"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #25
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #26
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #27
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #28
Қақтығыста
3
Оспан қайтыс болғалы, оның орнына уақытша Шәке (Шәкәрім Құдайбердіұлы) болыс болды. Шәке Абайға атшабары арқылы көп хат-хабарын жіберіпті. Абай үстінен оязға түскен арыздар көбейіп кеткен деседі. Соны білдіріп, шақыртқан секілді. Ал көп өтпей Тәкежаннан атшабар келеді. Абай тағы бір сұм басталатын сыңайлы деп ойға батқан болатын. Ол Оспанның жылын ертерек берейік депті. Себебі дәл жылдығын күтетін болса, тұра желтоқсанның қақаған суығына тап болады екен. Қыста қонақ күту кәдесі де жақсы болмайды. Абай бұл ұсынысты мақұлдап, Тәкежан, Ысқақ үшеуі, Оспан үйінде жиналысты. Алдымен мол сойым мен шығынды бөлісіп алысты. Тәкежан мен Ысқақтың жүзінде алдынғы кектің ізі көрінбейтін. Керісінше Оспанның жылына барынша малын салыспақ. Осылай үш бауыр Оспанның жылын бір айда беруге бел буысты. Ал Әбіштің ойы басқа жақта болатын. Әбіш Дәркембаймен сөйлескенде, ол: «Алған біліміңді қойныңа салып кетпе. Еліңе жарық алып кел. Артыңда бауыр жеткіншегің, өренің бар. Солардың көзін аш», - деген болатын. Әбіш осы сөзден кейін жатаққа мектеп салдыртып, бала оқытуға бас бұрғалы ойланып жүрген еді. Сол пікірін көп өтпей Абайға білдірді. Абай бұған қуанып, қолдайтынын айтады. Бірақ елім деп, халқым деп жүрген халықтың әлі шықпағанын айтып, күйіне кетті. Сонда Әбіш Шоқан мен Ыбырай жайлы бар білгендерін айтып еді, Абайдың жүзінде қуаныштың белгісі пайда болғандай болды. Кейін Әбіш Дәрменмен бірге көп отырып. Әңгіме құрды. Биыл жазда Мағрипаға екі рет құда түсіпті. Былтыр Ділдә Мағышты (Мағрипаны) келін етемін дегендей ымдап кеткен екен. Содан Мағрипаның туғандары келген кісілерді қайтарып жіберіпті. Әбіш Мағашты жіпсіз байлап отырғанын түсініп, онымен оңаша сөйлесуге бел буады. Кездесуді Өтегелді мен Дәрмендер ұйымдастырады. Сосын кездесуде Әбіш әлі ешкім білмейтін нуақастығын білдіреді. Үйленетін болса, жұқпалы ауру Мағрипаға да ауысатынынан уайымдайтынын айтады. Мағрипа: «Сенен айырылған күнім өлгенім, өлсем де сенімен бірге өлемін», - деп Әбішті құшақтай, жылап жібереді. Әбіш қыздың шын ғашықтығына сенім білдіріп, Оспанның жылы өткеннен кейін құда түсетінін айтты.
Қоршауда
1
Оспанның жылын беріп, қонағын атқаруға Құнанбайдың бар ауылы араласты. Енді Тәкежан мен Ысқақтың бар ойы Оспанның жері мен малын, қыстауларын қалай бөліп алу болды. Ал Қаражан мен Мәніке, екі абысын, өз алдына бөлісуді ойласып жатты. Мәніке Ысқақтың жалғыз әйелі болатын. Бұл екеуі соңғы кездері Ташкент керуендерінен апиын (наркотик) алып, шегуді шығарған. Ал Тәкежанның билігі Қаражанның қолында еді. Еркежанның қыстауы Жидебайда, Зейнептікі Мұсақұл деген жерде, ал Торымбаланыкі Барақ деген жерде болатын. Осы қыстау мен әмеңгерді бөлісу мақсатында Оспан үйіне Тәкежан, Ысқақ және Абай жинады. Абай келісімен мал-жерге таласпайтынын айтты. Сосын жесір де алмайтынына тоқталып кетті. Ал жесірлердің өзінен сұрағанда Еркежан әмеңгерлікке қарсы тұрып алды. Ол: «өз күйеуімді жоқтап, қаралы үйде отырамын», - деді. Оған қоса оның қолында екі баласы бар. Оспанның өзінен бала болмағандықтан, ол Еркежан екеуі Ақылбайдың Әубәкір және Пәкизат деген балаларын бағып алған болатын. Еркежан енді күйеуге шықпай, сол екі перзентін бағып-қағып отыратынын айтты. Ал қалған екі жесір әмеңгерлік жолмен туысқанның қарамағына өтуге қарсылығын білдірмеді. Сөз межесі асығыс бітті. Нақты шешімдер де айтыла қоймады. Себебі Абайдың ояз шақыруымен Қарамолаға кетуі керек еді.
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #30
Сурет: kk.wikipedia.org