"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #27

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #23

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #24

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #25

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #26

 

 

Өкініште

2

Қоңырәулиеден қайтқан жастар ел ішінде үлкен әлек тұрғанын Абайдан есітеді. Ол әлек Оспан мен Оразбай арасындағы дау екен. Оразбай қасындағы Керей, Уақ, Қаракесек ауылдарынан талай мал ұрлатып, өзі байып алған. Оспан болыс болғандықтан, билерді жинап, дәл Оразбай ауылына барған болатын. Оспан ол жерде үлкен сияз өткізбекші болған. Оразбай мұны алдын ала біліп, қалаға арыз тастауға кетіп қалыпты. Оспан түнімен демалмай артынан қуып барып, Оразбайдың ояз кеңсесіне енді кірейін дегенде Оспан оны ұстап алып, ауылға алып қайтады. Оразбайдың қолын арбаға байлап алып, екі күн және екі түн бойы Семейден қайтар жолда жаяу жүргізіпті. Оразбай Оспан ауылында тұтқын болып жатқанда Тәкежан келіп, оны босатып алады. Себебі, осы жағдайдан бұрын, Оразбай Тәкежанға құда болуды ұсынған болатын. Әзімбайдың бесіктегі қызын Оразбайдың Демеу деген ұлының үш жасар баласына айттырып, жүз жылқы беруге серттескен екен. Енді Оразбай қайта Семейге барып, Оспан мен Абайдың көзін біржола жою үшін арыз қалдырыпты. Ояз арызды алып көргеннен кейін, Абайды қалаға шақыртады. Әбіштің де демалысы аяқталып қалған болатын. Ол да әкесімен бірге қалаға жөнеле кетті.

Қақтығыста

1

Биыл да Әбіш жазғы демалысқа қайтқан. Бірақ бұл жаз бөтен іспеттес. Ел қаралы. Себебі өткен қыста Оспан қайтыс болған. Сол қыс өзі семіріп кеткен болатын. Ағайындар оның неден қайтыс болғанын да анықтай алмапты. Алты күн дегенде өмірден озған. Оспанның әйелдері Еркежан, Зейнеп, Торымбала – үшеуі өз ерлерін күнде жоқтауда. Әбіш ауылға келгелі үш күн Оспан үйінде құран оқыды. Сосын Дәрмен оны ертіп алып, жайлауға шығады. Алдарынан бір кіші бала шығып, сәлемдеседі. Ол Дәркембайдың жалғыз баласы екен. Дәркембайдың әйелі де, балалары да қайтыс болған болатын. Жақында ғана ол Бөкеншінің Жаңыл деген жесіріне үйленіп, содан жалғызы Рахым туыпты. Екі жігіт Дәркембайға барып көрісті. Үй ішінде отырып, үшеуі біршама әңгіме құрады.

Енді сөз Оразбайға кеп тірелді. Ол өзіне сенімді тіректерімен бірге бір тәсіл ойлап жатты. Оның бір серігі Тәкежан еді. Ол Абайға қас болудың да амалын тапқан. Ұяттан жұрдай аға Оспанның әлі жылы да өтпей, малын бөлісуге көз тігіп жатқан еді. Ал Абай оған қарсылығын білдіріп, күтуге бұйырған. Ал Оспанның артында ұрпағы қалмаған болатын. 

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #28

Сурет: kk.wikipedia.org