- Негізгі бет
- Проза
- Әр адамның өзіне...
Әр адамның өзіне тиесілі жұлдызы бар
Бүгін – әйгілі «Кішкентай Ханзаданың» бейнесін жасап, өмірдегі өзі түйген ойларды бала көңілі арқылы жеткізе білген жазушы Антуан де Сент-Экзюперидің туған күні. Оның «кішкентай ханзадасы» – махаббаттың, достық пен адалдықтың символы.
Автор (баяндаушы) өзінің хикаясын анаконда жұтқан пілдің суретін салып, үлкендердің сынына қалғаны туралы әңгімесінен бастайды. Қалай ойлайсыз, есейген сайын қиял мен ойдың құшағына енуден гөрі тек көз алдымыздағы нәрсені ғана көруге құмартатынымыз неден? Міне, автор да осыны сұрағысы келгендей.
Оқиға желісі ұшқыштың еріксіз Африкадағы Сахара шөліне қонуынан басталады. Шөл далада кішкентай ханзаданы кездестіреді.
Ханзада қандай кейіпкер?
Сұрағы таусылмайтын, қайталаудан шаршамайтын, әрі сұраққа үнсіздікпен жауап беретін бала.
Ол неліктен ерекше?
Сіз ұмыт қалдырған балалық шағыңыздың айнасы, сіз бала кезде ойламаған, кейін есейген шақта ойлап, жауап таба алмаған сұрақтардың жауабы.
«Әр адамның өзіне тиесілі жұлдызы бар» , – дейді кішкентай ханзада.
Көп жүлдыздың ішіндегі шоқ жұлдыз болғанын үшін рақмет, Антуан де Сент-Экзюпери!
Т. Есқали