Түсімде...

Түсімде...

Массагет күннен күнге өркендеп, дамып келе жатыр. Оқырмандар ауқымы да кеңейіп, толысуда. Сайтқа күн сайын жиырмадан асқан жігітітің төрелерімен қатар, мектеп оқушылары да бас сұғып, қызықты ақпараттармен сусындауда.

Жас дарындарға қолдау көрсету мақсатымен бұл жазбаны Массагеттің жас оқырманы Гүлдана Егембергенованың шығармашылығына арнамақпыз.

Гүлдана 1997 жылы мамыр айының 13-жұлдызында дүниеге келген. Қазіргі кезде Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы Ғабиден Мұстафин атындағы №5 қазақ орта мектебінде 10 сыныпта білім алып жатыр. Назарларыңызға талапкер ақынның "Түсімде" атты өлеңін ұсынамыз.

 Түсімде....

Соңғы кез көшеден көре алмай,

Тек қана түсімде көремін.

Бұл ғажап сезімді жеңе алмай,

Сіз десе расымен, өлемін!

 

Түсімде бәрі де керемет,

Сондықтан оянғым келмейді.

Маған тек күлкіңіз керек ед:

Жаралы жанымды емдейді.

 

«Ұнармын, көңілден шығармын...»...

Қол созам әйтеуір ұмтылып.

Мен бәлкім, ақымақ шығармын,

Сүймеген адамға ынтығып.

 

Қытайдың әріпі сияқты,

Алмадым мен сізді түсіне.

Иә, сізге бәрібір сияқты,

Тыныштық бермейсіз түсімде.

 

Ұмытам десем де бәрібір,

Түсіме рұқсатсыз кіресіз!

Шын ғашық жандардың жаны бір...

Жүректе мәңгі өмір сүресіз!

27.10.2012.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: автордың жеке мұрағаты