- Негізгі бет
- Проза
- "Қазір жанымда отырған...
"Қазір жанымда отырған адамның ертең жоқ болуы мүмкін екенін түсінемін..."
Заманауи прозаны жазатын бакулық Эльчин Сафарли атты жазушы Ресейде, Қазақстанда танымал болып үлгерді. Кітаптарының мазмұны жеңіл болғанымен, терең ойға толы. Солардың бірнешеуін назарыңызға ұсынамыз.
Басымнан өткен жайттың ешқайсысы үшін өкінбеймін. Көптеген жеңілістерді артта қалдырдым, бұл жақсы тәжірибе. Әлде де талай қателіктерді бастан кешіретінімен күмәнім жоқ. Әр қорыққан сәтімде көзімді жұмып, саған ұмтыламын. Бірақ сен жанымда емессің.
«Сенсіз естеліктер жоқ»
Сені қатты құшақтай отырып, енді мұндай сәт қайталанбайтынын ойлап, қорықпаймын. Алдағы уақытта не болатынын болжағым келмейді. Ештеңеге дайындалғым келмейді. Бәрін түсінемін. Қазір жанымда отырған адамның ертең жоқ болуы мүмкін екенін түсінемін. Ол өз қалауымен де, басқа себеппен де кетіп қалуы мүмкін.
«Сен білгенде ғой...»
Ертеңіне сеніп, кешегі күнге шүкір ет. Бұл ең бастысы.
«Сен білгенде ғой...»
Шын махаббат ешқашан бітпейді. Ұрыссып, көңіліңіз қалып, екі жаққа кетуіңіз мүмкін. Бірақ қандай себеп болмасын, шын махаббат жүректе мәңгілік өмір сүреді. Онымен ештеңе істей алмайсыз. Ол ішіңізде қалады.
«Сен білгенде ғой...»
Әлемде ғарыш секілді шексіз адам бар. Олармен күліп-ойнауға, әр нәрсені айтып, әңгімелеуге болады. Ал біреудің жанында отырып, бәрін ұмытып кететін адам өте сирек кездеседі.
«Сен білгенде ғой...»
Ф. Абилова