Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Көмекей әулие атанған әйгілі жырау, ойшыл дана, көреген қайраткер Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына және Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Өлең сөздің данасы республикалық мүшәйрасы өтетінін жазған едік. Аталған мүшайра бүгін Қарағанды қаласындағы Шалқыма концерт залында өз мәресіне жетіп жеңімпаздар анықталды. Байқауға еліміздің түкпір түкпірінен атап айтар болсақ, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстары мен Астана қаласынан 17 ақын келіп қатысты. Алдымен байқауға келген ақындар қазақтың жырауы, ханнан да қарадан да қаймықпай отты жырымыен шындықты тіліп айтқан көмекей әулие Бұқар жырау Қалқаманұлының ескерткішіне гүл шоғын қойды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласында: Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Бұл тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр намасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім мен бет алуын қалаймын, деген еді. Осы мақсатта еліміздің Қарағанды облысында да игі істер өткізіліп жатыр. Мүшәйраға белгілі ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушанов төрелік еттті. Сайыс қорытындысы бойынша Гран-приді Астанадан келген Мирас Асан алып, марапат ретінде 590 000 теңге табыс етілді. Бірінші орынды Түркістан облысының ақыны Ғылымнұр Қыдыржанов иеленді. Екінші орынды Павлодар облысынан келген Қуанышбек Шарманов пен астаналық Олжас Қасым өзара бөлісті. Ал үшінші орында Альбина Мұхамбетова (Атырау облысы), Нұрболат Сатымқұл (Жамбыл облысы) және Ерқанат Кеңесбекұлы (Қарағанды облысы). Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлық алды. Бірінші орынға 413 000 теңге, екінші орынға 295 000 теңге және үшінші орынға 177 000 теңге берілді. Мұндай байқауды өткізуден мақсат Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін көтеру, Бұқар жыраудың әдеби мұрасын және тарихтағы елеулі орнын насихаттау, ақын-жыраулардың шығармашылығына қолдау көрсету арқылы жыраулық поэзияның дамуына ықпал ету, еркін елдің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын жыраулық поэзияның құдіреті арқылы қалың жұртшылыққа паш ету еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана, деген еді. Ендеше қиын-қыстау заманда Абылай ханның қасынынан табылып, ақылшысы болған, көмекейі бүлкілдеп халыққа арнауды жырмен жеткізген Бұқар жырауды насихаттау, еліміздің болашағы жастарға түсіндіру Рухани жаңғыру-дың бір парасына жатады. Алдағы уақытта еліміздің елдігін сақтап, ұлыларымызды ұлықтаған тұлғаларды насихаттайтын осындай игі шаралар көп болуын тілейміз.