- Негізгі бет
- Поэзия
- Бәрінен бұрын бақытым...
Бәрінен бұрын бақытым болшы...
Бүгін сіздерге жас ақын Ерғали Бақаштың шығармашылығынан бірнеше өлең ұсынып отырмыз. Сыршыл ақынның сазды да назды өлеңдері жүректі әсем әнге бөлейді. Дүниені жырлаудан танбайтын жас таланттың Алматыға деген махаббатының куәсі боласыз.
Жүрегім
Мауқымды басар сағынышым болшы,
Қаласаң күнде барайын.
Мұңая қалсам, қуанышым болшы,
Жар ғылып сені алайын.
Жүрегімді өртер шабытым болшы,
Дүниені жырлап өтейін.
Келмеске кетсем, табытым болшы,
Құшақтап сені кетейін.
Қайта оралмайтын жастығым болшы,
Есіме ап күнде күлейін.
Жана алмай жатсам, оттығым болшы,
Лапылдап өшпей жүрейін.
Асқақтап кетсем, ақылым болшы,
Сабама түсіп ойланар.
Бұл өмірдегі жақыным болшы,
Көңілім сонда жайланар.
Алтыннан құнды жақұтым болшы,
Тек өзің ғана тірегім.
Бәрінен бұрын бақытым болшы,
Кеудемде соққан жүрегім
Өлең іздеп...
Жаңа жырым соңғы өлеңiм сияқты,
Ауыр ойдың шүңетiне батамын.
Көздiң жасы ақ қағазға жиi ақты,
Түнiменен құры аунап жатамын.
Жыр оқуға таласамыз кiлең дүр,
Жүрекжарды ғазалымыз мазалап.
Өзiмдi-өзiм келеке ғып күлем бiр.
Танаулаған безеу беттi ағалап.
Не iстеймiн, заманым сол құбылған,
Тегiн ақыл айт маған.
Кiл жас ақын Алматыда шұбырған,
Қиындықтан қайтпаған.
Өлең iздеп келдiк саған Алматы,
Құшағыңды аш, жатсынба!
Шайырлардың Отаны һәм жаннаты,
Үнсiз тыңдап жатсың ба?!
Сурет: 5dreal.com
Л. Лига