Наурыз айы жыл басы,Тұнып тұрған береке,Ай туғанда жылда осы,Біздің елде мереке. Жұрттың тасып жігері,Бір-бірімен жүздесіп,Ет, су, қатық, жүгері,Бидай, тары, тұз қосып, Көже ішеді бір жасап,Қауқылдасып, мақтанып.Ақыны ойдан жыр қашап,Күйші, әншісі шаттанып, Көже ішеді тойғанша,Қауқылдасып, шаттанып.Айтылатын ой қанша?Жас-кәрісі мақтанып. Бата берсе аталар,Алға келген астарға,Көже жайлы апалар,Айтып жатар жастарға: Ет:Алған тұздап, кептіріп,Ет сүрі деп аталар.Етті сүрі жеп тұрып,Бала үлкеннен бата алар. Су:Өзіне тән түсі жоқ,Қолға ұстауға келмейді.Онсыз өмір күші жоқ,Еш зат онсыз өнбейді. Тұз:Мұзға түсі ұқсайды,Удай ащы дәмі бар.Тұзсыз тамақ піспейді,Астың тұзбен жаны бар. Бидай:Үш-ақ айда піседі,Қамбаларға толады.Тез алмаса түседі,Тартса ұны нан болады. Жүгері:Өсер дақыл биіктеп,Құрақпенен жарысып.Көкбасын да сүйіп бек,Жейді адамдар таласып. Күріш:Дақыл өзі суда өсер,Биік емес бойы аса.Піскенде де буда өсер,Май палауға ал, той, аса. Қатық:Сүзіндісін айранныңАтаймыз біз қатық деп.Қатық сенің пайдаң мың,Деп, жалаймыз жатып кеп. Мұның бәрі өз алдына,Жеке-жеке бал тағам.Бәрін бірге салды ма,Табылмас ас ол саған. Бұл жетеуі қосылып,Наурыз көже аталар.Наурызда көсіліп,Бір жырғайды аталар. Біздің үйге келіңдер,Көліктерден түсіңдер.Ақтан бата беріңдер,Наурыз көже ішіңдер! zhasorken.kz