Окрасил вечер небеса Роберт Бернс Перевод Ю.Князева Окрасил вечер небеса В блаженной дымке далей, Но вся весенняя краса Несет мне лишь печали. Я вижу юную листву, Я слышу птичье пенье, Но что же мило наяву, Когда в душе смятенье? Поведать рад бы скорбь свою, Но хмур твой взор печальный, Видать, я сердце разобью Своей любовью тайной. Когда меня отвергнешь ты, Иной найдется милый, Спадут увядшие листы Вокруг моей могилы.
| Көк аспан кешке үнсіз боялды Роберт Бернс Аударған: Қалқаман Сарин Көк аспан кешке үнсіз боялды, Көкжиек масайрап, мұнартып, Көктемнің көркі әсем, аяулы, Көңіліме қояды мұң артып. Жас балғын жапырақ көргенім, Естимін құс әнін, төгілген. Мазасыз жаныма ал, менің, Бәрі де көріксіз көрінген. Мен саған барымды ақтарам, Ал, сенің көзіңде тамшы-мұң Жүрегің жаралы боп калар, Сезінсең жанымның бар сырын. Қалармын күй кешіп көңілсіз, Сені де сүйер жан табылып... Қабірде жатармын мен үнсіз, Қураған жапырақ жамылып. |
|
Любовь и бедность Роберт Бернс Перевод: С. Маршак Любовь и бедность навсегда Меня поймали в сети. Но мне и бедность не беда, Не будь любви на свете. Зачем разлучница - судьба - Всегда любви помеха? И почему любовь - раба Достатка и успеха? Богатство, честь в конце концов Приносят мало счастья. И жаль мне трусов и глупцов, Что их покорны власти. На свете счастлив тот бедняк С его простой любовью, Кто не завидует никак Богатому сословью. Ах, почему жестокий рок - Всегда любви помеха И не цветет любви цветок Без славы и успеха? | Махаббат пен кедейлік Роберт Бернс Аударған: Қалқаман Сарин Махаббат пен кедейшілік мәңгілік, Тұтқын етіп мені торға түсірді. Махаббатым тұрса болды сән құрып, Жоқшылықтың қайғы емесін түсіндім. Тағдыр, тағдыр шынымен де қатал-ақ, Бал сезімге бағыттаған мың жорық. Жүр қаншама мәні кеткен махаббат, Ауқаттылар ауласында құл болып. Бедел, билік, байлық, арзан сый, құрмет, Бақыт та оған орын бермес төрінен. Өз - өздерін алдайтұғын сүйдім деп, Қорқаулар мен надандардан жерінем. Көрсоқырлар қоғамымен күресе, Анау жарлы азғындыққа болды өгей. Мырзалардан артық шыгар мың есе, Қарапайым бақытымен сол кедей. Тағдыр, тағы қаталдықты таныттың, Мейірімнің несібесін беріп кем. Бұл махаббат байлық пенен даңқтың, Бақшасында гүлдейді екен неліктен? |
|
Была б моя любовь сиренью Роберт Бернс Была б моя любовь сиренью С лиловым цветом по весне, А я бы - птицей, что под сенью В ее скрывалась глубине. Каким бы был я удрученным, Когда зимой сирени нет, Но распевал бы окрыленным, Лишь юный май вернет ей цвет. Была б любовь той розой красной, Цветущей в замке средь камней, А я бы - капелькой прекрасной, Росой на грудь упавшей к ней. Не описать мне той услады, Как я провел бы с ней всю ночь, Меж шелковисто-нежных складок И улетел под утро прочь. | Махаббатым сирень болса, эх, шіркін! Роберт Бернс (ауд.: Қ.Сарин) Махаббатым сирень болса - ғаламат, Хош иісті аспан туске ұқсап Бақ. Ал, мен болсам құстай оны паналап, Алар едім қанатыммен құшақтап. Қыста сирень болмағаны, ...Қандай мұң? Жаным күйіп, жабырқап та қалар ем. Мамыр келіп ол гүлдесе, сайраймын Қанатымның астында қап бар әлем. Махаббат боп тас қалада бүрлеген Қызыл раушан,тұрса шіркін! Елжіреп. Тамшы болып тамып түсіп гүлге мен, Тұрар едім омырауында мөлдіреп. Жапырақтар жібектейін тым нәзік, Арасында арман құшып түнімен. Таңда ұшамын қанатымды бір жазып Бұл – бір ләззат. Жеткізе алман мұны мен. |
|
Олжас Сулейменов – Маме О чем этот поселок? О любви. О вечной жизни под просторным небом. Неспешная закатность, позови меня в раздумья те, где еще не был. Весенний грач? Или осенний гусь? Мое крыло полмира отмахало, и в реку Лимпопо перо макало, и в пряный ветер из цейлонских кущ. О чем эта дорога? Если прав, будь с гордым горд: он не отец пророка, будь с робким робок: он тебе не раб. Я так и поступал, клянусь, дорога. Не всем, кто ждал, помог, ведь я не бог. Что в силах одинокого поэта? На все вопросы не нашел ответа, но людям я не лгал, хотя и мог... | Олжас Сүлейменов – Анама (Аударған: Алмат Исәділ) Не туралы бұл ауыл? Махаббат пен Ашық аспан астындағы Өмір жайлы – Мәңгілікке сөндірмейтін шырағын. Асықпайтын кешқұрым шақ, Шақыр мені, аралауға Қиялымның мен көрмеген тұрағын. Көктемдегі торғайдай, Әлде күзгі қаздардай, Қанатарым жарты әлемді шарлап ұшты асығып, Лимпопоның өзеніне қауырсынын матырып. Цейлон жақтан соққан тәтті желге де, Құлаш сермеп, асылып... Не туралы мына жол? Өзіңдікін дұрыс десең, Өзімшілге сына бол: Пайғамбардың әкесі емес, бірақ ол. Жуас болғын жуаспен: Құл ғып оны жұмсамағын бірақ сен. Мен де солай істегенмін, расында: Ант етемін, қара жол! Көмек қолын соза алмадым бәріне, Мен Бір Құдай емеспін ғой әрине. Қауқар бар ма жалғыз-жаяу ақында? Бар сұрақтың таба алмадым жауабын, Қолдан келіп тұрса-дағы қалайда, Адамдарды алдағам жоқ алайда... |
|
Ушедшей Йоганн Гёте (пер.: О.Чухонцева) Так ты ушла? Ни сном ни духом Я не виновен пред тобой. Еще ловлю привычным слухом Твои слова и голос твой. Как путник с беспокойством смутным Глядит в бездонный небосвод, Где жаворонок ранним утром Над ним - невидимый - поет; Как взгляд мой, полный нетерпенья, Следит - сквозь чащи - даль и высь, Так все мои стихотворенья "Вернись! - безумствуют.- Вернись!" | Айрылдым сенен, жан сәулем Йоганн Гете (ауд.: Мағжан Жұмабаев) Айрылдым сенен, жан сәулем, Көруге енді жоқ үміт. Бірақ соңғы сөздерің Кетпейді естен боп ұмыт. Жапанда жалғыз жолаушы, Аспанда торғай жырласа, Көзі көкте, тілегі - Көріп жақын, тыңдаса... Мен де сондай қапамын, Тоғайға, қырға қараймын. Қайғымен жалғыз күңіреніп, «Жан-жарым!» - деп жылаймын. |
|
Я улыбаться перестала... Анна Ахматова Я улыбаться перестала, Морозный ветер губы студит, Одной надеждой меньше стало, Одною песней больше будет. И эту песню я невольно Отдам на смех и поруганье, Затем что нестерпимо больно Душе любовное молчанье. | Мен күлуді доғардым... Анна Ахматова (ауд.: Құралай Омар Мен күлуді доғардым, Мұздай боп ернім тоңған ем. Бір үміт тағы жоғалды, Бір өлең артық болғанмен. Еріксіз беріп әнімді Келемеж бенен мазаққа, Отырам сосын жанымды Үнсіздігіммен азаптап. |
|
Широк и желт вечерний свет... Анна Ахматова Широк и желт вечерний свет, Нежна апрельская прохлада. Ты опоздал на много лет, Но все-таки тебе я рада Сюда ко мне поближе сядь, Гляди веселыми глазами: Вот эта синяя тетрадь - С моими детскими стихами. Прости, что я жила скорбя И солнцу радовалась мало. Прости, прости, что за тебя Я слишком многих принимала. | Құшағын жайып сары кеш... Анна Ахматова (ауд.: Құралай Омар) Құшағын жайып сары кеш, Сәуірдің есті салқыны. Болса да, жаным, бәрі кеш, Қуандым көңіл алқынып. Отыршы келіп қасыма, Қарашы нұрлы көзіңмен: Шыланған дәптер жасыма - Естелік балғын кезімнен. Күн кештім мұңмен төзімсіз Алмадым және жұбана. Кешірші, кешір, өзіңсіз Қателестім көп, сынама. |