Бір әйел жазушы қаламгерлердің үлкен басқосуына ұсыныспен келіп қатысып отырады. Ол Венгриялық жас прозашы жігіттің қасына отырады. Әйел жазушы қарапайым киінген, аз сөзді, өте қарапайым жан екен. Жаc жазушы оны танымағандықтан «қатардағы бір жазушы шығар» деген ойда болады.
Ол менсінбеген емеурінде:
- Бикеш, кәсіби жазушысың ба? – деп сұрайды.
- Иә, мырза.
- Қанша көлемде, қанша шығарма жарияладыңыз? Бірер шығармаңызды оқып көрсем бола ма?
- Әңгіме жазумен шұғылданамын, көлемді шығарма жариялаған жоқпын.
Ер жазушы өзінің топшылауын тіпті де дәлелдей түскендей болды.
- Әңгіме жазасыз ба? Кәсіптес екенбіз, мен 339 әңгіме жариялап үлгердім. Сіз қанша әңгіме жарияладыңыз?
- Бір әңгіме жарияладым.
Ол тіпті де менменсіген кейіпте:
- Әрең біреу ғана ма?! Қандай тақырыпта ол әңгімеңіз? – деп сұрады.
- «Желмен ғайып болғандар»(немесе «Толқу») деген әңгіме, - деді әйел жайбарақат қана, мұны естіген жас жазушы аңырып тұрып қалды.
Әйел жазушының аты Маргарет Митчелл еді. Ол өмірінде тек бір әңгіме ғана жариялап, аты әлемге машһүр болған. Ал 339 әңгіме жариялаған жазушының атын ешкім білмейді.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: thebluegrassspecial.com