Жұмахан Нұрлыхан Қасымханұлы ОҚО, Бәйдібек ауданы, Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген. Сарыбұлақ Жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы. Республикалық, облыстық мүшәйралардың жүлдегері. Ұлан республикалық балалар мен жасөспірімдер газетінің жас тілшісі. Назарларыңызға жас дарынның бірнеше өлеңін ұсынамыз. Музыка Құрышы шөгіп құлағымның, Жылады бүгін тағы кім? Қорқынышы іспетті түн жанымның, Ескі әуенді мен сағындым. Ұлық күш, иемін басымды Неге, не үшін белгісіз?! жаңбыр жауып басылдыАйтарсыз бұл әнді енді сіз. Айырылған жынынан бақсы ұқсап, Қабыстырып кірпікті, сезініңдер. Ақ жолыңа жатқандай бақыт нұсқап, Ойланыңдар, бәрі де кезегімен. Музыка сенің киеңнен,Оларда болсын бақытты!Алдында басымды ием менТоқтатып қойып уақытты. Ақшам Ақшам, Көше шамдары жағылған Бірінен-бірі ілініп. Сол маң, сол уақыт, Келеді арттан түн мүлгіп. Қоңыр орындық, Қалардай тағы жолығып Кешкісін көрген аруды Күтуде тағы торығып. Бұл- Мамырдың маужыраған уағы Ұқсататын алғашқы махаббатын Әлгі қызға Сол болса деп тіледі, үміттенді Әттең уақыт, Зып етеді жол қысқа. Ол- Қызыл тасты көшені ұнататын, Саябаққа ылғый да келгіш еді. Өзің іштей, мейіріммен жұбататын Және тағы сенгіш еді. Осы жолы Кезігетін болармын Айласы жоқ, қаратар Түні бойы жазып шығып ойларын Таң атпастан қайталар... Сенімсіздік- Ұя салғанына аз болды Үміттің жабысып жібіне Аңдумен әлек тар жолды қою түнге үңіле... Саябақ, Қоңыр орындықтар, жабырқау... Келмеді күткен адамы,Қарады да айға самарқау,Кезіп кетті даланы. *** Қаусаған жанның таба алмай емін, Сандалдым әбден, шаршадым. Жүргендей жерден ала алмай кегін, Балқытты тәнді қанша мұң?! Бауырым деп, саулық сұрауға, кешірші тағы кешіктім, Шоқтығы биік тауларға Сол үшін тағы өшіктім. Ойласам сені тағы да,Тынады желі даланың.Тыныштық таппай жаныма,Түнді кезіп аламын. Кеш енді... Түс ауа уақыт, жел дала, самал сілкіне еседі, Мезгіл-көктем. Өріктің гүлі сырғиды кезек түседі. Жүйкесі қатты жұқарды ма екен, әлде бөлек, Кәрі ақын, шарап ішеді... Жөнімен ерек, толқиды көңіл айдыны, Шығарды сомен тоң мұңын,өлі қайғыны. Қартайған адам деп оны кім айтады, Автобусқа масаймастан жәй мінді. Тіршілігіне деген махаббаты мен әлемін, Ұмытып кетті, кетерде. Жолдады мүмкін соңғы рет елге сәлемін, Сүріппін дейді ғұмырды мына бекерге. Ұзақ сапар...жанар оты өшеді. Қимай барады өлең болған көшені. Уақыт құрғыр қылау салып қинауда, Ақталуға жұрт алдында, кеш енді... Тау Қаратаудың желі есіп тұрады, Албырт таулар серік еткен мұңды әлі. Жұбата алмай жүргеніме өзімді, Сезінемін оқушыдай кінәлі. Жырға деген сағынышым еседі, Бұлт қонбайды, шыңды сүйіп көшеді. Қаратаудың барлық тасын қимаймын, Қопарғандар кранменен кешегі... Қайсар шыңды құлатасың шаңғытып, Ата алмайды содан болар таң мүлгіп. Әр бір тасты қимай кетем, қимаймын, Кеуде тұсым аурады жаңғырып. Бостан босқа тауды келіп құртпасын, Неге ғана көтермейді жұрт басын? Өліп кетсем айтпай келіп ажалым, Жетпей қалып қалмасыншы көк тасың. Суретші қиялы Қара мата шарпып жатыр тынығып, Келе жатыр жұлдыз шашып, түн мүлгіп. Суретшінің суретіне қараймын, Қалды онда, не ұмыт, Қалды тағы не үміт? Қасындай ма, жаңа туған ай әне, Бойжеткеннің маңдайында қиылған. Көк теңізде, ұйқы қысқан сай кеме, Капитаны жоқ ондағы бұйырған... Суретшінің мың қиялы шағылып, Айқұш-ұйқыш жатты олда жағылып Қара түске, қызыл, көкшіл бояумен. Түн. Теңіз тағы басқа салынып, Қыл қаламы акварельге малынып.. *** Тағы нені тұтқандайын? Менің кеңістігім.. Аспанға таласушы ем Биіктік, Жұлдызы көп деп. Айды мен қызғанғанмын Жалғыздық, Жарық мол деп. Түнді кеп ұнатушы ем Келетін, Демалсын деп. Күнді ме? Сүйем оны! Оятқан аруым деп. Уақыт па? Түсінбедім, Қай күні тоқтарын кеп...