Басы
ІІІ
Абылай ажал алысқан...
Мәңгі өмір жанға берген бе?!
Айбаты қайтқан арыстан,
Мансұрым болды шерменде.
Азапқа Мансұр төзбек те,
Қалғандай дем де санаулы.
Алақтай беріп көз көкке,
Назары маған қадалды.
Қадалды маған назары,
Көзімен көзім түйісті.
Мұңды еді неткен ғазалы,
Сырымен жүрек сүйісті.
Қамықпа, достым, Абылай,
Күндейін батып көз ілген.
Артыңнан мен боп жарық Ай,
Нұрланып келем сөзіңнен.
Сөзі оның сондай болатын,
Жадыңа берік тоқып ал:
«Әр адам болсын зор ақын,
Өнерсіз өмір тоқырар...
Жақынды найсап жат қылар,
Махаббат көлі мөлдірле.
Жабылып тістей жақ құрар,
Үш жүзді қазақ, бол бірге!..»
Жеткізген Мансұр арманын,
Әй, Қарға, саған мың алғыс.
Тұранның сен бір саңлағы,
Болдың ғой бейне қыран құс.
Ұлыға балап ісіңді,
Алсам ба-ей, сені құшақтап!
Қап-қара деуші ем түсіңді,
Құс екенсің ғой іші аппақ!
Әй, абыз Қарға, хан Қарға,
Мансұрдың сенсің көзі шын.
Жеткіздің атар таңдарға,
Бабамның асыл сөз, ісін.
Әй, Қарға!..
Ұлысымды оңғар батаңмен,
Дәметіп дұға қол жайдым.
Бие емес, бізге атан бер!
О, Құдай, берме сор, қайғы!..
Қарға айтты: «Қарға тамырлы,
Мансұрдай қазақ туған жер,
Бола түс құтты, қадірлі,
Жаңбырмен жүзін жуған бел!
Асырсын Құдай бағыңды,
Ұлтым деп жанған ұранды ер!
Маздатсын мәңгі шамыңды,
Тобалы, текті, Құранды ел!
Тұранға жалғыз Тәңірлі,
Туралық тұнған жыр-ән бер!..
... «Әумин» де, АЛАААШ, «әумин» де!».
.... ӘӘӘУМИН!!!
… Қааарығқ, қааарығқ!!!
Жалғасы бар
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: fresher.ru