Бағлан Манабаев 1999 жылы дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тумасы. Өмірдің қатал тағдырына мойымай өз өнерімен талайды тәнті қылған жас өреннің өлеңге деген құштарлығы да бар. Тегінде арбаға таңылса да, арбадағы бимен айналысып, бір емес бірнеше бас бәйгені алған. Бүгін жас бишіні жаңа қыры, яғни ақындық жағынан да танып отырмыз. Суретте Бағлан Шапағат Өкініш-тен өтініш Кешір мені егер де кешіре алсаң Жүрек жылап кетеді есіме алсам Қадіріңді түсінбей түсіне алмай Кете бердім өзімді өзім алдай Құр елестің соңына еріп кеттім Сезімімді өзіңе беріп кеттім Сенсіз мынау жалған да жарығым-ау Өзге түгіл өзімнен жеріп кеттім Сынағына баладым тағдырымның Өзің жоқта өзгенің барлығы мұң Көзім соқыр болғанба сірә менің Сендей сиын көрмеген тағдырымның Өткен күндер есім де алі менің Тым қараңғы көрінген төңірегім Армандайтым жан едім жалғыздықтан Құтқаршы деп Құдайым құдыретім Сезе алмады қайтейін сірә жаным Ұмытылып кеткенін жылағаным Орындалған арманның арасында Көрмеппін-ау барын да бір адамның Түсіне алмай тағдырдың тылсым күшін Жалғыздықтан тағыда күрсінді ішім Сенсіз жарты жапырақ жүрегімді Талқандасын тағы дүр сілкіндірсін Керегі жоқ күлгені көздерімнің Керегі жоқ құбылып өзгерудің Керегі бар бірақта мына маған Өлім атты өмірдің тез келудің Бұл менін окініштен өтінішім Ұнатпа сен өзгені кету үшін Сезімнің сынығынан құратылған Берік болсын жаным-ау бекінісің. Қайран елім қазағым Өзге түгіл өзімнен де кызғанам Қарындасым әр-бір қазақ қыз маған Таңғаламын бұл күндері таңырқап Бауырларға жүректері мұздаған Еріп кетіп ессіз ғана біреуге Ұл-қызымыз клубтар да түнеуде Ақша үшін арын сатып алаңсыз Қазағымның қарсы алдын да билеуде Өзге емес бәрі өзімнің қазағым Осы болды жанға салған азабың Арман болған жәннәтіңді ұмытып Көрсеттіңдер бұл өмірдің тозағын Намыс қайда, қайда кәне журегің Бірің батыр ал біреуің бөрі едің Бұл күндері батыр да жоқ бөрі де Қылмаңдаған қу түлкіні көремін Жылағанға жаны ашып жүретін Таппай қалдық бұл күндері біреуін Сүрінгенге себепсізден себепсіз Хәлге жеттік енді міне күлетін Оян қазақ қара біраз маңайға Өз өзіңді жұлып жеуің оңай ма Жүлмалаған жетесізден жағаңды Қазағыңды құтқар қане қалай да Ұрпағыңның ертеңіне қарайла Мазақ болып жүрсін бе әлде талайға Елі үшін ер боп туған сен болсаң Бауырым сен соны ойла. Жат біреумін Сен үшін жат біреумін Өзіңнен өзге менің жоқ тілерім Өзіңе таңдап алсаң өзге бір жан Өзіме емес өзіңе бақ тіледім Білемін сен үшін жат біреумін Жүрегіме кірдің де таптың емін Жараланған жанымның тәтті шері Тек өзің деп білемін Түсінемін сен үшін жат жүрегім Жастанып-ап жыладым жаттың кебін Түн келген де тынымсыз төңірегім Өзің жайлы ойларға көмілемін Себебі мен сен үшін жат біреумін. Өкпелі емеспін өмірдің сынағы Құласа құласын көңілдің шынары Жыласа жыласын жанымды қинасын Жылама тек қана сен ғана қимасым Егілсін төгілсін көзімнің жастары Қиылып қараймын қаламай басқаны Желінсің жеңілсін жүрегім сезімсіз Өмірден таппаймын өзімді өзіңсіз Түнерсін төмебнен қара бұлт құйын боп Төзімсіз өзіңсіз қиыннан қиын жоқ Жапырып жалмасын жанымның барлығын Өзіңсіз өмірде жалғызым түйін жоқ Кетейін келмеске қолыңнан уу ішіп Бақыттың байлықтың барлығы құрысын Бәрі бір кетерміз бір күні мәңгілік Жүремін қашанғы тынысым тарылып Періште қыз Іздеумен үздігіп алыстан Ақ бұлтпен ақ таңда жарысқам Ай-күннен сұрадым сен жайлы Жүрме деп сол сұлу ғарышта Жеті қат көкті де шарладым Өзіңді табу еді арманым Сатурн,Юпитер,Марс-та Жарқыным бірақ сен болмадын Бұлт үсті барлығын барладым Ілініп қалардай қолдарым Ақ кептер соңынан өзіңе Жаным ау сәлем хат жолдадым Таулармен теңесіп кеңестім Үздіккен үмітім үзіліп Іздесең жерде жүр деді ол Күмәнсіз екенін білдіріп Кеудемді жерге әкеп тіредім Тапқандай сыңарын жүрегім Мекенің мәлімсіз болғаннан Бір жылап бір демде күлемін Аяғым тиместен еңіске Шарладым шарқ ұрып жер үстін Өзгенің сөзімен келіспей Жүректің ойымен тең түстім Алыстан іздеген асылым Жер кезіп жанымда жүрсің бе Жаратқан жаныма сыйлаган Сен екен жердегі періште. Күздің таңғы нөсері Құйып тұрды Кімдер кетті тағы да Қиып кімді Сезім үшін баз кешкен Бақытынан Біреуі үшін біреуі Биік тұрды Тереземді тынымсыз Ұрғылады Кімдер күліп тағы да Кім жылады Қыршыныңнан қиылып Кеттіңбе екен Күз келген де үзілген Гүл сыңары Сұлулықтың тапсаңда Ең үздігін Бұрынғыдай болмады Бірақ бұның Жасырып ап жаныңа Жан жараңды Жарқыным ау сен тағы Жылап тұрдың Өткен өтті ендігі Оралмайды Бола алмайды бақыттың Таңы арайлы Сол бір шақты қайтару Мүмкін емес Алдасаңда жарқыным Сараң байды. КЕЛДІҢ ДЕ КЕТТІҢ Жып-жылы жаңбыр себелеп Сырғанап түсті көзден мұн Тағдырдың тартқан тартуы Болдың да кеттің өзгенің Үзіліп түсті үмітім Өзекті өртеп жалынға Өкінсеңдағы өкпелеп Өткенді жаным сағынба Жапырақ толы сары күз Сезімге салды сазды әуен Келдің де кеттің көктемім Сары-ала күзде Қаздармен Айларға салып күндер із Көктем де жетті іздеген Күттім де қойдым Күлше қыз Күздегі күрең іздерден Оралды көктем келді қаз Өзіңсіз бірақ өткенім Өзіңе жетем деп бірақ Таппадым өмір өткелін Сен Сен көктемсін Ғашық ем көктемге мен Сен шуақсың Мен болсам жасыл емен Сен булақсың Мен дағы жас шыбықпын Сенен ғана нәр алам Өсіп өнем Сен нөсерсің Мөлдірі тамшы мұңнын Сен себебі Күн кешкен тағдырымның Сен кейіпкер Тарихи жанрымның Сен режиссер Мендегі бар мұңымның Сен қиялсың Түндерде түсімдегі Сен елессің Күндерде күрсінбелі Сен алау от Ыстығы басылмайтын Сен бакытсың Бағыма бас ұрмайтын Сен сағымсың Сағымдар арасында Сағымдармен шамам жоқ Таласуға Сен сарынсың сары ала қаздарменен Сезім деген қоншы кеп Ала суға