бірде Мұхтар Әуезовтің Зейіндей қаламдас інісінің жетістіктерін "жәй, сәл ғана бір ұнамды емес, бүгінгі жоғымыздың бірін ала келе жатқан елеулі, салмақты таныс-ау деп ұнаттым" деп түсіндіреді.
Ал орыс жазушысы әрі сыншысы В.Добровольский Шашкинге "...Алынған материал қызық, оқиға да, қисынды түрде өрбиді, ал адам қаһарман жарқырап көрінбейді, қаһарманды оқиға көлегейлеп кететін тәрізді" деп баға берген екен
Қаламгердің негізгі тақырыбы – халық тағдыры, қазақ жерінің, қазақ елінің ащы бейнетпен сордан шуақ жайлау алқабына жету жолы, бүгінгі таңда өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы шарықтай шалқыған, мәдениеті марқайған іргелі ел болғандағы мағыналы берекелі өмірі – мінеки Зейін Шашкин шығармашылығының өзекті арқауы осылар. Ол өз шығармаларында заман ағымын, уақыт ерекшелігін сипаттайтын кесек мәселелер жаңа қаһармандар әкелді. Оның шығармалары азаттық сарынымен, қызық, тартымды сюжетімен ғана емес, әлеуметтік, жеке адам өмірі, қаһармандар тағдырын суреттеу, олардың ішкі жан дүниесіне үңілу шеберлігімен ерекшеленеді.
Зейін Шашкин әдебиетте бас-аяғы он жылға толар-толмас уақыт еңбек етті. Сол аз ғана уақыттың ішінде жазушының әдеби мұрасы мол мынадай салалардан құралады:
1. Поэзиялық шығармалар.
2. Әдебиеттануға байланысты еңбектері (әдебиет сыны мен теориясы). 1940 жылы Есмағамбет Ысмайыловпен бірлескен авторлықпен жоғары оқу орындарында арналған "Әдебиет теориясы" оқулығын жазған.
3. Прозалық туындылары: романдар мен повестер. "Таң атты", "Тоқаш Бокин" – тарихи-революциялық тақырыпқа арналған шығармалар. "Теміртау" романында тұңғыш металлургия алыбын салушылардың еңбегі суреттелді.
"Доктор Дарханов" – интеллигенцияның әлеуметтік-тұрмыстық ортасын суреттеуге құрылған. "Сенім романы" – ғылыми-техникалық революция жайындағы ауыл шаруашылығын тиімді пайдалану жолдарымен дамыту, жердің құнарлығын сақтау туралы шығарма.
Қаламгердің келесі шығармалары белгілі:
- повестері: "Өмір тынысы", "Темірқазық", "Ұядан ұшқанда" және т.б.
- әңгімелері: "Ақбота", "Ақтұяқ", "Қойшы серігі", "Дәрігер қатесі", "Дос ойы", "Сүйкімді дауыс", "Әкесі", "Ақынның ашуы" новеллалары, "Әннің тууы", "Шабыт" және т.б.
- очерктері: "Мереке күнгі ойлар", "Балалар отауы", "Көгілдір Көкше сұлуы", "Мұхтармен кездесулерім" және т.б.
- мақалалары: "Ақын асқан асу", "Жақсы кітап – жан азығы", "Абай романының көркемдік ерекшеліктері", "Мұхтар стилі туралы", "Замандастар тұлғасын жасайық", "Шеберлік хақында", "Дәстүрдің тозығы бар, озығы бар" және т.б.
Сөз өнерінің осылайша сан салалы түрлері бойынша еңбектер жазуы қаламгер шығармашылығының тұтас көлеміне тән негізгі келбетін айқындайтын ұлттық сипатты танытады.
З.Шашкиннің 1955 жылдардан бастап жазылған көптеген әңгіме, повестері мен пьесаларында өткен өмір көріністерін, жаңаша көзқарас тұрғысынан, жаңа заман талабына сай суреттейді. Жазушының басқа жазушыларға қарағанда тың тақырыпты қозғайды.
Зейін Шашкинді зерттеген С.Байжанов дәрігер қаламгерді өзінің кез келген шығармасын жалаң қиялдап, суреткерлік фантазиядан тудырған жазушы емес деп бағалайды. Оның қай шығармасын алаңсыз да тікелей өмір шындығынан болған оқиғалар мен ақиқаттан тамыр тартады. Оның романдарындағы кейіпкерлер өмірде болған, бар адамдар болып келеді. Бірсыпырасының тағдырлары, өмірбаян сұлбалары айна-қатесіз ұқсас кетіп жатады. З.Шашкин өзіндік өзгешелік сипаттары көп жазушы. Әдебиетке ерте араласқанымен, әртүрлі себептермен, тікелей жазушылық кәсіппен кешеуілдеп барып айналысқан.
З.Шашкиннің шығармаларын өмірлік материалға негіздеп құраған. Қай шығармасын алсаңыз да ақиқат пен шындық. Нақты өмірді материалды өзек етіп алады. Жазушының қай шығармасын оқымасаңыз да туған жері туралы айтпай өтпейді.
З.Шашкин "Ақбота" әңгімесінде өзінің туып өскен жерін өмірден арқау етіп алады. Тың өлкесінде аңызға айналған көрікті де ақылды Ақбота жайында. Қара ниет ердан барлық әйелдерді өзіне қаратқысы келеді. Ол қызметін пайдаланып, ұнаған әйел өзімдік немесе екінші тоқал алғысы келетіні баяндалады. Кейіпкер Гүлмиза кішкентайынан Ақботаны өсіріп, оны колхоздың мал деп есептемейді, өзінің серігі екендігіне көзі жетеді. Ерденнің Гүлмизаны өзіне қарата алмағасын өшін Ақботадан алғысы келеді. Ол әйел халінің адам төзгісіз ауыртпалық жұмыстарға да салып қояды. Жазушы еңбегінде, Ақботаның ерлігі жайында сөз болады.
"Ақтұяқ", "Қойшы серігі", "Дос ойы", "Сүйкімді" дауыс әңгімелері оқушы оқырман қауымды бірден, қызықтыратыны және әңгімені тіпті өмірде болған сияқты көз алдыңда елестейді. Жазушы еңбектері бұл әңгімемен шектеліп қалмайды. Қаламгердің қоғам өмірінде кездесіп жататын және оларды қайта-қайталамас үшін "Дәрігердің қатесі", "Әкесі" атты әңгімелерінің орны бөлек. Жазушының өзі медицина саласының жетік маманы екендігін осы шығармадан-ақ байқалатындығы сөзсіз. Жазушының мақсаты мұндай қателер қайтып қайталанбаса, сабақтың үлкен түрі екендігі айқын. Яғни, көркемдік эстетикалық биік талғам арқылы шығармаларынан үздік үлгілерін жасай білді.
З.Шашкиннің алғаш жазған шығармаларының басты жаңашылдық ерекшеліктері, алдымен, оларда терең психологиялық талдаудың мол орын алуы. Жазушы өзінің тырнақ алды алғашқы әңгімесінде-ақ оқушының жан дүниесіне рухани азық береді.
З.Шашкин қазақ әдебиетіндегі ұлттық дәстүрді байытып, дамыту жолындағы өзіндік жаңашылдық еңбек үлестерін тұжырымдап түйіндер болсақ:
Біріншіден, суретке әдебиеттің өсіп-дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, дәстүр мен жаңашылдық атқарар қызметін терең танып жаңғыру жолдарын саралай білді.
Екіншіден, қазақ әдебиетіндегі жаңа жанрлардың, проза мен драматургияның, әдеби сын мен әдебиеттану ғылымына өзіндік үлесін қосты.
Үшіншіден, заман талабына сай дәуірлік көкейтесті тың тақырыпта, өзекті тақырыптарды, өмірде кездесіп жататын, шығармаларды арқау етті.
Жазушы әдебиет әлеміне әртүрлі себептермен кешеуілдіп шыққанымен, салған жерден аты ауызға ілініп, көпке танымал жазушылар қатарына жедел қосылды.
Қ. Слямбек