- Негізгі бет
- Проза
- Ана туралы кітаптар...
Ана туралы кітаптар
"Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
"Шеше" деп жаздым ылғи сөз басына"
⠀
Мұқағали Мақатаев
Анаға жыр арнамаған, ана туралы туынды шығармаған жан кемде кем. Бүгін ана туралы ең үздік үш кітапты ұсынамыз.
Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
⠀
Бұл кітапты автор өз анасы туралы жазған. Әкесі Мұртаза тұтқындалғаннан кейін анасы Айша үш баласын жеткіземін деп талай тауқыметті бастан кешеді. Оған талмай, алға жылжуға күш беретін - балалары мен жалғыз жаратушы. Аспандағы Айға қарап, жұбаныш тілейді. Шерхан Мұртаза анасы Айша мен Айдың байланысын шебер суреттеген.
⠀
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
⠀
Өз заманында ана туралы, әйел заты туралы ең көп қалам тербеген - Мүсірепов. Бұл шығармасында өз жүрегін жарып шыққан қызын зорлап алып бара жатқан жерінен анасы жанкештілік танытып, құтқарып алғаны баяндалады. Ел ішіне кең тараған аңызды автор шебер жеткізе білген.
⠀
Сайын Мұратбеков "Ананың арманы"
⠀
Үш ұл, бір қызы бар ананың тағдыры баяндалған шағын ғана әңгіме әп дегеннен адамды баурап алады. Кебежесінің түбінде жатқан үш камзолдың бірін де кимей, өзінен аяйтын, балаларының үйіне барса бір сәт тыным таппай шауып жүретін, бар өмірін балаларына арнаған ананың не арманы бар екен? Әңгімені өзіңіз оқып көріңіз.