Екі әңгіме

Жалғызбасты әйел қоныс жаңалады. Көшіп келе салған күні кеште жарық сөніп қалды. Әйел енді майшам жаға берейін дегенде, есік қағылды. Кім екен деп есікті ашып еді, қарсыдағы үйдің кішкентай баласы екен. Әлгі бала есік ашыла сала сасқалақтап: «Апай, үйіңізде майшам бар ма?» деп сұрады. Әйел ішінен бұлар келмей жатып майшам сұраса, бара-бара не сұрар екен деп ойлады да, суық раймен: «Жоқ!» деп жауап берді. Бала күліп жіберіп: «Сіздің үйде майшам жоқ екенін біліп едік, шешем сізге шам беріп жіберді» деп қолындағы балауызды ұсынды.

 *    *    *

Отыз жыл ота жасап келе жатқан тәжірибелі оташы бүгін тұңғыш рет емдеуде қателік жіберді. Шынын айтар болса, ол мұндай отаны көзін жұмып та жасай беретін еді. Ауру адамға қараған сайын, өзінің қандай қателік жасап тұрғанын іші сезіп қиналды. Оның дәрігерлік ғұмыры осылай аяқталды. Үйіне қайтқаннан кейін ол қатты қалжыраған бейнеде еденге отыра кетті, дәл осы сәтте әйелі қуанышты күйде жүгіріп келіп: «Қызымыз құтқарылатын болды, әлгінде ғана өлген науқас қызымызға бүйрегін атапты» деді. Күйеуінің қолы әлі дірілдеп тұр еді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: noabort.ne