Гүлнұр Шалманова Қызылорда облысы, Арал қаласында туған жас ақын. Жергілікті Абай кітапханасында кітапханашы қызметін атқарады. Аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы.
Арулар
Қырда өскен қызыл гүлсің жұпар исің аңқыған,
Нәзік жансың талайларды тамсандырып талдырған.
Асыл жансың ары таза қашаннан,
Бақытыңды бағалай біл, баға жетпес қазынаң.
Мұқаң ақын аруларды көп дейді,
Мейлі, мейлі бола берсін көп мейлі.
Келешек ол ұрпағымның жалғасы,
Сен көркейтші,
Сен көбейтші,
Қазағымның кіп-кішкентай данасын.
Сенен алад(ы) тіршіліктің бастауын,
Сенен алад(ы) махаббаттың арнауын.
Сен келешек асыл жанды анасың,
Бәйтерек боп бүршік атқан дарасың.
Аруым, асылымсың, ғашығымсың,
Нәзік жансың талайлардың арманысың,
Тәңірім, тәңірім сені жар болуға жаратты,
Осы атаққа дақ түсірмей жүре берші қымбаттым.
Жыр өлең
Жүрегім алау боп бұлқынған,
Жыр өлең жазуға талпынған.
Сенім күш семсердей серігім,
Ақыл ой парасат, парасат,
Бойдағы күш қайрат сенімім.
Жүрек маған тіл қатып сұрақ қойдың,
Қандай мақсат жетелеген сонау биік заңғарға.
Алыс мақсат арманға,
Ұлы дархан көшінің ізгілігін
Білгім келеді мен ойынның тізгінін.
Білгің келсе бүкпесіз баяндайын,
Өмір дархан көшінде күресуге аянбаймын.
Орта жолда сүрінуді қаламаймын,
Мұхтар ақын жырлаған өмірдің ізгілігін.
Тағдыр тәлкегі
Жан жүрегім жараланып барады,
Кей надандар түсінбейді баланы.
Кемтарлығын көз алдында көрсетіп,
Мүгедек деп мүсіркей кеп қарайды.
Көкіректе ол қанжар болып қадала(ы),
Жаны оның тағы да кеп жаралад(ы).
Жәудіреген жанары жасқа толып барады,
Ол наданға оқты көзбен қарады.
Рас-рас, ол өмірге мүгедек боп жаралған,
Жаза алмас деймін жарасын оның ешбір жан.
Тәкаппар мен адалдықтан нәр алған,
Мойымауды үйреткен де сол адам.
Оған тағдыр мойымауды үйреткен,
Арман деген асқақ жолда күрескен.
Өмір сынақ...
Сол сынақтан сүрінбеуді жыр етем.
Жалындаған жігері бар кеудесінде,
Мүсіркеуге еш қақың жоқ білесің бе?!
Арман алыс бірақ оған жетеді.
Қыран болса құстай ұшып кетеді,
Азамат қой арманға да ертең әлі-ақ жетеді.
Ана тілім – ғажап
Ана тілім сен ерекше ғажапсың!
Өткен тарих құрсауынан азатсың.
Жүрегімнің үніменен тіл қаттым,
Сондықтан да туған тілім қымбатсың.
Кей жастардың кердеңдігін кешірмейтін заман бұл,
Бабалардын қалған мирас туған тілім аман бол.
Өз тілінде шебер тілді шешен бол,
Өзге тілдің бәрін білер көсем бол.
Орыс тілі мен ағылшын, ол бір жолдас,
Заманымның көшіне қатар енген.
Ел басымыз ел көшіне жолаған,
Бүгінгі жасампаз ел қолдаған.
Үш тұғырлы тіл саясатым,
Ертеңгі елімнің ең берік іргесі.
Болашақ білімнің күмбезі,
Алашым айбыным мәңгіге ту болып тігілген.
Тәу етем бүгінгі тәуелсіз күніммен,
Адаспа жастарым өз ана тіліңнен.
Бас иемін, Ана саған мәңгілік!
Бұлақтай ақ сүтіңмен асырадың,
Анашым, сен өмірде жасымадың.
Адал жансың, ақ көңілді алтыным,
Тілің сенің жібектейін жарқыным.
Түнде тұрып, түн ұйқынды төрт бөлдің,
Балдай тәтті қылығымды сен көрдің.
Тал бесікті тебірене тербеттің,
Ақ сүтіңмен жүрегімді гүлдеттің.
Жауқазындай жүзіңнен,
Мөлдіреген көзіңнен.
Айналайын томпиған мына түріңнен,
Дәл осылай еркелеттің білемін.
Анашым-ау, мен өзіңді құшып-құшып сүйемін,
Мен көктесем көктедім, мынау сенің бақшаңда.
Бәйтерек боп шуақ шаштың әр таңда,
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп білемін.
Саған мәңгі қарыздармын оны да мен білемін,
Бүгінгі ұрпақ ана қадірін түсінсе деймін жанымен.
Сен үшін отқа түсер алтыным,
Сен оның үміт артқан болашағы екеніңді ұмытпа.
Ана қадірін өтейсің деп білемін,
Жүрегімнің жырларын тек өзіңе арнаймын.
Әр ісіңмен жүрегім сені тәнті қылып,
Бас иіп өтем, Ана, саған мәңгілік!