Әріби-Әрібек Дауыл 1989 жылы Өр Алтайда өмірге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Филология, Әдебиеттану және Әлем тілдері факультетінің 3-курс студенті. «Әриям» атты жыр жинағының авторы.
Қорлану мен күйіну
Жалында жастық, шалықта көктемім,
Тұсаулы таймын, тарыққан ед демім.
Қара шаңыраққа бізден сәлем айт,
Шығыстың желі, алып бар өктем үн!
Шөпке байланып шырылдап тұрмын,
Торғай боп саған қалықтап өтпедім!
Ей, есті Ертіс, сенімен еріп,
Семейге сал боп ағып та кетпедім...
Алыппын десем балыққа жетпедім.
Хош, туған жер
Шымырланып шалғымен шалғын жығып,
Асауыңның аузына салдым жырық.
«Отанымда ойнақтап жүрсем» – дейді
Белі берік, басы бос балғын жігіт!
Кезікпеді көркемге серің не бір,
Көсіп арнап кез келген керімге жыр.
Көрген жоқпын көз сатып тегінге құр.
Алынбады ашылып терімде бір.
Ата, сенің шөберең белімде жүр,
Ана, сенің келінің елімде жүр.
Мені керек шығар-ау аспаққа асу
Қылмысым: туған жерін тастап қашу.
Сабыр аға, мұныңыз бастапқы ашу.
Менің балам жат жердің жәннәті емес,
Өз жеріңде ұсқынсыз тастақта ту!!
Кетпей қойды туған жер естен менің,
Жарық көріп, кіндікті кескен жерім.
«Торға түспес қаршыға кешкен жемін».
Соны ойла, сен меннен сескенбегін.
Кердең тау кеудесінде киік ойнаған,
Бұйырған басыңнан да биік ой маған.
Аңсарым ақ аязың сүйек қарып
Іңкәрмін ыстығыңа ми қайнаған!
Ізім қалсын бетіңді шимайлаған
Қимай барам Туған жер, қимай барам!!
Алғашқы арман
Мен мынау мұңлы
Үмбеттерменен үндес ем,
Үйте алмағанда «үнді» болып та жүрмес ем.
Қазағым менің, санамда жүрсің күнде сен,
Құлқыным емес,
«қара орманым» деп күн кешем!
Мысты да біреу атайды-ау,
білмей «алтын» деп,
Атама шалды оты бар болса «баршын» деп.
Жырыммен елге соқтырам
самал салқын леп,
«Өзім» деп тусақ
өлмекпіз енді «халқым!» деп.
Түбінде
Бұлағының бөксесі бұлтыңдаған,
Әйтеуір сыршыл маған сылқым далам.
Қылышымды серт ұстап қылшылдаған
Тұрғанымда буынды босатады
Жылылықтар жүректі шым-шымдыған.
Көңілімде көк тұман, көз ілемін,
Көзімді ашып көргенім өзің едің.
Уақытша естілмес сөз-лебің,
Түбінде, түбінде бір кезігемін.
Төгілседе төбемнен теңге тегін,
Алатауға аз күнде мен кетемін.
Көргенінен жазбайтын соқырдайын,
Қырсығы мол, қыз жақпас пенде екемін.
Ұжымақтан ұнамды ең бізге неден?!
Жүрек жанып таусылсын сізге деген.
Ауған жүкті басқандай бақыт сыйлар,
Жерден сенен басқа қыз іздемегем.
Қояндай қор боп
Көкіректерін күйік кернегендер,
Ашына жырлап биікке өрлегендер.
Отанның ұлы бола алмақ па екен?!
Сүйіп көрмегендер.
Қояндай қор боп қарсақ талаған,
Өзің деп жүдеп аңсап талады ән.
Басына теуіп бүйректей көрсеңде
Жүрегім сенен алшақтамаған.
Қар – махаббат орманының жапырағы
Ғашықтық – қайтпас көңіл, қанбас құмар,
Талабы тойтарылса – талмас шыдар.
Осылай сүйем десем нанбас бұлар...
Жүрегімді жаныма жалғастырар
Әриям - Аллам берген ақ перімді,
Есіме сен түсірдің алғашқы қар!!
Өзіңсіз өтер менің зорға күнім,
Қолдасаң қиялыңның қорғанымын.
Қарағым, сезімді оят, қозға бүгін!
Ақ махаббат ауласы аспандағы,
Арасында ғашықтар орманының
Қарағым, сезімді оят қозға бүгін!!
Тұлпардай теуіп салған тастарға да із,
Қызды сүйген жалындап жастарда біз.
«Қар» деген қурап түскен «жапырақ» қой,
Сезім жауар келгенде аспанға күз!
Сен сүйтіп сезіміңді селдете бер,
Мені мұзға тастағың келмесе егер.
Алты қырлап жапырақ жасаймыз біз,
Сезінсек сен де шебер, мен де шебер.
Адамдарға «махаббат үйренсін» деп,
Сол орман жапырағын жерге төгер!!
Сол қар жауып ақ тау ғып арман үйген,
Арманды баста жырмен, жалға күймен!
Маужыратып мезі қылар ыстық емес,
Қарақ, шын махаббатты қардан үйрен!
Қыпшақ қызы
Сахара түнге көмілген,
Түнменен бірге көрінген,
Жұлдыз бен айым гүл қыздар!
Аламын күшті бір шабыт,
Көктемде гүлдегеніңнен,
Сүйейін мұңлы көзіңнен,
Қайтейін күлген еріннен.
«Мен» дер әніңе сал бүгін!
Сағынған сені кеудемде,
Кісінер жалғыз жан құлын.
«Сағыныш- құлын» кеудемнің,
Қабырғасынан қарғыдың.
Сарыарқаның сызып сары құмын,
Өскеменіңе жет аңсаған,
Алтайдың тапта шалғынын.
Алдыңнан күтіп алады
Баладай жүрек балғыным!
Тәлейіңді тап тағдырым!!
Оралхан туған Алтайдың,
Талына белгі байлайық.
Ертісің менен Ұлбаның,
Суына сүңгіп ойнайық.
Тауында гүл ап тосып тұр,
Бұлбұлмен біз де сайрайық.
Бұйра бас аққу боп барам,
Жайсаңның көлін жайлайық!
Қиялың салса құс бедер,
«Мен» деген көңілің ұшса егер,
Тұңғыш танысқан тұсқа кел,
Қыпшақтың қызы қыпша бел!
Ұқсас жазбалар:
Әріби-Әрібек Дауылдың екі өлеңі
Жас ақындар жыр оқыды жалындап
"Жез қоңырау" жайында бірер сөз
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: Өмірбек Сансызбай