Ақпараттық хабарлама
«Effective Media Liaison» ЖШС-нің https://tengrinews.kz/ және https://massaget.kz/ сайттарындағы интернет алаңдарын 2022 жылғы 20 қарашаға бекітілген Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысатын ҚР Президенттігіне кандидаттарға ұсынудың жалпы шарттары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президенті 2022 жылғы 21 қыркүйектегі №1019 Жарлығы негізінде «Effective Media Liaison» ЖШС – «https://massaget.kz/ және https://tengrinews.kz/» сайттарының (бұдан әрі – Сайт немесе Сайттар) иесі 2022 жылдың «20» қарашасына белгіленген кезектен тыс сайлауда ҚР Президенттігіне тіркелген кандидаттарға (бұдан әрі – Кандидат) сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын (бұдан әрі – үгіт-насихат материалдары) Сайттарға орналастыру үшін Интернет алаңдарын ұсыну төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ақпарат береді.
ҚР Президенттігіне кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихаты 2022 жылғы 21 қазанда сағат 18:00-ден 2022 жылғы 18 қарашада сағат 00.00-ге дейін жалғасады, осылайша үгіт-насихат материалдарын Сайттарға орналастыру көрсетілген кезеңде жүзеге асырылады.
Сайт жазбаша өтініш пен сайттың меншік иесі мен Кандидат немесе Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалатын шарт негізінде Интернет алаңын ұсынады. Үгіт-насихат материалдарының саны мен орналастыру кезеңі Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шартта белгіленеді.
Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезек тәртібімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен өтініштің келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру тәртібі жазбаша өтініштерді қабылдау немесе өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда жеребе бойынша қабылдау арқылы белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Сайт анықтайды.
Сайтқа үгіт материалдары орналастырылған күнге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады. Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпаратты берген тұлғаның аты-жөні көрсетілуі тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне өздері жауапты болады.
Сайттардың иесі үгіт материалдарында конституция құрылысын күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық өшпенділік, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол беру, заңда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер болса, үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Үміткер Сайт иесінің талабы бойынша жоғарыда сипатталған материалдарда қамтылған ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Осы ақпарат хабарламасында көрсетілген Интернет кеңістігін ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
|
Орналастыру талабы |
|
|
Жарнамалық ақпараттық материалдар |
|||
1. |
https://tengrinews.kz сайтына анонспен ұсынылатын материал |
Соңғы жаңалықтар лентасында (бос орынмен қоса есептегенде 2 500 символдан аспайтын, көлемі 1280х720 пиксельден аспайтын 3 сурет ) анонспен бірге Telegram Tengrinews (бос орынмен есептегенде 900 символдан аспайтын, 1080х1080 пиксельден аспайтын 1 сурет) пен Instagram Tengrinews (24 сағат ) Stories-де |
1 100 000 (бір миллион жүз мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде.
|
2. |
https://tengrinews.kz сайтында материал |
Соңғы жаңалықтар лентасында, сондай-ақ «Президент сайлауы 2022» (бос орынмен қоса есептегенде 2 500 символдан аспайтын, көлемі 1280х720 пиксельден аспайтын 3 сурет) айдарында
|
750 000 (жеті жүз елу мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде.
|
3. |
Пакет «10+» https://tengrinews.kz сайтында материал |
Соңғы жаңалықтар лентасында, сондай-ақ «Президент сайлауы 2022» (бос орынмен қоса есептегенде 2 500 символдан аспайтын, көлемі 1280х720 пиксельден аспайтын 3 сурет) айдарында
|
Бір материалға 600 000 (алты жүз мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде, егер 10 немесе одан да көп материалға тапсырыс беруге келісілген болса. |
4. |
https://tengrinews.kz сайтында бейнеролигі бар материал |
Соңғы жаңалықтар лентасында, сондай-ақ «Қара» блогында |
800 000 (сегіз жүз мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде. . |
5. |
https://tengrinews.kz сайтында фоторепортаж |
«Қара» блогында соңғы жаңалықтар лентасына шығару (бос орынмен қоса есептегенде 5 000 символ дан аспайтын, 25 фотосуреттен аспайды). |
700 000 (жеті жүз мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде.
|
6. |
https://tengrinews.kz сайтында Интервью/Лонгрид / инфографикасы бар карточкалар материалы |
«Оқы» блогында басты бетте/ (бос орынды қоса есептегенде 10 000 символдан аспайтын, көлемі 1280х720 пиксельден аспайтын 5 фотосурет) |
900 000 (тоғыз жүз мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде.
|
7. |
kaz.tengrinews.kz сайтында интервью материал |
Соңғы жаңалықтар лентасында, «ОҚЫ» блогында (бос орынды қоса есептегенде 10 000 символдан аспайтын, көлемі1280х720 пиксельден аспайтын 5 фото) |
300 000 (үш жүз мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде.
|
8. |
Пакет «kaz.tengrinews.kz пен Massaget.kz материалдары» |
Соңғы жаңалықтар лентасында (бос орынды қоса есептегенде 2 500 символдан аспайтын, көлемі 1280х720 пиксельден аспайтын 3 фото) |
350 000 (үш жүз елу мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде.
|
9. |
https://massaget.kz сайтында материал |
Соңғы жаңалықтар лентасында, (бос орынды қоса есептегенде 2 500 символдан аспайтын, көлемі 1600х900 пиксельден аспайтын 3 фото) |
150 000 (жүз елу мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде.
|
10. |
https://massaget.kz сайтында интервью материал |
Соңғы жаңалықтар лентасында (10 000 таңбадан артық емес, 1600x900 пиксель өлшеміндегі 5 фотосуреттен көп емес) |
180 000 (жүз сексен мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде.
|
Сайттардың ресми әлеуметтік желілерінде жариялау |
|||
11. |
Telegram Tengrinews-те пост |
бос орындармен 900 таңбадан артық емес, 1080x1080 өлшемді бір фотосуреттен көп емес |
400 000 (төрт жүз мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде.
|
12. |
Tengrinews-те пост |
бос орындармен 2000 таңбадан аспауы керек, 1080x1080 пиксельді үш фотосуреттен аспауы керек. |
600 000 (алты жүз мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде; |
13. |
Tengrinews-те пост |
бос орындармен 2500 таңбадан аспауы керек, өлшемі 1080x1080 үш фотосуреттен аспауы керек. |
100 000 (жүз мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде |
14. |
Tik Tok Tengrinews.kz пен Tik Tok Massaget-те видео пост. |
Бейне ұзақтығы – 1 минутқа дейін. |
400 000 (төрт жүз мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде.
|
15. |
Instagram Massaget-те пост |
(бос орынмен 2000 таңбадан аспауы керек, өлшемі 1080x1080 пиксель болатын үш фотосуреттен аспауы керек) |
50 000 (елу мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде. |
16. |
Facebook Massaget-те пост |
(бос орынмен 2500 таңбадан аспауы керек, өлшемі 1080x1080 пиксель болатын үш фотосуреттен аспауы керек) |
50 000 (елу мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде. |
Сайттардағы медиалық жарнама |
|||
17. |
https://tengrinews.kz сайтында Баннер 300 х 350 (middle mob) |
1000 көрсетілім, тек басты бетте, сайттың мобильді нұсқасында, |
600 (алты жүз мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде
|
18. |
https://tengrinews.kz сайтында Баннер 300 х 350 (middle mob) |
Сайттың мобильді нұсқасында негізгіден басқа барлық беттерде 1000 көрсетілім |
600 (алты жүз мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде
|
19. |
https://tengrinews.kz сайтында Пакет «Баннер Баннер 300 х 250 (top)+320x100 mob stick
|
1000 көрсетілім өтпелі (сквозной) орналастыру |
1 000 (мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде
|
20. |
https://tengrinews.kz сайтында InPage video
|
1000 көрсетілім |
2500 (екі мың бес жүз) теңге, ҚҚС қоса есептегенде. |
21. |
https://tengrinews.kz сайтында Pop-up «Кандидат» |
Күнделікті орналастыру, Desktop нұсқасы, өлшемі 200x200. |
250 000 (екі жүз елу мың) теңге, ҚҚС қоса есептегенде. |
22. |
https://massaget.kz сайтында 300х250, 320х100 mob stick |
1000 көрсетілім өтпелі (сквозной) орналастыру |
500 (бес жүз) теңге, ҚҚС қоса есептегенде, баннер өлшеміне қарамастан. |
Жарияланған мәтіндік материалдар Desktop нұсқасында, мобильді нұсқада және Сайттың мобильді қосымшасында қолжетімді болады. Жариялауға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дайын материалдар қабылданады.
Сайттарда үгіт материалдарын орналастыруға жасалған шарт бойынша төлем Сайттардың иесі берген шот негізінде шот жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлем жүзеге асырылады.
Сайтқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға жазбаша өтініштерді тіркелген кандидаттардан иесі 2022 жылғы 18 қазаннан бастап 2022 жылғы 15 қарашаны қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, келесі мекенжай бойынша қабылдайды: Алматы қаласы, БО «Verum, көш. Мыңбаев, 151 (тоғызыншы қабат). Өтініштер күн сайын, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.
Факсимильдік және Интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.
Барлық материалдар «Төленген материал......» белгісімен бірге жүреді.
Коммерциялық директор:
ТОО «Effective Media Liaison» Мейрманова М.Е.