31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Өткен ғасырда қазақ халқының басына төнген зардап қаншама қазақтың өмірін қиды, зиялы өкілдерімізді жер аударды, атты. Осының салдарынан қазақ халқының саны азайды. Бұндай қасіретті күндерді болашақ ұрпақ ұмытпауға тиісті. Қасіретті ғасырдың нәубетін өлең тілінде сөйлеткен ақындарымыздың саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш-жырларын назарларыңызға ұсынамыз. Қарағанды лагеріДүр сілкінтер дүниенің дүрмегі ауыр,Күнде дабыр бұл тірліккүнде дауыл.Алаш жұртыазаптың аралы ма Қарағанды лагеріБұл не лагерь?..Сарыарқаның қойнауы мәңгі жасыл,деп ойлама ерке қыз,қаңғыбас ұл!Сен де міндің келместің кемесіне Қанды қасап жасаған, қанды ғасыр!Ғалам да алаң өткенгесанам да алаң,Көңіл айтсын адамзатсаған, далам!Қарағанды лагеріқара түнек Қарағанның түбінде қараңдаған.Қалмаса да зұлымдық мәңгі жасап,Қиямет қайым көргенімқанды қасап.Жиырмасыншы ғасыр солалшаң басқан ГУЛАГ архипелагын алдына сап.Қарағанды,Қазақтың қара нары,Самал әні сарнайдысаған әлі.Жұмыр жерде жұдырығын ішке түйіп -Сталиннің өріп жүр балалары.Арғымағым,арда едім,арыдым де.Қадірлімнің таба алмай қабірін де.Сталиннің вагоны музейде тұр Қаңқасынан қан саулап әлі күнге.Ұрпақ мынау өткеннен не біледі,Сүйегімді сол сауал кеміреді.Қарағанды лагері қаралы өлеңЕсіл,Нұра егізім егіледі.Зар айтады,қан құсып көкірегі,Жетім желге қосылып жетігені.ЖалаңашкөлАлжир бопшашын жайып Степлагы Кеңгірде өкіреді.Басы бардың бақ тұрмас бар баяны,Арулардың арман боп ардай әні.Көктіңкөлі қос қолын көкке жайса,Сарысудың өзені сарғаяды.Ірің толған ібіліс іреңінде,Будақ-будақ бұлт көшкен бұл өңірде.Қарағанды лагері қара таңбаЖиырмасыншы ғасырдың жүрегінде.Кешіріңдер,Жан аға,ақ аналар,Сағаналар сөйлесінбағаналар.Жиырмасыншы ғасырдың басындағыҚарағанды лагері қара орамал. Ғалым Жайлыбай Ақын Рухымен серттесуКере қарыс маңдайынан ғарышқа жол салып,Шаһиттік Ер ғұмыр шалқыған!Сұңғыла сертінде бодандық булығып,Дұғалы сөзінде азаттық аңқыған!Арыстан жүректі, абадан мінезді асылым!Ажалды жылатып, айбынды от жырың,Жалғанды жұбатты періште пәктігің.Жан мұңын сөйлетіп,Ар құнын құлпыртып,Алаштың демінен Жұмақтың суретін билетіп,Кешегі керауыз сатқынды састырып,Бүгінгі сорауыз жалтаққа қастығып,Көңілдің көгінде қырандай сусылдап,Жүректің қобызын күңірентіп,Қош келдің біздерге, Ақ Сәуле Ақтық Үн!Тәңірі тірілтіп, Тәңірі қолдаған,Бес күндік өмірдің өзегін жалғаған,Ер Баба тілінен өр, дана Рухың нәр алып,Сегіз қыр Сөзіңнен сегіз нұр таралып,Күн шығыс көзінен күрең нұр қара өлең лаулатып,Күнбатыс көгіне Күн болып жаралып,Алашқа Алланың Самалын естіріп,Қош келдің бұл жерге, қаһарман хас Ақын!Қош келдің, Жанарым!Туған жер топырағын толғатып,жібектей желімен сырласып,шөбімен, аңымен, құсымен мұңдасып,Түбі бір Түркі үшін,Алтайдай құлазып,Арқадай аңырап,Тұранның төсіне жұлдызды ойлары жамырапҚаламның ұшынан Әлемнің сезімін түрленткен Ұлы Ақын!Қош келдің Тәуелсіз Түркіге!Қош келдің Тәуелсіз Қазаққа!Даланың көшпелі Обалын ойлаған Сананың мәңгілік Шырағы.Ойының киелі тұмары,Рухы сусаса сусындар қасиет бұлағы Сендегі Аңсардың зарыменҮміттің қанымен көктеген жазбалар,қазақтың Есінде Дес болып жайқалып,Жусандай бұрқырап тұр әлі!Сен сендің Жастарға,Сен сенген мына Мен Сөзіммен шайтанды шошыттым!Өзіммен кәпірді жасыттым!Желтоқсан желінде Қайрат боп қаһарым жұлқынып,Ажалға жүгірдім кегіммен ұмтылып!Содан соңКірпіктің ұшында қуаныш мөлдіреп,Көзімнің ішінде Көк Туым желбіреп,Арқаның төсіне айбарлы Астана орнатып,Алаштың мерейін тасыттым!Сен сенген мына Мен,Е-е-хе-һе-ей!!!!Қарашы, адамның аспантек баласы!Иманым жүзімнен жыр болып шашырап,Күн болып шаттанып, шалқақтап күлемін!Білемін,Көмейден күй сынды сұңқылдап тілегім,Ел үшін жұлыным жұлынса өкінбен!Хас Ақын,Мен саған Ант етем!Алланың жұпарлы Атымен Ант етем!Әлемге сүйгізем Қазақтың хұсни жүрегін! Бауыржан Қарағызұлы Әлиханның түймесі Есімі көңіліме мұң тізді бір,Таңдағы шолпан яки күндізгі нұр.Жалт етіп жасын шашқан жалқын сәулеЖарқ етіп жанып сөнген жұлдыз ғұмыр.Көктегі көк нұрлардың санатында,Құсының маржан жанған қанатында.Арманын Алашының алып ұшқанӘлихан Бөкейханов дара тұлға!Басымдау болса-дағы соры бақтан,Етеді қазақ жұрты оны мақтан.Арайын Ақтоғайдың аялаған,Толқыны Тоқырауынның толып аққан.Ұрпағы байтағында өніп-өсіп,Адамның кіндік кескен жері бесік.Төреден тегін тартқан төредей ұлҚазақты сүйген екен өліп-өшіп.Болса да сол арыстың қысқа күні,Келеді құлағыма құстар үні.Әр тасым түйме болсын өңіріме -Осы еді Әлиханның ұстанымы.Жетер деп:Тақ та маған, бақ та маған,Ат жалын тартып мінген атпал ағам.Арманын арай таңға шомылдырып,Даласын бабасының баққа ораған.Алаң жұрт,алаң да алаң,алаң бәрі,Жас болып тамып түскен жанардағы.Мәңгілік қазақ елі -ей, бауырым,Аңсаған арыстардың ақ арманы.Өлеңге айналғанда көңіл нәзік,Өткеннің өнегесі өмірге азық.Алаш деп аламанға ат қосқанда,Арманы арыстардың - ТЕМІРҚАЗЫҚ!Көшімнің күнде айналған көрігіне,Бабамның жері міне,елі міне.Тас емес Әлиханның ақ арманынТүйме қып қада, ҚАЗАҚ, өңіріңе!Мақпал Мыса