Бақытбек Қадырұлы. "Куәгерлер"

Бақытбек Қадырұлы. "Куәгерлер"
Фото: Бақытбек Қадырұлы

Бақытбек Қадырұлы 1990 жылы 7 қазан күні туған. Астана қаласы Л.Гумлиев атындағы Еуразия Ұлттық университінің Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Әртүрлі прозалық жинақтарда шығармалары жарияланған. Назарларыңызға жас таланттың детектив жанрындағы бір әңгімесін ұсынамыз.

Көше шамдалдарының сәулесі мен бағдаршамның қызыл-жасыл жарығы тас жолдың бетіндегі жаңбыр суына түсіп, жолдың үстінде түрлі-түсті бояулар дірілдеп тұрған. Арагідік зу етіп өте шыққан машиналар жаңбыр суын шашып, түрлі бояуларды сапырылыстып жібереді. Жолдың арғы беті. Қаз-қатар тізілген электор шамдар. Онан әрі төбесі шатырлы жазғы сырахана. Жолдың жиегінде бір әйел адам тұрған. Ол асфальтқа түскен бейнесіне үңілген-ді... Кенет тарс ете қалған дыбыс пен жанұшырған айқай қабаттасып шықты. Жол үстіндегі жылтыраған түсітің бәрі демін ішіне тарта қалғандай, түнере қалды. ...Бас сүйегі езілген қыз жол үсіндегі бояудың қызылын қоюлатып жіберіпті.

Екі жағына су шашып автобус зуылдап бара жатты...

***
Жұмысқа көбіне-көп кешігіп келетін әдетім-тұғын. Күндегі уақыттан сәл кешігіп келсем де кабинетте ешкім жоқ екен. Компьютердің түймесін бастым да, екінші телефонымды ашсам, қабылданбаған қоңыраулар мен хатқа толып қалыпты...

Осы кезде тыстан тергеуші Хасен кіріп келді. Жүрісі суыт. Сырт киімін ілді де қайтадан есікті жартылай ашып, «атты-жөндерін тіркеп, бір-бірден еңгізге беріңіз» деді. Сосын маған бұрылып:

– Кеше қаланың шеткі ауданында бір қызды автобус қаққан, әлде қыз автобусты қаққан, – деді тергеуші қисық сөйлейтін әдетімен. – Оқиға болған жерден төрт кәугер таптық.

Мен үнсіз куәгерлердің сөзін теруге дайындалдым.

Үстінде ұзындау қара плащ, басында картуз, түр-түсі қара, селеу шыққан сақал-мұртты біреу кірді.

– Екі-ақ сұрақ қоямын, көп уақытыңызды алмаймын. Өз көргеніңізді нақты әрі анық айтуыңызды өтінемін, – деді тергеуші.

– Жеңіс күнінің құрметіне деп аздап тойлатып... Иә айтпақшы мерекеңізбен, –  деп бастады бірінші куәгер ұшқалақтап. – Сағат шамамен 11 боп қалған кез. Сыраханада бір-екі үстелден әрірек бір әйел кеш бойы жалғыз, сыра ішіп отырды. Құлағында құлаққабы бар, ешкімде шаруасы жоқ планшетіне үңіліп отырды да қойды. Мас болғаны белгісіз, жылағаны белгісіз жүзі мұңды көрінді. Қазіргі қыздар сол... Түн ішінде сыра ішіп... көше кезіп...

– Тоқтаңыз, сіз, мынаны айтыңызшы, қыз жолдың арғы бетіне өте қоямын деп шықты ма, әлде қасақана машинаның алдына жүгіріп шықты ма?

Ол сәл ойланып қалды да:

– Иә, ол біреулерге телефон шалды, бірақ оңды жауап алмағандай болды. Демек оның жігіті алдаған. Қазір жігітерде мүлде жауапкершілік жоқ... А иә... Тарс ете қалған дыбыс естілді. Қарасақ жолдың үстінде қыздың өлі денесі жатыр. Қаланың соңғы автобустарың бірі болса керек, асығыс кетіп бара жатты. Бірақ ол соқты ма, әлде басқа машина қақты ма оны анық көрмедім.

– Нешінші автобус екені есіңізде ме?

– Автопарке қайтарда автобустар нөмерлерін алып тастайды ғой.

– Автобустың түсін байқай алдыңыз ба?

Ол сәл ойланып отырды да:

– Дала жаңбыр болатын. Бұлыңғырлап... түсін есімде сақтай алмаппын.

– Бар көргеніңіз осы?

– Иә.

Осы кезде мен оның түрінен бір түрлі қобалжуды байқадым. Іштей қыздың өліміне осы куәгердің де қатысы бар ма деп ойладым. Себебі анық көрген нәрселерін де сырғақтап айтпай отырды.

Тергеуші Хасен шылымын тұтатып болғанша екінші куәгер кірді.

Көзінде көзілдірік. Жүзі қуқыл, ұзынша шашы бар, қыз мінезді жұқалтаң жігіт екен.

Тергеуші тағы да оған әлгі екі сауалын қойды.

– Түн. Жаңбыр сіркіреп тұрды. Қыздың да жүзінде сол түндей мұңды болатын. Ол жалғыз отырды. Ол жалғыздықтан қажыған шығар, бәлкім. Өмірде өзіңнің жалғыз екеніңді сезінесің... Тергеуші куәгердің сөзін бөліп:

– Қыз жолға қалай шықты, соны айтыңызшы?

– Өте өкінішті, сондай қайғылы жағдай. Қараудың өзі мүмкін емес еді. Жолдың үстінде оның қаны жаңбыр суымен бірге көл болып жатты. ...Гүжілдеген автобус сондай әдемі қызды басқанда, нәзік жаның күтірлеген сүйегінің дабысы құлағыма жетті. Жүрегім әлі сыздап отыр.

Нақты әрі көңілге қонымды айғақ таба алмады ма тергеуші бұдан әрі сұрауды қойдып, – Рақмет, келесі кірсін, –  деді.

Мен куәгерлердің әрбір сөздерін үтір-нүктесіне дейін қалт жібермей теріп отырмын. Бірақ маған қыз да емес, автобус та емес куәгерлердің айғақтары секем алдыра бастады. Іштей олардың да қылмысы бар деген ой болды.

Сонымен үшінші куәгер де жетті. Тергеуші әдепкі екі сұрағын қойды.

– Оқиға сағат 10 жарым, 11-ге таяу уақыта болды. Көпе-көрінеу автобус қызды қағып өте шықты. Қала ішінде жүретін автобустар тоқтаған, бос қайтып бара жатқан. Автобус сол күйі тоқтамай зып берді. Ешкім көріп үлгерген жоқ. Қазір автопарктер өте жауапсыз, мұны былай қалдыруға болмады. Автобус шопері және автопарк қожайыны тиісті жазасын алуы қажет! Бұл жерде қыздың ешқандай кінәсі жоқ!..

– Жақсы рақмет, – деп шолақ қайырды тергеуші.

Куәгерлер қызды ақтып, автобусты даттай жауап берді. Және автобустың да анық нөмерін, түсін айтпай жалтарады. Демек қыздың өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдігім күшейе түсті.

Төртінші куәгер әлгі үшеуінен гөрі ересек екен. Тергеушінің әдепкі екі сұрағына ол асықпай ойланып, баппен жауап берді:

– Біз өз коллектипімізбен көңіл желпіп отырдық. Сырахана деген біреу келіп, біреу кетіп сапырылысып жатқан жер. Көрген нәрсең есіңде қалмайды. Бір қарағанымда көшеде бір қыздың өлі денесі жатты. Бірақ оны машина қақты ма, әлде біреулер өлтіріп сол жерге тастап кетті ме, әлде біз мүлде ойламаған оқиға болды ма бейхабарымын. Қысқасы, сәп салып байқамаппын да...

– Жол үстіндегі қызды көргенен соң не істедіңіздер?

– Мен оқиға болғанан кейін бірден үйге тартып отырдым. Себебі ұйықтайтын уақытым болып қалыпты. Ал қалғандар не істегенін білмеймін.

– Сау болыңыз. Сіздер боссыздар. Қажетті жағдай болса хабарласармыз... – деді. Тергеуші «хабарласармызды» сенімсіз айтты...

Менің ойымда тергеушіде қылмысты нақты айғақтайын дәлел бар болған соң олардан жеңіл ғана жауап алды деп бір ойладым.

Куәгерлер кеткен соң тағы да шылымын тұттатқан тергеуші олардың қылмысқа қатысы жоқ және нақты айғақты жауап беретін адамдар емес әсершіл-қияли біреулер деп келеке етті.
Оқиға болған ауданнан ең соңғы қайтқан автобусты автопарктен біліп, экспертиза жасауға және басқа да жолдарын қарастыруға болар еді, бірақ тергеуші істі (делоны) жапты да асығыс еңбек демалысын алып тайып тұрды...

***
Сот залы. Оқиғаны бастан-аяқ баяндап болған терімші (песір) өзінің екінші қалта телефонын сот мырзаның алдына қойды. Үлкен экранда қалта телефонға 15 жауапсыз қоңырау және бір хат келіп тұрғаны көрінді. Хатты ашты...

Т. Раушанұлы