Із Алты таспа дүр ат сауырына салған із,Ат тұяғыннан Алтайдың асуларына тамған із,Өше көрме.Қара жолдағы тұяқ орынына топырақ толғанша,Қайыстан майысқан түктер басын көтеріп болғанша,Жортатын еді,Даланың жон арқасының иін қандырып,Қарағай діңіне дыраудан сусыған күйін қалдырып.Сонау ықылымнан шұбатылып,Алтайдың сай-саласына сыңген жолдығы жоқшы қазаққаҚылқұйрық мінген,Жолығар ма едім.Қайран да қайран атты қазақтар! Таңертең Түргенде шымылдығын желекті аспан,Естілді тірлік үні жел ап қашқан.Бұрқырап буы аспанға жатқан қойдың,Серкесі ерте оянып серектастан.Түнімен тамған сәуле далаға айдан,Шық болып шөп басына тұнады ойнап.Қойшы аға шыға келді кердөненін,Жетелеп қапталдағы қарағайдан.Дидары жеңешемнің таңша ағарып,Отырды тас ошаққа арша жағып.Түтін-қыз тірлік иісін қалдырды да,Аспанға сіңіп кетті аңсары ауып.Ер салып жатқан ағам ысқырығы,Секілді таңда оянған құстың үні.Жеңгем жүр, бұрымында арша иісі,Бүлдірген ерінінде қыстырулы...Төр жайлау, Мен де сендей, сен де мендей,Көңілім кермедегі кердөнендей.Телмірдім шаңырағымнан шексіздікке,Аспанды бұдан бұрын көрмегендей. Нөсер Аспандағы қақтығыс.От қамшыны үйірген.Қыз-көктемнің қабағы,Енді ашылар түйілген.Көктем келіп қалаға,Бұлданғалы қанша күн.Өктем болып сезімнен,Мен Алтайды аңсадым.Мен Алтайды аңсадым,Тағы ұйқысыз түн-ау бұл.Өзегі оттан, өрілген,Алты таспа дырау бұл.Алты таспа дырау бұл,Ару көктем аңсаған.Аспан кезіп жүр-ау бір.От рухы, шаршамай.Менде сондай бір отты,Қамшылағым келеді.Шексіз аспан көзінен,Тамшылағым келеді.Көктемде өлген жапырақ не көрмедің...Күзге жеткен жапырақ нені көрдің,Қарашаның құс қайтқан деміне өлдің.Сен де мынау күз көрген пенделердей,Аңсадың ба құшағын перілердің.Күзді өткерген басынан мен не көрдім,Арманымды өрімдей жерге көмдім.Құстар қайта келгенше Алматыға,Арасында көк пен жер сенделермін.Көктемде өлген жапырақ не көрмедің;Күрсінгенін жалған деп емендердің,Күрең түске дүние боянғанын,Күркіреуін қойғанын өзендердің.Қыпша белі қалқаның бұратылып,Құстай сыңсып ұшқанын ұзатылып,Қиянатшыл дүниеге асау көңіл,Ол да өзендей тынғанын бір аһ ұрып.Алатаудың сәлдесі бақты ерінбей,Шұбалып кеп жапқанын ақ кебіндей.Күреңітіп батысқа күн батқанын,Бұл жалғанның ақырғы сәттеріндей...Күз көрмеген жапырақ,Арман деген-Маңдайыңа уақыт салған бедер.Күзге жеткен жапырақ ол не көрді?Мен не көрдім?Дүние жалған деген.***Ескі жұрттүн.Алтайда біздің ескі көшкен жұрттың,Ошағы әлде қашан өшкен жұрттың,Шеңберің бір құйын жел шыр айналып,Жүреді от жаққанша Ұмай барып.Содан соң рухы кезіп бес енемнің,Жазуы айқындалып пешенемнің,Төрт түлік сүті сіңген жер ошақтың,Басынан иісі аңқиды болашақтың...Адасып жұртта қалған балалығым,Астынан топырақ жеп табанының.Топырақ арасынан тартқылайды Ол,Кесілген тұсауының ала жібін.Бөрілер Ол ойнайтын тасқа шығып,Шулайды, бұрынғыдан басқаша ұлып.Ескі жұрт, жәутеңдейді балалығым,Бұл жалған көзіндегі жасқа сіңіп.Қара тау қара нардай белге берік,Зарлайды қарағайы желмен еріп.Алтайда, ай астында, дөң үстінде,Жұрт жатыр бұ жалғандай дөңгеленіып.Таңбасы ол жеті атамның жерге басқан.Ол жайлы айта алмайсың сен неге аспан.Барады ауылым көшіп белден асып,бұлттармен араласып белден асқан...Бүлдірген Өшірмейсің ең бір аңғал шақты ойдан,Кімдер екен бүлдірген деп ат қойған.Мен біреуді ойладым ба білмеймін,Бал дәміңдей таңдайымда қап қойған.Мүмкін соның бетіндегі ұятпа-ең,Құлағымда сыңғыр-сыңғыр күй, әттең.Мазам неге кете берді дүние-ай,Мен ештеңе бүлдірмеген сияқты ем.Қымыз сезім, қызық дәурен көкпардайөтті бастан, айтыңдаршы тоқталмай,Тобылғының түбіне кеп бүлдірген,Төгілгенде үркіп ұшқан топ торғай.Бүлдіргенін төгіп алған тегештен,Мен құрбымды ойлай бердім тел өскен.Тобылғы сап қамшың қайда Әрбибек,Бере тұршы арылайын елестен.Бұл күндері қаладағы гүлге тең,Көңілімді енді кімге үлгі етем,Аңсатының бүлдіргені сені әлі,Бүлдіршіндер жинай алмай жүрме екен..