- Негізгі бет
- Поэзия
- Арал мұңы: Экологиялық...
Арал мұңы: Экологиялық жыр. Айтуар Сабыров
Фото:
massaget.kz
Аралдың тартылуы бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатып отырған мәселелердің бірі. Бұл табиғи апат мыңдаған адамның тағдырын өзгертіп, теңіз жағасын мекен еткен елдің мұңына айналды. Ол мұң кейде ақын, жазушы, сазгерлердің шығармалары арқылы өзге жұртқа жетіп жатады. Назарларыңызға жасындай жырларымен жарқ етіп, 70-жылдардың ортасында әдебиет әлеміне із салған Айтуар Сабыровтың "Экологиялық жыр" атты өлеңіне түсірілген видеомызды ұсынбақпыз. Туынды Массагет тілшілері мен "QazaqGeography" ұйымының Арал теңізіне жасаған 20 күндік экспедициясы аясында дайындалды.
Y. Almabek