Әлібек Байбол. Диптих (Ең қысқа әңгіме)

Жазушы Әлібек Байболдың ең қысқа әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз. 

Дежавю

– Бұ... бұ жерді көрген секілдімін.

– Жұмақ қой.

– Рас па?

ОЛ ұзақ ойланды...

Жамевю

ОЛ бұ... бұ жерді әлі көрмеген. Ұмытқан да болуы керек. Есіне де түсіре алмады, қап. Қатты қинайды. "Бұл – Жұмақ еді ғой..." деген сөйлем жадында жаңғырды...