Файзулла Төлтай Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Қазіргі таңда Түркия Республикасы Денизли қаласындағы Памуккале университетінде білімін жалғастыруда. Сапар Кеше менқобызы күңіренген қоп-қоңыр даланың жылқысы тектесмойнына құрық түспеген ұлы едім түздің.Ал бүгін орманға дауысы жетпеспадишаһтардың сарайына қамалған құспын.Сонда да кеудемдегі соңғы Үмітті Өмір ағашына байлап,жол жүріп келем.Өлім жолдардың түйіскен жері. Түн.Көше шамдарының қасынан үнемі бейтаныс кісіні көрем:неге ерте шақырады екен ол жаққа мені?Күні ертең төртбұрыштанып санама түскен Жарық шексіз еркіндікті іздеген маған:тым сұлу қиялдарыма қаламын малып,мөп-мөлдір келешегімнің көркем суретін салар.Кірпіктерімнің көлеңкесінде күн кешкен, Сенім әйтеуір сол күні Батылдық жоғалып менентерезесінен есігі көп қапастан шыға алмай сеніңжасыңды төгіп алмасам екен. ...қайдасың, аңсаған мекен? Уәда Дұғамды оқып іңірге: мен қара жер ұлымын- аспан жасын сімірген. Жасыл түсті құстардың кеудесінде мекендеп, жағалауын аңсағам жалғыздықтың бекерге. Білсең, күнім, сен менің, түнім қара болмайды пейіліндей пенденің. Жолдарымнан адасып, өзім қашқан үрейдің, өлермен боп әлі де моласында түнеймін. Шашын жайған перідей, (айқай салып ішімнен) Бәлкім, безіп кетермін өгейлігі үшін мен. Шатастырып, шарһ ұрып, бақытымның бағытын, көтерем де жүремін ойларымның табытын. Кісені жоқ тұтқын боп, құлыпы жоқ түрменің, мен өмірдің мәңгілік өлмес күйін шертемін. ...періштең ем ең соңғы, пейіш төрін дәметтім кіл күнәммен мен сорлы. Қараңғы бір қапаста қалып кеткен өткенім, қорқытады өткенмен, Күнбатыстан жеткен үн! Түніменен күбірлеп, алқымнан ап әр күнәм, жетпіс улы жыланның құшағында қалғығам. Бәлкім, айта алмаған сырымды, (жансызданып кіл денем...) Көкке жазып кетермін , көзімдегі нұрменен! Әй, Құдіретсіз қараң ел: дұғаңды оқы іңірге, мен ендігі Аспанмын, жердің жасын сімірген... Silencio Мармара жағалауының аспанындажұлдыздар қосын тігіп, ошағын түтете бастаған кездеилеуіне тығылған құмырсқалардайсен өсірген гүлдер мен кітаптардың жұпарынан өзгетеңіздің иісі аңқыған бөлмеге бас сұғам тыныштық іздеген жандай:бойымда жүгірген әр тамшы қанның дауысын естимін мұнда. Қабырғалары да ең көне иероглифтерге толы;терезелерге қысылып қалған азанның дауысын тыңдап,жазу үстелінің үстінде қартайған қаламның дірілдейді қолы.Жазу үстелі Лорко мен Асафтай ақындар кездескен ғаламжәне қасиетті деп санайды ол жақта түнді. Ақ қағаз теңіз;шимайлар толқын;қаламды кеме ғып отырған мағансақалын салалап дауыл мәшүріптен соғатын сынды. Менің сонда ең сұлу армандарым айналып кетердей жоққа ой жағалауында теңіз суынан көз жасымды қызғанып жүрем. Кенет,сүйріктей саусақтарыңды есіктің тұтқасы иіліп қарсы алған шақтажұдырығымның гүл болып ашылғанын көрем.Міне, осы ғой махаббат деген!