"Күз туралы күзсіз сөйлемдер" байқауы. Сүреңсіз саябақ

Байқауымыздың жалғасып жатқандығын тағы да естеріңізге саламыз. Қатысушыларымыз бірінен бірі өткен шебер. Бірі мезгіл көрінісін суреттесе, енді бірі осы мезгілмен үндескен жан дүниесінің түсініксіз сырын жазады. Поштамызға келіп түскен келесі шығарманы жариялауды жөн көрдік. Зер салып оқып, пікір білдіре отырыңыздар!

*** 

Өзіммен-өзім мәз-мейрам боп келе жатқан маған қатар-қатар отырғызылған биік ағаштар қосылып қуанып тұрғандай әрлі-берлі теңселіп қояды. Жер бетіне төбеден бір жомарт жан алтын төгіп жатқандай. Жаңа ғана жан-жағым жарық болған еді, енді міне, айналам қара түнек шыңырауға еніп барады. Ызғырық суық қанша жылы киінгеніммен өңменімнен өтіп барады. Ауырып қалмас үшін жылдам басып үйге қарай асықтым. Табиғат та менің жан дүниемдей сондай құбылмалы күйге көшкелі қашан. Уақыт зырлап, қазан айы келіп қалған екен, дегенмен, ақырындап, анда-санда себелеп тұратыны болмаса жаңбыр жиі жауып жүрген жоқ. Күн көзі бізді алдап көпке дейін көрініп жүргенімен, сол бір жел жылуды алып кетуде. Осы күндері масалардың ызыңы бір естілмеді. Таң атқанда шиқылдайтын торғайларды да байқап жүргенім жоқ. 

Айналам тып-тыныш, маған тура бір таңғажайып сәт туып, тосын құбылыстар орын алатындай көріне берді. Маған табиғаттың өзгерісіне қарап, өміріме өзгерістер енгізу керек-ау деген жақсы ой келді. 

Ақжарқын Нұрлан

Сүреңсіз саябақ

Сүреңсіз саябақ. Күтпеген қоңырау. Белгіленген кездесу. Ашық әңгіме. Қимас көзқарас. Екіге бөлінген жол. Дұрыс емес таңдау. Сүйе тұрып, алдау. Өзін-өзі алдау. Титтей қателік. Үлкен өкініш. 
...Жаңа қадам. Серпіліс. Жан-жағына көз жүгірту. Қараса, айналаның бәрі алуан түсті. Бірі бақыттың түсі, ендігісі байлықтың. Ойлану. Өткенді таразылау. Жеңіл жүгіріс. Алдыға ұмтылу. Саябақта келген ой. Бір күндік сабақ.  

Айзат Жолдасова

Байқау 26 қазан күні тоқтатылатынын қаперлеріңізге береміз. Қатысыңыз! Уақыт аз қалды...

Байқау ережесімен танысу үшін мына сілтемені басыңыз.

Бұған дейін ұсынылған шығармалар:

Исақан Жұмабай Алдабергенұлы мен Әсел Аққалиева

Айдана Ақсисенова мен Арухан Сабыр

Ақгүл Айдарбекова мен Жандос Әуесханов

Шаймарданов Аяулым мен Даирова Гүлдана

Ибраһим Сегізбаев пен Алпамыс Файзолла

Бекзат Галимұрат пен Назым Сапарова

Алмас Жангүл мен Оман Зәбира