Марлен Ғилымхан 1998 жылы 4 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда 2016 жылғы республикалық Мен жастарға сенемін! мүшәйрасы бас жүлдесінің сыйы 1 жыл тегін оқу гранты негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де білім алып жатыр. Республикалық мүшәйралардың жеңімпазы. ТуннельСарғыш алаулар көңілсіз демім,жалқынға жалқын жалғана алмайды.Көгілдір сәуле өмір сүргенім,Аспанның нұры саулаған қайғы.Сыңарымды іздеп жаңбырдың үні,талыққан тамшы тасалай қалар.Менің ғұмырым қардың ғұмыры,Қартамыс жерде аз аялдаған...Тәнімдей тоңар өңімде Ай қашан,Жапырақ миым мызғыған мұра.Өлімнен кейінгі Өмірді ойласам,...өзің келесің көздің алдына....Жүздегі үмітте тұмса мұң бар сәл,Көктемнің неге жолы үнсіз әлі?.Қоңыр қораптың құрсағын жарса,Өзіне өзі қолын созады.Шұбалған жолға сананы ұшырам,Жалғызым жалған... жолығуға алшақ.Жоғалған Жарық жанар ұшынан,Ораласың ба орыныңды аңсап?!Толқыған күйі теріс те бөтен,Бар маңызға ие түндер үшін не?.....Жұмақта жүрген Періште ме екен,Талықсып кеткен Туннель ішінде?! АрхетипҚар астында көкшілденер сезігім,есім қалқып ауада,бу секілді бұрқырайды санадақызғылт сары қауырсын.Сен шалғайданестілгенжүрегіңнің дүрсілінен ауырсың!Сұр бөлмеңде көлбеңдеген Елестер өлгендердің түсіндегі бейнесі,бұлдыр шақта бұйыққаның емес пе ол?!Шыңырауға сүңгіп бара жатырмын...Мұздай тұнық болашағым ішінде,түссіз кейпім үшін десүйіп тұрдым өткенімнің өңінен.Қолдарыңды сипап едім...сезбедің...Жеткенімді жеткізе алмай желпіндім,тастап кеткен тәнімдегі еркімніңбоз еңсесі бұртиды,енді қайтіп жанарыңа шалынам?!Жалған шүбәм жазылмайтын сырқатым,жаңа өмірден шаршаған да шығармын,бар өмірді құртатын?!...Түс ауғанда түсінісер Түс-жолым,cәтке сыйған ғүмырымдай күшті едің?!Тарғыл түнде тұманытқан тылсым сол,дидарыңнан ойыңды оқып отырмын,терезеңнен қалай көрмей тұрсың сен?!Табан тиген тас сөзіне иланып,тәтті уілге елтідің,Жел - әуенің ең әуезді әуені,Айдынданған көзіңненбір тамшы жас қимадың,...Көгершіннің не жазығы бар еді?! ***Аспандағы арман адасқандардың аңсары,Текке ұмтылады көзі көгерген Айды іздеп,Таңсәрідегі суық мұңдардың сарсаңы.Шамданған шағым шарасыздықтың түрмесі,...Сағыныштардың жүрегімізге жерленген,...сәт сайын неге сарнай береді мүрдесі?!Сорлаған күнім жолдағы тағдыр жан жүрген,Қаланың бетін бүркеген күңгірт қайғы үшін,Өзімнен кетіп қалдым мен!..Санамды алдады алғаусыз сенген ақшыл ой,Күйіп көрген мен кейіпкерлердің кінәсінқар алып қалса жақсы ғой...Жер жылай берсін Жетімек,Мөлдір үмітін өзгеге ұсынған Өзенніңөзеурегенде өзегі кетсін шетінеп!Қаңтар ішінде қалтырай берсін қателік,Көз моншағыңды көлдетпеші енді, тар көше,Біз әуел бастан бір-бірімізге жат едік... АвтаркияТаңға таңылған шатырда тозады қайғы,әуеде тұман толқиды тамшыдан қашып...тән уайымынан қап-қара шақтар ағарды,тым баяу жауады жаңбыр...ол байғұс жатқа баланды....адамнан алған құсамды құмыраға құйдым,адамда қалған мұңымнан бұлдана күйдім...таусылған жасым,сағымдай бұлдыр бейнені мүлде көрмеймін,шыршаның шашын сипасам гүлденердеймін...жын, бәлкім, пері... дауысын соза жылайды,...мен қайда тартып барамын,білтесін басып өшіріп бозамық Айдың?! ***Шуақ шашырап төсіндегі ойдан,Көңілін көміп базғы бір көшінде қойған,Ол Әуе әлдиіндегі қызыл көздерін,Әуенмен ұзақ тербетіп жүзінде өзгенің,Сағатпен қоштасып, жылдарға барған,Сананың аппақ жанарынан жымдам жоғалған,Ауасын аймалап Құшуға болатын,Топырағының ішінде Ұшуға болатын,Мекенге кетті! ***Күнге жудым басымды,Ай-Құдайдан ақырзаман шашылды.Шуақ кешіп шаршағандар шарасызДиуанадай сипалайды шашымды. Қолдағандай қол созады қашаннан,Жазмыш жатыр жанарына жас алған.Түннің тәні жұлдыздарын қызғаныптас атады тасамнан. Ессіз, түссіз еңкілдеген соқырдың,сор маңдайын оқырмын.Қалқу үшін құс-тағдырға құмартқам,Қабырғама қара қанат тоқылды.Жас мүсіннің тозған көзін қармап ап,Жаңғақ шағып шалқаяды таңда бақ.Мойынымнан қылғындырған гүл көрсем,Жарты ойыма жармасады жарғанат.Күрсінеді берген серттен көк тайқып,Ұзақ ұйқы ұрғылаған кек қайқы....Тар бөлмеде табытынан шыға алмай,Өлік отыр өміріне өкпе айтып. ***Күз.Жіңішке талдар қылыштасуда,Мықыр тамнан қараған сен болсаң, қалқам,өзеннің арғы бетіне өт, Қолшатырыңның бүктеулі қалпын сағындым, Осы маңның орындығы бос, оған шам сүйсінеді, жалғыздықтан жалыққан. айдай көркем қос бикеш қасымда тұрды, суретің неге жоғалды?! Кешірім өтінем, Көшені жылата бермеші...