"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #9
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #10
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #11
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #12
Еңісте
3
Он шақты күннен бері Абай Семейде Каталашкада (түрмеге дейінгі жазалау орны) отыр. Кошкин барып Абай үстінен үлкен акт жазған болатын. Абайдың Семейдегі досы Андреев күн ара келіп, түрлі кітаптар тастап кетіп жүреді. Кітап оқумен Абайдың талай күндері зымырап кете жатады. Ербол ауылдан қымыз, ет-тамағын әкеліп, хабар алып тұрады. Көп өтпей Абайдың ісін сот емес, әмір қарастыратын болып шешіледі. Іс қаралғанда ояз Кошкиннің өтірігі шығып, ұятқа қалады. Бірақ сонда да Абайды алты айға жазады. Абайдың қайын атасы Тінібектің досы Әлдекеновтың қызы Салтанат алты айға мың сом залог төлеп, Абайды шығарып алады. Ол кезде Абай әлі Салтанатты танымайтын да. Кейін танысып, ол жайлы есіткен сайын ұялып, қызаратын. Абайдың ісі қозғалған кезде адвокат ретінде қатысқан Андреевтің жақын досы Михаилов деген кісі болатын. Абай бұрын бұл кісімен Гоголь кітапханасында танысқан еді. Бұл екеуі кітапқа деген құмарлығымен бір-біріне сәйкестене түскен. Михаилов Евгений Петрович Абайға әлі ашылмаған ғылымдар мен әлемнің талай қызықтарын айтудан жалықпайды. Содан кейін олар жиі кездесетін, көп әңгімелесетін болды. Абайдың тағы Лосовский деген танысы бар еді. Ералыда ояз Кошкинмен болған тартыстың куәгері болған. Сосын Абайдың ісінде шындықты айтып, Абайдың куәгері болған да осы Лосовский. Кошкин Семейден Өскемен уезіне ояз болып сайланады. Ал Семейге Лосовский тағайындалады. Лосовский бітпей қалған сайлауды аяқтауға бет алады. Андреев пен Михаилов кеңесімен Абайды Лосовский қасына қосып алады. Бұлар бір айша ел аралап, Шыңғысқа Тоғжанның ағасы Асылбекті болыстыққа Абай кеңесімен сайлайды. Қоңыркөкшеге Шымырбай дегенді, Қызылмолаға болыстыққа Ысқақ деген кісіні тағайындайды.
Оқапта
1
Күздің ұш қиыры көрініп, ел күзекке Орқұдыққа көшкен. Абай келмегеніне талай болғаннан кейін, Ұлжан хабар білуге Манасты артынан жіберген болатын. Ал Манас барған жерінде Абайды Салтанатпен бірге көреді. Сосын ол жұртқа тегіс таралып, Ділдә мен Әйгерім де естиді. Абай ауылға қайтқанда Әйгерімнің қатты ренжігенін көріп қысылады. Сосын өз үйінде жалғызсырап, тек кітаппен дос болады. Сондай күндерде үйге Ербол келеді. Ерболдың басты хабары той болатын. Есқожа ауылындағы Үмітей сұлу ұзатылмақ. Ал күйеу Көкше Қаратайдың туысы, Алатайдың баласы Дүтбай екен. Тойдағы бір ерекшелік Құнанбай баласы Әмір бастаған сал-ақындар серуені еді. Әрине бұл серуен ел ағаларына ұнамады. Осы жайлы Құнанбайға Айғыз бен Қаратайдан шағымдар түседі. Құнанбай: «Ертең Ызғұтты мен Әмір таң атпай маған келсін», - деп қысқа сөзін қайырады. Айтқанындай олар келді. Әмір әкесінің қасына отырған сәтте Құнанбай қолымен баласын бұға кетеді. Ызғұтты араласып еді, оны жекіп тастады. Нұрғаным оларды ажыратпақ болып еді, Құнанбай кеудесінен бір теуіп жіберді. Әмірдің демі тарылып бара жатқан болатын. Сол кезде Абай келіп қалады. Әкесіне қатты жекіп, Әмірді босатып алады. Құнанбай балаларына наразы болып, теріс бата беріп жібереді.
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #14
Автор: Жолдас Өрісбаев
Сурет: kk.wikipedia.org