Миллионға жуық оқырманы бар шетелдік тревел блогер Алматыға келді 20 қазан 2026, 12:28

Instagram желісінде миллионға жуық оқырманы бар ұлыбританиялық тревел фотограф әрі блогер Джордж Купер Алматының туристік көрікті жерлерімен танысты. Сапар Almaty Tourism Bureau ұйымының қолдауымен ұйымдастырылып, қаланы шетелдік аудитория арасында насихаттауға бағытталған. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Сапар бағдарламасына Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе және Вознесенск кафедралды шіркеуі кірген. Ұлыбританиялық саяхатшы Алматының табиғи көрікті жерлерін, тарихи сәулет ескерткіштерін және туристік инфрақұрылымын тамашалаған.

Суреттер: Алматы әкімдігі

Джордж Купер табиғат көріністерін суретке түсіруге, саяхат, табиғат және ерекше туристік бағыттар туралы контент жасауға маманданған. Оның жазбалары халықаралық аудиторияның қызығушылығын тудырып келеді.

Сапар қорытындысы бойынша блогер әлеуметтік желілерде Алматы туралы суреттер мен бейнероликтер жариялауды жоспарлап отыр. Ол оқырмандарына қаланың тау бағыттарын, көрікті жерлерін және демалыс мүмкіндіктерін таныстырмақ.

Алматы әкімдігі мәліметінше, 2026 жылы қалаға келетін шетелдік туристер саны 800 мың адамнан асады деп болжанып отыр.

Алматы әкімдігі ұсынған материал