Жюль Верн – француздың классик жазушысы, географ, ғылыми-фантастикалық роман жанрының негізін қалаушылардың бірі. Ол өмірінде 66 роман, 20 повесть пен әңгімелер, 30 пьеса жазған. Бұдан бөлек, деректі және ғылыми жұмыстарын тағы қосыңыз. Мен сіздерге Жюль Верннің үздік деп танылған кітаптар тізімін ұсынып отырмын. Оның жазған кітаптарының басым көпшілігі саяхат жайындағы қызықты оқиғаларға толы. Бұл сіздердің орындай алмай жүрген арман-тілектеріңізге ынтықтыра түсіп, өмірді басқа қырынан тануға көмектесіп, білімдеріңізді одан әрі шыңдайды.
Кітаптар тізімі:
1863 — Әуе шарында өткен бес апта (Пять недель на воздушном шаре)
1864 — Жер ортасына саяхат (Путешествие к центру Земли)
1865 — Капитан Гаттерастың қызықты оқиғасы мен саяхаты (Путешествие и приключения капитана Гаттераса)
1865 — Жерден айға төте жолмен 97 сағат 20 минут ішінде (С Земли на Луну прямым путём за 97 часов 20 минут)
1867 — Капитан Гранттың балалары (Дети капитана Гранта. Путешествие вокруг света)
1869 — Ай айналасында (Вокруг Луны)
1869 — Жиырма мың лье су астында (Двадцать тысяч льё под водой. Кругосветное путешествие под волнами океана)
1870 — Сүңгуір қала (Плавающий город)
1872 — Оңтүстік Африкадағы үш орыс пен үш ағылшынның оқиғалары (Приключения трёх русских и трёх англичан в Южной Африке)
1872 — Жер шарын 80 күнде айналып шығу (Вокруг света за восемьдесят дней)
1873 —Тон елінде (В стране мехов)
1874 — Жұмбақ арал (Таинственный остров)
1875 — Ченслер. Жолаушы Ж.Р. Казаллонаның күнделігі (Ченслер. Дневник пассажира Ж.Р. Казаллона)
1876 — Михаил Строгов. Мәскеу — Иркутск (Михаил Строгов. Москва — Иркутск)
1877 — Гектор Сервадак. Жарық жердегі қызықты оқиға мен саяхат (Гектор Сервадак. Путешествия и приключения в околосолнечном мире)
1877 — Қара Үндістан (Черная Индия)
1878 — Он бес жасар капитан (Пятнадцатилетний капитан)
1879 — Елу миллион бегумда (Пятьсот миллионов бегумы. (соавт. Андре Лори))
1879 — Қытайдағы бір қытайдың қасіреті (Треволнения одного китайца в Китае)
1880 — Булы үй. Солтүстік Үндістанға сапар (Паровой дом. Путешествие по Северной Индии)
1881 — Жангада. Амазонкамен сексен лье (Жангада. Восемьсот льё по Амазонке)
1882 — Робинзондар мектебі (Школа Робинзонов)
1882 — Жасыл сәуле (Зеленый луч)
1883 — Қыңыр Керабан (Упрямец Керабан)
1884 — Оңтүстік жұлдыз (Южная Звезда)
1884 — От арасындағы архипелаг (Архипелаг в огне)
1885 — Өлі «Цинтия» тастандысы (Найденыш с погибшей «Цинтии»)
1885 — Матиас Шандор.
1886 — № 9672 лотерея билеті (Лотерейный билет № 9672)
1886 — Жаулаушы-Робур (Робур-Завоеватель)
1887 — Солтүстік Оңтүстікке қарсы (Север против Юга)
1887 — Францияға жол (Дорога во Францию).
1888 — Екі жыл демалыс (Два года каникул)
1889 — Есімі жоқ жанұя (Семья без имени)
1889 — Түбімен жоғарыға (Вверх дном)
1890 — Цезарь Каскабель
1891 — Миссис Бреникен
1892 — Карпаттағы сарай (Замок в Карпатах)
1892 — Клодиус Бомбарнак . Репортердың үлкен Трансазия магистралінің ашылуы жайлы қойын дәптері (Клодиус Бомбарнак. Записная книжка репортера об открытии большой Трансазиатской магистрали)
1893 — Балақай (Малыш)
1894 — Антифер ағатайдың таңғажайып оқиғасы (Удивительные приключения дядюшки Антифера)
Сіз Жюль Верннің қандай кітаптарын сүйіп оқисыз?
Оқи отырыңыз:
Жюль – дәруіш те, сәуегей де емес...
Лев Толстойдың шығармашылығымен аргентиналықтар танысатын болды