Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асып жатқанына да бір жыл болды. Осы жолда ел болып жұмылып аянбай тер төгуіміз ләзім. Рухани жаңғыру ұлт мұраты. Ендеше, осындай елеулі оқиғадан қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі жас буын өкілдері де шет қалмақ емес. Елбасы бағдарламада Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді, деген еді. Жастар әдебиетін, аудармасын, шығармашылығын насихаттауды көздеп солтүстіктің жас талантының өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз құрметті оқырман. Қарлығаш Қабай 1997 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Екібастұз қаласында туған. Қазіргі таңда Астана қаласында орналасқан Еуразия ұлттық университетінде филология факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенті. Ұлт болмысы республикалық әдеби-мәдени байқауының М.Дулатұлы атындағы сыйлығының иегері. Шырайлым-шұбайқызылым 2018 республикалық жыр мүшәйрасының 1-орын иегері. ***Өмірдің өксігін естідім,Күрсініс кірпігін жұмғанда.Сызайын жүзіне күлкінің кескінін,,Өзім де ұмытпай тұрғанда.Тағдыр ғой,Жұлдыздан айырды Түн АйдыБір ғұмыр ақты да жұлдызбенЖымиған суреті мұңайды....Қаталдық қолынан шәй ішіп,Күлкілер кей кезде дәл солай жылайды. Біз мүмкін шатасып кеткенбіз,О, бәлкім, көктем бе өткен күз?!Шын аты -Күз шығар көктемнің?!Өмір деп аталар -өткен мұң.Кім айтты сағатты- уақыт деп?Ғұмырды жылдармен өлшемен!Кім айтты тағдырдың мұраты-бақыт деп?Адамның арманы-басқада! Мен-сенем!Дөңгелек ғаламшар сыртында,Жүректің сыңарын іздейміз біз несін?Тағдыр деп аталған тылсымда,Әр адам өз-өзін іздесін!Айтпақшы, содан соң,Ендігі әр күзді-көктем деп, көктемді-күз десін!... ***Жасымның жанары мұңдылау,Тамшының жаңбыры сияқты.Санамның адамы жындылау,Жасынның тағдыры сияқты.Мейрімнің жүрегі мендегі,Салқынның ақылын тыңдамас.Мен үшін осынау жердегі,Аспан да,Бұлттар да,Шың да мас!Мастықтың әлемі-ақылсыз!Өмір ғой Адамды сүретін.Күлкімнің көңілі-әтірсіз!Әтірсіз алдауды білетін!Жанымның денесі ақылды,Қалаудың пайдасын таңдайтын!Санамның ұйқысын түсіну тым қиын,Ешқашан қанбайтын!Бұлттардың аспаны күн көзін,Көрсетпес еріксіз.Сіз үшін күтемін түнді өзім,Жұлдызым, қош келіпсіз!Жердегі жасанды жұлдыздар көбейіп,Құныңыз түсті ме?Сіз онда өрлеңіз көп адам шыға алмас құзар шың-Ізгілік үстіне!Менің де жұмағым-ізгілік төрінде!Ұзамай оралам ақ таңда!Сіз сонда болыңыз! Ашатын жан керекҚақпасын Мен келіп қаққанда!! ***Көгендеулі әлемге әрбір адам,Көзілдірік ішінен үңіледі.Ғаламның қандайлығын шындығында,Шешеді шыны реңіЖапырақтың жүрегі жыр сіңгесінҚалайша күрсінбесін?Қалтырап өзі әзер тұр, сезімімніңОл байғұс білсін несін?Сипайды алақаны аспанымның,Әр талын шаштарымның.Мен шексіз бақыттымын!Сәл болмасаІшімде ашқарын мұң!Ернімнен сүйеді кеп заңғар шыңдар!Жыр оқимын!Тек құс пен аңдар тыңдар!Мен шыңның өрлігін-ақ бағалаймын!Ал сендер биіктігін таңдарсыңдар!Алтын Күн маңдайымнан иіскейді!Оның да жолы Айымен түйіспейді!Паx, шіркін, ғашығына неткен адал!Менімен сүйіспейді!Даламның созылып қос атырабы,Вальске шақырады.Шәмші әнін шырқап кетті тамылжытып,Ақ қайың жапырағы..Тап мұндай ғажайыпты сезіп тұрып...Асқар шың жапырақтың тыңдайды әнін.Жердегі жұмағымды кезіктіріп,Мен болсам шыңға айналдым!... Тамшы-әншіАқ шатыр шатырлайды,Ұйқымды менің тағы жат ұрлайды.Тамшының қаза болар xәлі мынауТірі жанды қайғыға батырмайды...Аспанның нала толы қалтасынан,Ақ нөсер құлап түсті шалқасынан.Жасырған жан мұңдары сырғып жатыр,Менің де көз-қалтамның қалқасынан.Көгімнің көз жасынан ән шығады,Ән шығады әйтеуір әнші бәрі.Неге мұнша мұң кешкен ақ нөсердіңТереземнен телмірген тамшылары.Бөлек үн,Бөлек тыныс,Бөлек тыным.Мен дағы ән салғым кеп өрекпідім,Ұғындым жаңбыр сынды ән айтуға,Тамшыдай бір өнердің керектігін.Олардың барлығы әнші шет-шетінен,Шырқайды-ау ағып түсіп етпетінен.Тағдырдан таңдау келсе, тамшы болып,Адами азғындықтан шеттетілем.Алғашқы және соңғы ән жолдар едім,Жаным да жай табады сонда менің.Тамшылар бақытты ғой еш армансыз,Өледі салып алып соңғы әуенін.Тамшының тамаша әнін іңір емді,Қалтасын тігіп Аспан күңіренді.Тағы да күн күлімдеп, таң атады,Тағы да бола қалды түн іреңді.Жалған дүние...Сіз маған xат жолдаңыз...Сіз маған xат жолдаңыз ара-тұра,Байлап ап көгершіннің қанатына.Құстардан xабар күтіп мен де күндеСан рет үңілейін сағатыма.Сіз маған xат жолдаңыз барды жазып,Өкпелеп...мейлі...реніш,зарды жазып.Өзім-ақ жазар едім, әттең, бірақҚалдырам қайда ғана арды нәзік?Сіз маған xат жолдаңыз мұң жамылған,Мен сізге жауап жазам жырларымнан.Мәңгілік маxаббатқа малынып ап,Отырып сағынайын түн жарымнан.Сіз маған xат жолдаңыз сирек,мейлі,Сағыныш сонда ғана күйретпейді.Сізді ойламау қиын ғой, маған оныЕшкім де үйрете алмас,үйретпейді! Сіз маған xат жолдаңыз...қиын ба еді?Сезімнің қиын шығар құйын лебі.Бәлкім, сіз жолдадыңыз..ал көгершін Хатыңды алып жүру қиын деді?! Сіз маған xат жолдаңыз әрбір құстан,Қанатын қайырып ап жалғыз ұшқан...АлатауымКең дүние төсіңді аш мен келемін,Алынбаған ақым бар сенде менің!(М.Мақатаев)Алатауым!Құшағыңды аш!Мен келемін!Жанымның барлық емі сенде менің!Мойныңа асыла кеп жыр оқимын!Қойныңда бар дертімнен емделемін!Алатау!Құшақташы қатты-қатты!Бәрінен жалғыздығым жақсырақ-ты!Қаншама тырысқанмен бола алмайды-ауӨмірде еркек пенен бақ тұрақты!Алатау!Ұйықтайыншы иығыңда!Қорған бол тағдырымның құйынында!..Астана сезімімді салқындатқан,Әйтпесе салынбас ем жиі мұңға..Алатау!Алақаның қандай жұмсақ!Сендегі жұдырық та мейірімді.Ақ шашың қарттық емес, айғақтап тұрӨзіңнің сүттен таза пейіліңді!!Жо-жо-жоқ!Алатауым он сегізде!Келбетті,Төбесінен төнсе күз де!Мен оны мәңгі құшып жатар едім,Бұл тағдыр көнсе бізге..Мәңгілік МузаО, муза!Ғаламға,Адамға,Сен мені шын ғашық жан еттің,ал енді осынау қапастан,Өзіңді таба алмай әлекпін.Арқасын сүйеген айға нықБір жігіт бұлтта отыр жайланып.Жанары жұмылған...ШамасыЖып-жылы, жұп-жұмсақ, ай-мамық!Сол түні адам жоқ адасқан,Жап-жарық күйге енген қара аспан.Ай жастап, жұлдызды жамылып,Жас жігіт ән салды жарасқан!Әуенге өзгеше сыр ілгенЖаһанның құлағы түрілген.Тірілер аңсады тамұқты,Өлгендер қайтадан тірілген...Сол түні уақыт та тез өткен,Жұлдыздар жыр оқып кезекпен,Сезімтал қауымды қуантып,Сезімсіз жандарды мезі еткен.Ғаламшар билеп жүр айналып,Жып-жылы, жұп-жұмсақ, ай-мамық!Мәңгілік музамды тапқандай,Мен дағы көз ілдім жайланып......Ән салған дауысы ғажап қой...Басталды тағы бір азапты ой..)Ғашық боп қалдым ба үніне?!Ондай үн ғаламда аз-ақ қой...