ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "2021 жылды Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы" деп жариялады. Президенттің өзі "балалар арасындағы кітап оқуды арттыру керек" деп тікелей тапсырма берді. Осы орайда Массагет порталы балаларға арналған қазақ жазушыларының шығармаларын ұсынады.
Қазақ жазушыларының балаларға арналған 5 үздік шығармасы
Бауыржан Момышұлы – "Ұшқан ұя"
"Ұшқан ұя" – Бауыржан Момышұлының балалық шағын әңгімелейтін ұғмырбаяндық кітабы. Шығармада өткен ғасырдың 16- жылдарындағы дүрбелең мен күштеп ұжымдастыру суреттеледі. Бұл шығармада автор әжесінен тыңдаған аңыз әңгімелерін, нені жақсы көру керек екенін, неден жирену керек екенін, жалпы, сүйіспеншілік, әлемнің жаратылуы туралы айтады. Бұл балаларды тәрбиелеуде таптырмайтын кітап.
Роман алғаш рет 1974 жылы жарыққа шықты. Автор балалық шағын суреттей отырып мейрімділікті, адалдықты, бауырмалдылықты насихаттайды.
2. Шерхан Мұртаза – "Ай мен Айша"
Романда автор Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тылда жұмыс істеген адамдардың сұрапыл өмірін баяндайды. Әжелер мен аналар тақырыбы шығармада кеңінен ашылған. Шығармада қазаққа тән ұлттық ерекшелік көптеп кездеседі.
Шерхан Мұртаза роман туралы: "балалық шақтан келмеген ересек жоқ. Мен әлемнің көптеген елдерін араладым. Бірақ олар түсіме кірмейді. Түсіме ылғи туған жерім – Мыңбұлақ кіреді. Анам Айша кіреді",- дейді.
Романда қазаққа тән нанымдар айтылады.
Роман балаларды отансүйгіштікке, патриоттықа тәрбиелеуде құнды шығарма саналады.
3. Таласбек Әсемқұлов – "Талтүс"
"Талтүс" романы автордың өмірбойы жазған шығармасы. Таласбек Әсемқұлов бұл романда балалық шағын әңгімелей отырып, сол кезеңдердегі қазақтағы талантты адамдардың, дәстүрлердің қазіргі уақытта жоғалып бара жатқанын қынжыла баяндайды.
Романдағы басты кейіпкердің бірі – қазақтың дәстүрлі күй мектебінің ізін жалғаушы, Таласьектің атасы Жүнісбай Стамбаев. Ол әйгілі күәші ретінде қазақ даласына танымал болған. Оның өмірін Мұхтар Мағауин "Көкбалақ" романына арқау еткен.
Романда қазақтың салт-дәстүрі, ырым-тыйымы, түрлі аңыз әңгімелері, фольклорлық жыры айтылады. Автордың бұл шығармасы өзінің "Аштық пен соғыс" мақаласымен үндес.
Шығарманың тілі жатық, тез оқылады. Алғаш рет "Қазіргі заманғы Қазақстан романы" бәйгесінен үздік деп танылып, 2003 жылы баспадан шықты. 2019 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ағылшын тіліне аударылды.
4. Марат Қабанбай – "Пысық болдым, мінеки"
Қазақ балалар әдебиетінен тыңнан түрен салып, жаңа леп әкелген жазушылардың бірі – Марат Қабанбай. Бір ерекшілігі, Марат қабанбайдың шығармаларында қазақы болмыспен қатар Еуропалық үрдіс те қатар жүреді. Оның «Пысық болдым, мінеки» шығармасы балаларға арналған ең үздік шығармалардың бірі саналады.
Бұл шығарма қазіргі күндегі балалар өмірін суреттейді. Басты кейіпкер – Досан мектепті жақсы оқитын, зерделі бала. Автор осы Досанды туған жердің топырағына сүйсінтіп, тасына үңілту арқылы оқырманды отансүйгішттікке тәрбиелейді. Шығарма балалр өміріндегі қым-қуыт тіршілікті баяндағанымен бұл жердегі көтерілген басты тақырып – адамның тууған жерге деген махаббаты. Повестті оқу арқылы туған жердің, отанның қадірін біле түсесің.
Автордың бқдан бөлек, "Айшылық алыс жол" романы, "Бақбақ басы толған күн", "Арыстан, мен, виолончель және қасапхана" повестері балаалрға арналған үздік шығармалар қатарына жатады.
5. Нұрғали Ораз – "Біз, ол, "мерседес" және махаббат"
Нұрғали Ораздың "Біз, ол, "мерседес" және махаббат" атты шағын әңгімесі бала махатты, қазіргі ауылдың қарапайым, бейғам тіршілігін суреттейді. Жазушы осы әңгімесі арқылы бала махаббаттың қаншалықты кіршіксіз болатынын баяндайды.
Әңгіме ауылға қаладан Бибіжар атты бойжетткен қыздың келуімен басталады. Ауылдағы балалардың барлығы ажары келіскен қалалық қызға ғашық болады. Күні бойы үйірсектеп соның қасынан шықпайды. Бірақ бір күні қаладан мерседес мінген бай жігіт келіп қалалық қызды алып кетеді.