Ерлан Жүністің "Хауас" жыр жинағының тұсауы кесілмек

Ерлан Жүністің "Хауас" жыр жинағының тұсауы кесілмек

26 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде ақын Ерлан Жүністің «Хауас» атты кезекті жыр жинағының тұсауы кесілмек. Тұсаукесер сағат 16.00-де Филология, әдебиеттану және әлем тілдері  факультеті оқу ғимаратының 312 аудиториясында өтеді. Кешке белгілі ақын-жазушылар мен өнерлі жастар қатыспақ.

1984 жылдың 7 қарашасында Алматы облысы Жамбыл ауданында өмірге келген Ерлан Жүніс бүгіндері қазақ поэзиясының көшіне ілесіп үлгерді. Өлең ордасында өзінің Ерлан Жүніс атын танытып келе жатқанына да біраз болды. Ақын М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің Әлем тілдері факультетін бітірген. 2006 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде «Әдебиет» аталымы бойынша гран-при және Президент кубогын иеленген. 2001 жылы Серік Үмбетовтің демеушілігімен «Жыр-перзент» деген атпен алғашқы жырн жинағы жарық көрді. Ал 2011 жылы «Киелі түндердің дұғасы» атты кітабының тұсауы кесілді. Ендігі кезек – «Хауас» жыр жинағында. 

Құрметті жырсүйер оқырман, ақын Ерлан Жүністің поэзиясына келгенде бей-жай қала алмайтын болсаңыз, ертеңгі болатын кештің көшінен қалып қоймаңыз! 

Ерлан Жүністің жырлары және ол жайлы: 

"Ерлан Жүніс: Жусаннан қалған жерге Шайыр өсер"

"...Күзге жалғыз барарымды кім білген?!"

"Қош келсек қоңыржай"

"Гүл салған ән" бөлімінен"

"Бұл қалада гүлдер әлі солған жоқ"

"Тебеген тағдырлы емеген арманның иесі"

"Жаза алғам, жазғам, жазықты болғам..."

"Дала - Жүрек"

"Мұңұрған"

"Қызжымиған"

"Ақын, қызға гүлсіз барсаң, не етеді?!"

"Сұлудың мұңы"

"Дәл қазір..."

"Балалар әдебиеті ең ұлы әдебиет"

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет ақынның facebook.com-дағы жеке парақшасынан алынды

А. Әбілхан