Мен танитын бір жұп қыз бен жігіт бар еді. Олар бір-бірін өте жақсы көретін. Олар ғашықтар болатын...
Бір күні жігіт ауыр қатынас шырғалаңына ұшырап, ауруханаға жеткізілді. Бір аптадан кейін ғана есін жиған жігіттің жанында ата-анасы мен дәрігерлер сабырсыздана қарап тұрған еді. Өкініштісі, ол олардың бірде-біреуін танымады. Өзін құшағына алып егіле жылаған анасына да, ауыр ой арқалаған әкесіне де назар аудара алмады.
Ол есте сақтау қабілетінен айырылған болатын. Өзінің кім екенін де ұмытқан.
Ол өзін сонша жабыққандай сезінді. Ішкі жан-дүниесі бейне ішінде ештеңе жоқ бос қалбырға ұқсайтын секілді.
Не үшін? Не үшін қиналады?.. Өзінде бірдеңе кемдей сезінеді. Бірдеңесін жоғалтқандай сезінеді... Ол не? Ол не болғаны сонда?
(Оның басы ауыра бастады).
Жігіт қинала тіл қатты: «Кім, кім маған жауап береді?.. Мен неге өзімді жалғыздай сезінем, неге жабығам?». Медбике оны тыныштандыруға тырысты. Жігіт төсекте жатып, көз жасына ерік берді.
- Кім жауап береді? Айтыңдаршы... Мен немнен айырылдым? Нені жоғалттым?
(Өзіңіздің әлденені ұмытып, бірақ соның не екенін есіңізге түсіре алмай қиналған кезіңізде қандай көңіл-күйде болатыныңызды еске алыңыз).
Басқалар ештеңені түсінген жоқ. Тек оған аңтарылып қараумен болды.
Жігіт айғайлай бастады. «Мен нені жоғалттым? ...Мен оны іздеуім керек! Іздеймін!». Медбикелер оны қозғалтпады. Ол тіптен қиналды: «Мені бөгемеңдер!... Ешкім бөгемесін... Мен оны (нені?) тауып қайтуым керек. Ол сөзсіз керек нәрсе маған...
(Қыз есік сыртында жылап тұр.)
Анасы жігітті жұбата бастады: «Бұлай істеме, бұнда сенің анаң бар, әкең бар, ағаң бар. Олар сенің қасыңда. Жылама!»
-Әке? Шеше? Аға?.. Сендер кімсіңдер? Мені алдамақсыңдар ма? Сендер мені бөгемеңдер, мен оны (нені?) іздеп табуым керек!..
Жігіт барған сайын бұлқынды. Басқалар оны күштеп төсегіне жатқызды...
Аздан кейін ол тыныштала бастады. Төсегінде үнсіз жатып, ойға шомды. Көзінен аққан жас жастықты сулады...
Жанындағылар әлі ештеңені түсінер емес. Барлығы не істерлерін білмеді. Амалы таусылып, ақылы сарқылған әке үнсіз темекі тартуда...
Жігіт ақырын орнынан тұрды. Дәрігер:
-Қайда бармақсың? Жатып демал.
-Мен... Мен терезенің алдына барғым келеді. Тек сонда барсам болғаны.
Әкесі оны сүйемелдеп, терезенің алдына апарды.
- Маған бір тартым темекі беріңіз.
Әкесі амалсыз темекі тұтатып берді.
Көкпеңбек түтінді құшырлана сорған жігіт: «Әлденем жоқтай сезінем. Мендік әлемнің бір жұлдызы сөнгендей... Ол нәрсе мен үшін өте маңызды, өте! Бірақ оның не екенін есіме түсіре алар емеспін... Ол менің өмірімнен де маңызды секілді. Оның өте әдемі нәрсе екенін сезінудемін. Иә, өте керемет...
(Қыз сыртта жылап тұр: «Ақымақ, нақұрыс!»)
-Мен неге мұнша қиналам? Не үшін?...(Көріп тұрғандар еріксіз көздеріне жас алды: «Ол есте сақтау қабілетінен айырылған...)
Кенет оның арт жағынан бір жылы леп сезілді... Бұл не екен, ә?!
Қыз ақыры шыдай алмады. Ішке кіріп, жігітті арт жағынан келіп, құшақтай алды. Таңғалған басқалар оларды айырып жібермекші болды. Бірақ қыздың құшағы жазылмастай айқасқан еді.
- Тиіспе!.. Сендер оған тиіспеңдер! Міне, осы сезім! Менің жоғалтқаным – осы! Ол менің артымда тұр! ...Қозғалмаңдар, Қозғалма!
Осыны айтқан жігіт артына бұрылып қызға қарады. «Сен кімсің?... Мен кіммін?... Сен қалай мен жоғалтқан сезімді, жылулықты сыйлай аласың?»
-Мен сенің гүліңмін, сен менің күнімсің! Бұдан кейін бір-бірімізді осылай таниық.
-Солай екен! Сенің маған сыйлаған сезімің солай дейді.
Сосын ол қызды сүйді.
«Міне, мен жоғалтқан сезім – осы!...»
Ол сауығып, ауруханадан шыққан күннің ертеңінде олар үйленді. Барша адамды қызықтыратындай неке болды...
Автор: Қуанышхан Өмірхан
сурет: stihi.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек