Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды, деген еді Елбасы өзінің Рухани жаңғыру бағдарламасында. Елдің рухани тамырдан нәр алып жаңғыруында әдебиеттің де алар орны ерекше. Жастардың шығрмасын тарату, насихаттау мақсатында ат тағалап, атан қомдап ержеткен сондай жастың бірі, жас ақын Көкбөрі Мүбәрактың бір топ өлеңдерін ұсынамыз. Көкбөрі Мүбрак 1994 жылы 10 ақпанда Шығыс Түркістанның Алтай аймағы Көктоғай ауданының Оспан батыр шоқысы деген жерінде туған. Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің түлегі. Ертістің көзі қоңырлауЕртістің көзі қоңырлау,Бөбегім екен менің де.Алты- жеті іңгә соғылды- ау,Тамшыдай тұнық өмірде.Бөбектің көгілдір шаштарын,Жасыл орманнан ұрлаймын.Разы боп сонда әппағым,Жасыл орманымды тыңдайды.Қап- қара нәресте түндердіЕртіске ағызды атырап,Көкшіл таңбалы тілдерді,Аузына сақтады жапырақ.Тамшының ғана аузынан -Еркіндік барып үзілген.Ертісті аршыдым қауызынанАспандай тентек қызыммен.Алақанын әкеліп шынардыңҚолыма ұстатты салқын бақ,Болып та қалған шығармын,Еркіндігімді тапқырлап. Қарғалдақсыз би алаңыБорбайы ашық соғысты қайтемҮсінген,Соғыс дегенді көңілді сайтанТабыттан өмірге түсірген.Табыттар отыр еңіреп,Құшағыма қысам деп ұлыңды.Майдандарда айжарықты билей кетті де семіз от,Далалар көйлекке жуылды.Маржандай шығырықты көздердіңҮйілгенін көрдім төмпеш боп...Ысқыра беруінен жездердің,Ренжігенін көрдім еркеш көк.Кім уқалап берер нәзік жүрегін,Жезге шымшылған аспанның.Соғыста жеңімпаз жоқ деп жазып жүр едім,Тастанды байрағына тастардың.Іңгәлап кеп тығылды құс маған,Аспанның қуып шапанын.Салалап беретін түс ғана,Көкжиектің өлген сақалын.Қарғалдақтарым да өзін жерлеуге,Қар уыстап әкеліп келді үйге.Соғыссыз менің кеудемде,Кел биле қорғасын, кел биле!... Тұңғиық гүлдер(Бейімбет Майлинға)Дұға гүлдері кетем демеді,Ақшамға қалған байланып.Ымырттар ыңырсып келеді,Боран көздерге ойланып.Қара арулар келе жатқанда,Қара гүлдердің қауызын жабатын.Түнге сарыным кеп батқанда,Ай да бір сыңғыр боп қалатын.Тамызымның жаралы қойнында,Көбелектердің жарасы қалқып жүр.Ымырт деген әннің қайырымында,Жарып отырдым салқын бүр.Тұңғиық гүлдер дейміз біз,Бейімбет басқан түндерді.Гүлдердің аяғы берді ізгі із,Сол ізден жасалдым мүлде енді.Күп-күлгін ұят тұр ыдыста,Қаяулы еріндей өзі ойланар.Осы ұяттың ішіне тыныстап,Бейімбет сұлбасы жайланар.Күмілжіп күлгін құбыла,Бейімбеттей өзіме қарады.Құбыладан қарайсың бұрыла,Бейімбет-ау,құбыла сені қайдан табады.Әдіраспандар неге тілдеуде,Көктегі жылдардың өмірін?!Әдіраспан кеп буған күндерге,Домбыра да қаматып алды көңілін.Бейімбет аға, бұрынғышаЖолдарда өзен ақпайды.Бұлғын түндердің дымы құрыса,Неге сізді мініп шаппайды?!...Бұлғын көз ормандар безілдеп жатты,Бақытың да ұшты ең кіші...Атылар сәтте көзіңнен ақтыШұғаның ғана белгісі... Шашыңнан сілкінген көктемКөктемнің өзі шашың ғой,Жамбасыңа дейін ораған.Мейіз жанарындағыдай тосын өй,Көзіме қыстырылып қараған.Қарындаштай ғана көктеммен,Шашыңды сызам қарайтып.Шашың жайылғандағы кептерден,Кептерді отырам молайтып.Құмырадай ғана құландар,Сарғайып сынар көк белде...Бұрымыңнан қорыққан жыландар,Буына жатар көктемге.Қара маңыраулар басталып,Шашыңның оянып түсінен,Жүріп келесің жас болып,Қара көз көктем ішімен. Көкжалдың көзі Қоңыр көзімді тауып алдың,Көйлегінен қарағайлардың.Қоңыр мөлтек көлді аңғардың,Япыр-ау, бейшара деп ойландың.Күншығыстың қоңыр түнегін,Жарып шыққан қоңыр жанар ем,Еренқабырғаның бекіредей сілемін,Бір қылтанақ жырымнан табар ең.Қоңыр көзім құрған патшалық -Шортандардың бейкүнә көзінде.Шортанды өзендер тапталыпҚұбыжық болды адам, егілме.Кірпияз сулар жүр әне,Бостандық іздеп башбайда,Жұрттың бақайына қарап мына мен,Албастылықты хабарладым аспанға, Күнәдан шымырланған шаштары,Жіп-жіңге тас боп ырғалып.Қоңыр көзіме бес қысты тастады,Қалқыды тән бұршаққа шырмалып...