"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #36

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #32

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #33

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #34

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #35

Шайқаста

2

Бірақ Абай оған аса қуанбады. Одан алдын да Абайды қадірлеген ауылдың жігіттері Абайға: «Сіз айтсаңыз болды. Оразбайды аяғыңызға құлатамыз», - деген болатын. «Мені қапқан иттен кек аламын деп қайта қапсам, менің одан айырымым қалмайды», - деп Абай олардың бетін қайырған. Енді Абай пессимистік жолға түскендей жүрді. Кейін ол Семейге барып, жақын тұтар досы Павловпен көп әңгіме құрады. Павлов Абайдың түңілгенін байқап, жарқын өмірдің келешекте боларын, қараңғы надандықтың жойылатынын, көп өтпей патша өкіметінің тоқырайтынын, ендігі барлық өлеңдерін келешек ұрпаққа арнап жазуын Абайға барынша байқатып түсіндіреді. Сол сәтте:

«Жүрегіңнің түбіне терең бойла

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!» ... - деп Абай жайнай кетеді. Осылай Абайға оптимистік жол көрсете алған досы Павлов болды. Енді Абай пәтерде жалғыз түңілмей, сырттағы қалың елмен, жақсы елмен араласа бастады. Пәтерге орысша училище, интернаттарда оқып жүрген қазақ балаларын әкеліп, әңгіме қосысады. Дәркембайдың Рахымы он сегізге келген. Ол училищеде оқып жүр. Әзімбайдың Нығыметі мен Кәкітайдың Жәлелі, Құнанбаевтар да интернатта оқитын. Олар он екі жасқа толып қалған. Он төрт және он екі жастағы Исаның Асаны мен Үсені де оқып жүр. Тоқсан тоғызыншы жылдың алғашқы қыс айларының сенбілерінде Абай осы балаларды жинап, Крыловтың мысалдарын қазақшаға аудартатын.

3

Биылғы қыста Абайды Семейге арнайы шақыртты. Жол серіктікке Баймағамбетті ертіп алып, Абай дағдылы Құмаштың пәтеріне түседі. Оны шақыртқан молда, қазіреттер, байлар мен шенеуніктер болатын. Тек Семейдегі емес, алыс-алыс өлке, уездтерден келген қажы мен имамдар да бар. Бас қосудың себебі бүкіл қазақ халқының ризалығымен барлық мешіттер бас қосып, бас имам «муфтиді» сайлау еді. Абай әдеттегі жиынға Павловпен ақылдаспағанда бармас еді. Павлов муфтиді сайлауға қарсы болатын. Себебі орыстардағы апостол мен поптар елге құдайдың атынан өз дегендерін істетіп, халықты әбігерге салып жатқан еді. Муфти сайланса да осы болмақ. Сармолла халфені көре алмай өлтірткен осы мешіттің адамдары болатын. Абай осыларға ұғынып құптады. Муфти мәселесі бойынша Семейдегі бас мешітке халық жиналатын болды. Муфти сайлауға Ғабдулжаппар мен Ғабдыразақ қазіреттер, Ысқақ бай және Салық бай, Сейсеке мен Білеубай қажылар, Әшім қожа, Ахметжан қазірет, сонымен қатар, Петерборда оқып жүрген болашақ адвокат Сақып Сақбаевтар келіп отыр. Абай да келді. Жаңағы қажы, қазіреттер өз ойларын ұқыппен айтып шығады. Ал сөз Абайға келгенде, ол осы байлауға қарсы шығып, әр түрлі нақты дәлелдер келтіреді. Байыптап, асқақтап сөз жарады. Халық та бірден шулап, Абайды құптай кетеді. Бір әлгі Сақбаев қарсы келіп еді, оны да Абай жеңіп тастайды. Осыдан үш күн өте Семей полицмейістері Павловты қамауға алады. Олар Абайдың пәтерін де тінтіп кетеді. «Абай мен Павлов тіл қосып, елде бүлік шығарғалы жатыр. Дәлел қағаздары да болуы тиіс», - деп, осыны істеткен Сақбаев екен. Бірақ ешқандай қағаз немесе дәме табылмайды.

Сурет: tengrinews.kz