Мөлдiр Райымбекова 1992 жылы 4 қыркүйекте Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген. Тараз мемлекеттiк педагогикалық институты, филология факультетiнiң түлегi. Назарларыңызға жас таланттың бір топ өлеңдерін ұсынамыз.ОйларӨздi-өзiммен кей-кейде күбiрлесiп,Өтiп жатыр күндерге күн iлесiп.Менi қойшы, көнермiн,Көндiккенмiн,Тыншытпайтын ойлар ғой, дүбiрлесiп.Шарқ ұратын,Судағы шағаладай,Жүрегiме бiр тыным табам қалай?!Мен, әйтеуiр, мезгiлге өкпелiмiн,Жүрмiн бе, әлде, сәттердi бағаламай?Қарығанда жанымды күздiң демi,Көктемдi аңсап,Көңiлiм үздiгедi.Қараша ауып, бұлт көшiп, күттiрген күн,Келер, бәлкiм, кiм бiледi?Түпсiз терең, батырып тұңғиыққа,Ендi бiрде қондырып Күндi иыққа,Желмаясы Ойлардың адастырмай,Жетер, бәлкiм, түбi бiр Жерұйыққа.***Өтсе де күндер, көңiлге жиi мұң артып,Келер күн - елес, тұратын алдан мұнартып.Өмiрде кешкен сәттердiң бәрi - аяулы,Достармен өткен мезеттiң бiраққұны артық.Уақыт дегенiң сағымдай көшiп барады,Қанаттас iздеп құстар да қанат қағады.Ұмытпай жиi досыңның халiн сұрап тұр,Жылдар мен жолдар бөлсе де қанша араны.Қарамай, әсте, дауылдарға да, жауынға,Дем беретұғын қиналған әрбiр шағыңда,Жоғалтып алып күрсiнбеу үшiн амалсыз...Бағала досты, бағала досты барында.***Бiр бақыт iздеп, бiр шаттық iздеп шалғайдан,Сөз болып келiп, үзiлiп түскен таңдайдан,Армандар легi, осқылап жатқан жанымды,Құрсауын бұзар жалғанның мынау, бар ма айлам?!Мен күткен бақыт, мен күткен шаттық бөлек тым,Көктемдей болып көңілге сыйлар дүр екпiн.Емiнiп тұр ма, егiлiп тұр ма, бiлмеймiн,Тамырын басып көргем жоқ әлi жүректiң.***Көктем неге жылайды екен дамылсыз,Жанарынан дөңгелетіп тамшысын.Қасат қар да еріп кетті тағы үнсіз,Қара жердің қуырып ап апшысын.Көңіл-көздің жасы неге тым ащы,Баз кешкенде баяны жоқ тірліктен.Ақ шыныда мөлтілдейді мың тамшы,Тамшылардың сүрлеуіне сүрліккен.Боз сәулені бетке алғандай, күнгейді,Жүрек неге жырақтайды тым әрі.Ешкім және ештеңені білмейді,-Бітпейді екен дүниенің сұрағы...Сағыныш бар...Сағыныш барТасасында бұғып жатқан күлкiнiң.Бiр күнiмнен айырмасыз бiр күнiм.Сен де мендей күлiп жүрген жан болсаң,Жанды мұңнан арылтайық, кел, күнiм.Сезiмiмнiң сөндiре алмай жалынын,Сарғыш тартқан күзге неге налыдым?Беймазалау болып алған көңiлге,Көрiнерi осы ма, әлде, бәрi мiн.Уақытпен жасайтындай ұлы егес,Ой-санамды кезiп жүрген бiр елес.Сағыныштан сарғаятын жүрек ғой,Күз емес. Жолдарға телмiрiпКүткенi оралмай, үмiтi жоғалмай,Сыздаған жүрегi оңалмай,Жолдарға телмiрiп қамыққан көңiлмен,Қаншама, қаншама жан өттi өмiрден.Уақыттың бөлшегi - жылжыған жылдарда,Беймәлiм, тылсымдау сыр бар ма?Қайырсыз бүгiнмен бетке алып Ертеңдi,Қаншама, қаншама сезiмдер өртендi.Ойлармен арбасып, iштегi егеспен,Көз алмай сұлбасыз белестен,Қаншама, қаншама ақ жүздер қуарды,Қаншама жанарлар суалды.Бұлт кешiп, қанатын сермеген қаздарда,Құсқа тән наз бар ма?Қаңқылдап ұшады, әрi асып таулардан,Ол жақта жаз бар ма?... IздерКөшелердiң бойында сабылысып,Сан тағдырлар барады сағым құшып.Бiр iз әне барады алып ұшып,Жолдар әне тоғысты сағынысып.Ұнай қойсын сарылып күту кiмге,Нүктесiн де бiлмейсiң, үтiрiн де, -Бiр iз әне барады iлбiп басып,Күрсiнiсi шылымның түтiнiнде.Ұғысқанда жүректер көздерiмен,Үнсiз қалады екен ғой сөз де кiлең.Салған iзi өшпейдi сезiмдердiң,Қос аяқтан қалған iз өшкенiмен.Шөлдедiң бе, жәутең көз, мейiрiмге,Мейiрi жоқ өмiрге кейiдiң бе?Бұйырары белгiсiз тағдырдың да,Уы кiмге немесе сыйы кiмге.Тербегендей даланы құстың әнi,( Құс әнiне көңiл де құлшынады)Топыраққа iз салып, алақанға,Беймәлiмдеу бiр жаққа ұшты бәрi.Алакеуiм шақ па едi, iңiр ме едi,Белгiлiсi Мезгiл де кiдiрмедi.Менiң жаным Айға серiк, Түн маған...Менiң жаным Айға серiк, Түн маған...Түнгi ойлар - түн ұйқымды ұрлаған.Жер бетi де айдың тарғыл жүзiндей,Қуаныш пен таусылмайтын шырғалаң.Сарқылмайтын сағыныштар мекенi,-Әр жүрек пен бiр ғалам.Үзiлмеген үмiтiммен көз iлмей, Мен iздеген бiр адам,Менi iздеген бiр адам.Құсқа айналып кетсем ғой...Қыркүйектiң демi ме?Ақыраптың?Жанарына шық тұнды жапырақтың.Жел өтiнде тамшыдай дiр-дiр еткен,Қалт-құлт етер кеудеде қалтырақ мұң.Жылытарға жоқ дәрмен,жылынарға,Көңiлiмде өткеннiң сызы бар ма?Жаңбырына малшынып күзгi күйдiң,Сая таппай жүремiн тығыларға.Түгесiлiп бақта да құстың әнi,Тұмшаланған тұманмен.Сұсты бәрi.Құс жолына қараймын жиi-жиi,Жүрегiме қонақтап ұшқындары.Санамалап мезгiлдiң сағатын әр,Шұғыладан жан едiм табатын әр.Желпіп өтер жалынын Қызыл күннiң,Құсқа айналып кетсем ғой қанаты бар..