Алматылықтар Олжас Сүлейменовтың өлеңдерін тыңдады

Алматылықтар Олжас Сүлейменовтың өлеңдерін тыңдады

Кеше, яғни, 2012 жылдың 13 желтоқсан күні Алматыда "Альянс банкі" АҚ ұйымдастыруымен Олжас Сүлейменовтың "Ақын құдай сияқты әдемі болу қажет..." атты өлеңдер жинағының шығуына байланысты шығармашылық кеш өтті.

Бұл шараға "Альянс банкі" АҚ және "Литературный Альянс" ӘҚ қолдау білдіріп демеушілік еткен. Кеш Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі Бақтияр Қожаның монологымен ашылып, "Арти и шок" театры дайындаған перфоманстармен жалғасын тапты. Театр режиссері - Галина Пьянова.

ва

ва

ва

ва

ва

ва

ва

Бұл кештің ең басты оқиғасы Олжас Сүлейменовтың таңдаулы өлеңдерінің сахнада оқылуы болды. Бұндай кездесулерді ақын оқырмандарымен бірнеше жылдан бері өткізген жоқ.

ва

ва

ва

ва

ва

ва

ва

Мерекелік кеш белгілі музыкант Арман Мұрзағалиев пен камералық оркестр орындаған Чайковскидің "Флоренциядан базарлық" атты шығармасымен аяқталды. 

ва

ва

Жиын соңында сөз алған "Альянс банкі" АҚ Басқарма төрағасы Мақсат Қабашев бұл шара туралы былай деді: "Дүние жүзіне әйгілі отандасымыз Олжас Сүлейменовпен кездесу мүмкіндігіне ие болған поэзияны құрметтеушілер үшін қуаныштымын. Осылайша біз бірнеше жылдарға үзіліс алған ақынның өз бас июшілерімен дәстүрлі кездесуін қайта жаңғырттық. Жерлесіміз, әйгілі музыкант Арман Мұрзағалиев пен бірқатар белгілі театр өнері әртістерінің қатысуы мерекелік кешке өнер фестиваліне лайықты көлем берді. Әрине алдағы жылда біз осындай кездесулерді, концерттерді және де тағы басқа мәдени іс-шараларды өткізуге тырысамыз".

Кештен арнайы Массагет.кз үшін: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: ©Еркебұлан Қайрахан

Massaget