Қазақ радиосының "Алтын қорында" Мұқағали Мақатаевтың дауысы жазылған таспа бар. Шығармашылығы арқылы оқырманның жүрегіне жол таба білген жанның дауысын есту көпшілікке ерекше сезім сыйлары сөзсіз. Арада жатқан ондаған жылдарға қарамастан, өткен мен бүгінді байланыстырып тұрған аталған жазбаны игілікке жаратуды жөн көрдік. Назарларыңызға өмірді жырлаған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың "Пай, пай, Өмір!" атты өлеңіне дайындалған видеоны ұсынамыз.