Балалар әдебиетіндегі ана кейіпкерлерінің ондығы

Балалар әдебиетіндегі ана кейіпкерлерінің ондығы

Балалар әдебиетіндегі ананың екі негізгі прототипі бар: мейірімді және жауыз. Мейірімді аналар көбіне екінші жоспардағы кейіпкердің рөлін атқарса, жауыз міндетін арқалаған прототиптер оқиғаның үнемі ортасында жүретін басты кейіпкерлердің бірі болады. Біз балалар әдебиетіндегі ананың рөлін еңбектегі маңыздылығына орай ондыққа топтастырып көрдік.

 1. Уизли ханым, "Гарри Поттердің басынан кешкендері" (Дж.К.Роулинг)

Гарридің өзі сәби кезінен жетім болып өскендіктен, оқырман қауым оның (Гарридің) әке-шешесі ретінде Дамблдор мен Хагридті көп көреді. Әйтсе де, Уизли ханым нағыз қамқор ана ретінде Гарриді туған ұлындай сүйіп, Дюрслилер отбасынан бір жылы лебізді сезінбеген Гарриге демалыс кездері мейірім мен шапағат сыйлай білген кейіпкер.

2.Өгей шеше ,"Хенсель мен Гретель" (Ағайынды Гримм)

Басқа да бірталай ертегілерде кездесетін өгей шешелердің кез-келгенін осы ретке қоюға болатын еді. Көбіне әр ертегінің негізгі түйінінде шешесінің доңайбатынан қорқып, әкесіне ештеңе айта алмайтын кездер баршылық. Ал аталмыш ертегінің ерекшелігі Хэнсель  и  Гретельдің өгей шешелері оларға қанша қысым көрсеткенімен, өгей балаларын орманға тастап кетпеуге әкесін көндіреді.

3. Ана,  "Ұйқысы келмеген сәби" (Хелен Купер)

Хелен Купер сәбидің ұйқысы келмесе де ұйықтауға бөлеп жатқан ананың мінезін көрсеткісі келеді. Бұл өзге де жоғары сапалы иллюстрациямен көмкерілген кітаптар секілді  ересектерге негізделіп жазылған. Мұның ерекшелігі сәбидің өз анасымен ұйқы мерзімінің уақытына байланысты тайталасы болды.

4. Лардж ханым "Бес минуттық ғаламда" (Джилл Мерфи)

Бұл туынды  да Купердің идеясына ұқсас болып келеді. Лардж ханым үйіндегі көп балаларына бірдей қамқор болуға тырысып, өзіне бес минут бөлуге қимайтындығымен оқшауланады.

5. Портер ханым, "Грисп-Газлер құбыжығы" (Мэлори Блэкмен)

Портер ханым қуырылған картоп (чипс) жесе айдаһарға айналып кететін оқытушы. Бұл тамаша қызық кітапта Портер ханым өте тұрақсыз әйел кейіпкері болса да, өз оқушыларына туған анасындай мейірім төге алады. Оның бейнесі өзгерсе де, құбыжық айдаһарға айналса да, ешкімге зияны тимейді.

6. Ана "Мультипликатор" (Бетси Бьярс)

Мына ананың бейнесінде ешқандай артықшылық байқалмайды. Дегенмен, өзі құбыжық болса да, баласынан алыстағысы келмейді. Сондықтан, аналық махаббатын көрсету мақсатында колынан келгеннің бәрін жасайды.

7. Мэриголд "Иллюстрацияланған ана" (Жаклин Уилсон)

Мэриголд өз ұлына қарағанда қыздарына уақытын көп бөлетін ана. Өз балаларына екі түрлі көзқараспен қарау, әрине, ананың прототипін жаман қылып көрсеткені. Дегенмен, Мэриголдты кіші қызы Долфин өте жақсы көреді. Осы жағынан, мүмкін ол ерекше ана шығар.

8. Люсинда "Түнгі мектеп" (С.Дж.Догерти)

Аллидің әжесі Люсинда ананың рөліне келетін өзгеше әйел. Ол өз немересіне үйреніп қалған болса да, жанұя мен мектептің төңірегінен шығып балаларға өз ықыласын білдіруден шаршамайды. Кітаптің толық сюжеті бойынша, Люсинда жалпы қоғамның анасы ретінде бағаланады.

9. Ана "Мыстанның қызы" (Нина Боден)

Пердита өзінің туған анасы мыстан болғанын білмей өседі. Ол анасынан дарыған көріпкелдік қасиетімен басқа балалардан өзгешелене бастағандықтан, достарын да арттыра алмады. Бұл еңбекте ана тұлға ретінде емес моральдік қолдаушы ретінде көрінеді.

10. Марми "Кішкене әйелдер" (Луиза Мей Олкотт)

Мармимен бірге дәстүрге ораламыз. Балаларының әкесі жоқ кезде ол өз жанұясын бірлікте сақтап қалуға тырысады. Ол басты рөлдегі кейіпкер болмаса да, қыздарына негізгі бағдарды көрсете алған нағыз ана іспеттес.

 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет:www.theguardian.com

Ж. Өрісбай