Ирландиялық ақын, драматург Уильям Батлер Йейтс (William Butler Yeats) 1865 жылы 13 маусымда Сэндимаунт қаласында өмірге келген. Йейтс Лондонның Хаммерсмит ауданында орта білім алған. Бірақ үлкен қаланың өміріне үйрене алмай, бала кезінде жиі-жиі Ирландияның Слайго қаласына кетіп қалатын болған. 1880 жылы оның жанұясы Ирландияға көшіп келеді де Уильям оқуды Дублин қаласындағы мектептердің бірінде жалғастырады. Ол сурет өнеріне де қызығып, суретшілер колледжінде де тәлім алған. Айта кетерлігі оның інісі Джек Батлер Йейтс Ирландияға танымал суретші. Уильям Йейтс өлең жазуды бала кезінен-ақ бастаған. Оның алғашқы балаң жырлары Дублин юниверсон ревью басылымында жарияланған. Осыдан кейін ол Дублин алхимиктер ұйымына мүше болып сайланады.Ақын өмір бойы оккультизм (occultus жасырын, құпиялы ғылыми зерттеуге келмейтін ғажайыптар мен тылсым күштердің бар екенін мойындайтын және олармен өзара іс-қимылдың ерекше әдістерін жасайтын ілім) іліміне қызыққан. Суретшілер мектебінде оқып жүрген кезінде Джозеф Расселлмен (А.Е бүркеншік атымен жазған белгілі ақын және оккультист) танысады. Олар бір топ өзі сынды студенттермен Уильям басшылығында магия және шығыс діндерін зерттеуге арналған Гермес қоғамын құрды. Йейтс өлең жазып бастаған кезінен-ақ өнер мен табиғат арасында қарама-қарсылық болмауы керек деген идеяны ұстанды. Уильям Блейк, Фридрих Ницшелердің әсерінен Ирландия халқының көзін ашуды өз алдына мақсат етіп қойды.1885 жылы Уильям ирландиялық Фениан аттықұпия ұйымының мүшеcі Джон ОЛиримен таныстықтан соң патриоттық сарындағы өлеңдер жаза бастайды. Оның 1899 жылы шыққан Қамыс тербеткен жел (The Wind among the Reeds) атты өлеңдер топтамасы сыншылардың пікірінше ақынның әдебиеттегі ең үлкент жетістігі.Сол кезде Йейтстің шығармашылық сериясы Кельт мифологиясы мен фольклорының кейіпкерлеріне толы болды. Ирландияның ұлттық мәдениетінің құлдырауына қарап тұра алмай, өшкен мұраны қайта жаңғыртуға күш-жігерін салды. Уильям 1896 жылы Парижде жүріп драматург Джон Миллингтон Сингпен танысады. Йейтс әлі ешкім танымайтын, әдебиет өміріне араласа қоймаған жастың бойынан ақындық, драматургтік ерекше қабілет бар екенін байқап, оны Ирландияға қайтуға көндіреді. Екеуінің арасындағы достық пен әдеби байланыс кейіннен Ирландия әдебиетін бүтіндей өзгертіп жіберді. 1917 жылы Ирландиядағы революция кезінде ақын оның бел ортасында жүрді. 1920 жылы құрылған тәуелсіз Ирландия елінің сенаторы болып сайланды. 1923 жылы Швед академиктері оны бір елдің мәдениетін көтеруде қызмет еткен қайталанбас өлеңдері үшін Нобель сыйлығына лайық деп тапты. Йейтс ғұмырының қалған 15 жылын Ирландияның ұлттық ақыны ретінде өткізді. Өмірінің соңында Францияның Рокбрюн-Кап-Мартен қаласына Ирландиядағы суықтан қашып келгенімен ұзақ жалғасқан ауыр науқастан 28 қаңтарда 73 жасында қайтыс болды. Көпшілік Уильямды Ирландия поэзиясындағы ең ірі тұлға деп есептейді. Элиот ол туралы дәуіріміздің ең ұлы ақыны деп баға берген.