Бүгін қазақ поэзиясының падишасы, халықтың аяулы ақын қызы Фариза Оңғарсынованың туған күні. Ол қара қылды қақ жарып, әділдікті жақтап өтті. Өтірік айтқан жанға бүйрегі бұрылмайтын тағы бір ерге тән қайсар мінезі бар-ды. Жырларында халқының тұрмыс-тіршілігі моншақтай тізіліп, оқырман жүрегіне бірден жол тартты.75 жасқа қараған шағында дүниеден өткен көрнекті ақын қазақ әдебиетінбиік деңгейге көтеруге зор үлес қосып, жыр әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Бар сияқты менде де сана, шыдам, жығылғанды демеуге тағы асығам. Жасайын-ақ десем де бір астамдық, қорқам ардың айбалта-жазасынан... Ия... Ардың айбалтасынан қорқам дейтін халқының сүйікті ақыны Фариза Оңғарсынова еді. Біз бүгін аяулы ақынды еске алып, оның бір топ өлеңдер топтамасын жариялауды жөн көрдік. ***Кеудеңе кек келгенде,Теріңде ой жатпайды.Қанағат кеткен жерде,Қиянат ойнақтайды. Астамдық жапса түндік,Ақыл-шал босады үйден.Шыңғырып жатса шындық,Шүкірлік қашар үйден. Шашылса сөзің желге,Топастық тамсанады.Туралық көз ілгенде,Жалтақтық ән салады. Әділет қалса апанда,Тайраңдар тоқтышағы.Оранса ар шапанға,Адалдық оққа ұшады. Көрікті күл қылады,Зорлықтың өрт құшағы.Жер беті - қырғын әлі,Жұмақтың жоқ нышаны. ***Өтеді уақыт, өтеді өмір демде...Қабырғасы жылдардың сөгілгенде,мылқау мезгіл құяды мұзды суыналаулаған сезімге, көңілдерге. Мәңгі жасыл бақтарды қар басады,жазғы түндей адамның арда шағы.Мезгіл желі бағытын тез өзгертіп,тақсырлар да, тақтар да алмасады. Түтесе де уақыттың ұшқан шаңы,адамды алға өмірлік күш тартады.Бір-бірінсіз күні жоқ және адамдарбір-бірінің ғұмырын қысқартады. Көл тартылып, жанартау өртенгенмен,тіршіліктің заңдарын Жер теңгерген.Тылсымдарда тұншықсын, бірақ та адамнұр сәулелер күтеді ертеңдерден. Тек үміттің отымен ғұмырлы адам,бұл - тірлікте бүгінгі, бұрындағы ән,тыныштықта жаны жай күн кешедіқұламаған, тасқынға ұрынбаған. Далаға жат көлеңке, күңкіл, күдік,жанға мәңгі нұр шашып бір күнгі үміт,ұнатады қырдағы елнайзағайлартүнектерді түргенде сілкіндіріп. Дүбірлерден жатады қыр жаңарып,сілкіністер күтеді мұнда халық:қан тулаған жүректер елеңдейді,арғымақтар өткенде зулап ағып. Өмірің де шырқайтын жалқы бір ән,әуенінен өрт екпін, қарқын ұғам.Аққан жұлдыз секілді ғұмырың да,мәңгі ұшқындар қалсын тек жарқылынан! Арғымақтай өтсе де ғұмыр ағып(бұл - ежелден тірліктің сыры қанық),адам мәңгі жалғайды үміттердібір-бірінен көкпардай іліп алып. Мезгіл көші жылдарды алмастырып,өтеді өмір, менде де қалмас тұрып.Жырым қалсын жанымның ұшқынындайжүректердің үмітін жалғастырып. * * *Мен әлі нүкте де емен, үтір де емен,Қидаймын жаңбыр сіңіп түтіндеген.Шаршаймын оған қоса, адамдардыңбәрінен кесек мінез күтуменен. Ойнайтын қас жүйріктің құлағындабалаушы ем бар қазақты қыран ұлға;ой терең, жаны биік жасқанардайшың ба, әлде шыңда өсетін шынарың ба. Қапасты қақ суымен тастар көміпжүремін жұрттың бәрін аспан көріп.Төбеме аспандардан жасын түсіп,аттанып жүрем жиі мақшарға өліп. Көңіліме көп адамдар нұр құйыпты,кердеңдеп кейбіреулер мұң да ұйытты.Тауы мен кеңдігі мол мынау Жердекүтумен келем әлі шын биікті. Деп жүріп: басым шың да, сойыл денем,сезімім дариядай, ойым да ерен,өлшеппін биік пенен аласаныөзімнің жалғыз қарыс бойымменен. Бірі екем мен де көптің иық керген,бірақ та бір шындықты түйіп келгем:биікті байқау үшін өзің биікболуың керек екен биіктерден. *** Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын?Ілінген бе мойныма тұмардай мұң?Қайда барсам, сумаңдап шығады алданшұбарлана ысылдап жылан - қайғым. Жоқ соншалық өкінер, жылар ісім,мені де өмір басқадай сынады шын.Өзгелердей менің де бір басымажеткілікті секілді қуанышым. Ортақ жұртқа, маған да ғасыр пысық,елден бөлек шалған жоқ шашымды шық.Жерім аман, ел тыныш, тауым да асқақ,жалғыз маған жатқан жоқ жасын түсіп. Жарқылдамай, жанарым толар мұңғатұтқын құстай тұрғам жоқ тор алдында.Халқым қамсыз, жаны тоқ.Тегі, осы менқанағатсыз бір байғұс болармын ба? Бар сияқты менде де сана, шыдам,жығылғанды демеуге тағы асығам.Жасайын - ақ десем де бір астамдық,қорқам ардың айбалта - жазасынан. Лайық - ақ жандаймын күлімдеуге,қуануға - түріммен, үніммен де.Неге менің жүрегім тілінгендейқараймын да күрсінем жұмыр жерге? *** Шаттық қайда, ән қайда аласұрған?Түндер қайда ұйқыны таң асырған?Байланғандай тіл - аузым тұншығамыншалға тиген байғұстай шарасыздан. Күлкі қайда қытықтап шашыраған?Өрлік қайда қеле алмас қасына жан?Жанарымнан жанымды ұғынатынқайда менің аяулым - асыл анам? Күндер қайда көздерден жалын ұшқан,Өкпелескен, назданған, тағы ұғысқан?Сезім қайда жүректі алқындырып,жын ұрғандай сенделтер сағыныштан? Достар қайда - сауықтың сәні қайда?Тілеуі бір, жаны - жаз, әні майда?Қырық оянып ататын таңдар мынақұйттай, жалғыз жүректі қарымай ма?! Айдын көлден аққулар ұшқаны ма?Қайнар қайда құятын күш жаныма?Үнсіз өрлік шаттығын жерлесе де,әлі бермей келеді дұшпаныма. Тағдыр ғұмыр кештірмей малша маған,кемтар етпей, кенде етпей ар - санадан,өмір бітті. Мен кешкен сәттің бірінсезіне алмай өтеді қаншама адам...