Жазғы демалысты қайда өткізуді жоспарлап қойдыңыз? Жағажайда болсын, жайлаудың басында болсын детективтік романдармен бос уақытыңыз қызықты әрі мазмұнды өтері сөзсіз. Арнайы жаздың ыстығына арналып жазылған мистикалық детективтердің топтамасын сіздерге massaget.kz сайты ұсынады.
1. Дафна Дюморье «Ребекка»
Дафна Дюморьенің ең әйгілі романын Голливудтық кинорежиссер Альфред Хичкок экрандаған болатын. Сюжеттің орта шенінде жас әйел бір ақсүйекке ғашық болып, соңыра тұрмысқа шығады. Дегенмен, ақсүйектің марқұм әйелі Максимиллиана де Винтер Ребеккамен қарсыласу оңайға соқпайды. Сыншылар кітапқа «ХХ ғасырдың ең интеллектуалды триллерлерінің бірі» деп баға береді. Детектив айқындылығымен шошытса да, сюжетінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Егер «Ребекка» жазылмағанда өзіндік жаңа бағытты жалғастырған Стивен Кингтің «Кэрри» және Герман Гессенің «Дала қасқыры» романдары да қара қаламның ұшында қалған болар еді.
2. Карлос Руис Сафон «Желдің көлеңкесі»
Жай детектив болып қана қоймай, лабиринттік басқатыруларды да қамтитын Сафонның еңбегі оқырманды құпияға толы әлемге алып кетеді. «Желдің көлеңкесі» романының оқырмандарын сұлу қыздар мен қауіпті бейтаныстар, өткеннің қараңғы түнегі мен белгісіз өлім күтіп тұр. Сыншылардың айтуынша, бұл сюжеттік желі кез-келгеннің өмірін өзгерте алады. Тексеріп көреміз бе?
3. Сара Уотерс «Қараңғы түнекпен байланыс»
Автор америкалық спиритизм (руһтармен сөйлесу, байланысқа шығу) туралы академиялық мақалаларды зерттеп жүрген кезде мұрағаттан табылған құнды ақпараттар мен сюжеттердің желісі бойынша роман жазуды ұйғарыпты. Басты кейіпкер Маргарет Прайор әкесінің өлімінен кейін өз-өзіне қол жұмсауға әрекет етеді. Дегенмен, әрекеті сәтсіз аяқталып, қыздың өміріндегі тепе-теңдік бұзылады. Маргаретте спириттік (руһтармен сөйлесе алу) қабілет пайда болады. Ол Мелина Дауэс есімді трансмедиуммен (руһтарды шақырушы) танысып, бірегей қасиеттерін біріктіруді жөн көреді ...
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: novostiliteratury.ru