Айгерім Пернешқызы. Отаным, саған айтамын

Елдің ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Айгерім Пернешқызының шығармасын ұсынамыз.

Өмеш Айгерім Пернешқызы 1998 жылы ,30 шілдеде қазіргі Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында дүниеге келген. Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің түлегі. 

***

Менің Отаным ол әрине өзінсің – Қазақстан. "Отан оттан да ыстық" дегендей менің отаныма деген махаббатым шексіз. Жұдырықтай жүрегіммен "Менің Отаным – Қазақстан!" деп мақтанышпен айтамын. Мен өз елімді, Отанымды жанымнан артық жақсы көремін. "Отан" деген деген сөздің өзі қасиетті ұғым екені, адамның жүрегіне жылы тиер сөз екені бәрімізгеде белгілі. Адам баласының жүрегінен ең бірінші ақ сүт берген туған анасына деген сезімі орын алса, екінші Отанына деген ыстық сезімі орын алады деп ойлаймын. 

Отан сенің туған елін, туған жерін, дос жарандарын, туған туысқаның. Менің түсінігім бойынша Отан бұл өзіміздің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жер. Осы Отан деген үлкен ұғымның ішінде әр адамның өз туған жері бар екені белгілі. Отанымның бір бөлшегі менің туып өскен жерім. Мен қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылында туып өстім. Түлкібас туралы естіген адамның көз алдына әсемде көрікті мекен елестейтіні аян. Мен Түлкібастай өлкеде туып өскеніме қуаныштымын. Түлкібас нағыз жер жәннәті. Қоғам қайраткері, жазушы Шерхан Мұртаза атамыз айтып кеткендей Түлкібас тұлпарлар туған жер, сұңқарлар ұшқан жер. Әрбіріміз үшін туған еліміз, туған жеріміз әр уақыттада қымбат. 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: "Біздің бір ғана отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан". Қазақстан дархан далалы, ұлан байтақты жер. Біздің Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық біздің қалауымыз. Елімізде қаншама ұлт пен ұлыс өкілдері тұрсада бірлігіміз жарасқан, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан, тұғыры биік мемлекетпіз.Тіліміз басқа болсада жүрегіміз тілегіміз бір. Өз отанын, туған жерін, құдіретті елін құрметтеу және мақтан ету әрбір қазақстандықтың міндеті деп білемін. 

Қазақстандық болу тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Шыңы керек, мен өзімді патриотпын деп санаймын. Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін. Мен Отанымды, отбасымды сүйемін. Мен дінімді, ділімді, тілімді сүйемін. Мен Отаным Қазақстан Республикасының туын, гимін, елтаңбасын құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, сонымен қатар, мен өз махаббатымды дәлелдей аламын. Мен Отаным – Қазақстанның кішкентай ғана бөлшегімін. Ойлаған, армандаған арманым көп, тіптен арманымның шегі жоқ. Меніңше Отан алдындағы менің борышым еліміз үшін,еліміздің болашағы үшін қызмет ету. Біз тәуелсіз қазақ елінің ұрпағымыз. Өз жерімізді, өз отанымызды әкелеріміз, аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен ешқашан шығарған емеспіз. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бір сөзінде: "Біле білсек, Отанды сүю – біздің перзенттік парызымыз, жаның қиған бабалардың асыл аманатына адалдығымыз" деген еді. 

Біз ежелден ер деген, даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз. Ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген, халықтың ұланымыз. Біз алтын күн бедерленген, көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен, бейбіт елдің азаматтарымыз. Отаным сенің көк байрағынды көкке көтергенді мақтаныш етемін. 

Біз Отанымыз Қазақстанның білімін, мәдениетін көтеретін азаматтармыз. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халықтың әл ауқатын арттыруға, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосуды басты борышым деп санаймын. Отаным мен саған қызмет етуге әрқашанда дайынмын. Мен шығармамды мына өлең жолдарымен аяқтауды жөн көрдім: 
"Елімді жерімді мен қоғаймын, 
Еліме көз тіккен дұшпаннан. 
Панасызға пана боламын, 
Баласызға бала боламын. 
Адам болам, еліме адал боламын".