- Негізгі бет
- Проза
- "Кім не десе...
"Кім не десе де, жақсы көретін нәрселерден бас тартпа"
Түркияда, Ресейде, Қазақстанда танымал болған бакулық жазушы Эльчин Сафарлидің ойларын топтастырып, назарларыңызға ұсынамыз.
Адам үшін арман ауа секілді. Алайда онымен дем алуға болмайды. Оларды орындау керек. Ақырындап, қиындықтардан өтіп, армандарға ұмтылу керек. Ең бастысы – тоқтамау.
«Босфор түбіндегі махаббат»
— Өзіңді кешір. Қателіктеріңнің нәтижесін шығар да, дамуға тырыс. Сен тек жақсара түсуің керек. Бірақ басқа адам боламын деп ұмтылма, жаным. Қателіктерің де, жетістіктерің де – өзің. Сен сияқты басқа адам жоқ.
— Бұкіл Ыстамбұлда ма?
— Бүкіл әлемде. Өзіңді күт, жаман іс жасама, қателіктеріңді кешір. Оларсыз қызық та емес.
«Үйге қайтқым келеді...»
Кім не десе де, жақсы көретін нәрселерден бас тартпа. Қиындықтардан қорықпа. Мақсаттарыңнан бас тартпа.
«Үйге қайтқым келеді...»
Адамдар жек көру, қашу, тығылу – оңай, сүю – қиын деп ойлайды. Махаббат адамды теңіздей етеді. Жағажайың әлемге ашық, ешкімнен ештеңе күтпейсің. Біреу мұны осал жер деп атауы мүмкін, бірақ бұл нағыз күш екенін бәрі біле бермейді.
«Үйге қайтқым келеді...»
Ф. Абилова